"Асыл" тобының экс-әншісі Ғалия Мұратова тұңғышын дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Baistars.kz. Ғалия мен әнші әрі актер Ален Самыкеновтің шаңырағында ұл бала өмір есігін ашты. Өткен жылдың қазан айында тұрмысқа шыққан Ғалия өнерден қол үзіп,топтан кеткен болатын. Ол кезде әнші мұндай жаңалықтың себебін Ғалия былай деп түсіндірді: «Топтан кетейін деп жатқан себебім, тұрмыс құрдым. Құдай қаласа, ана атанайын деп жатырмын, сәбилі болайық деп жатырмыз. Сондықтан, әзірше топтан кетуді шештім».
Айта кетейік, Асыл тобы 2008 жылы Ғалия Мұратова, Ақерке Бүркітбай, Анар Аязбаева сынды қобызда шебер ойнап қана қоймай, әнді де нақышына келтіріп айтатын қыздардан құралған болатын.