"Студенттік шағымдағы үлкен қателігім": Саят Әбенов науқас баласын тастап кетті дегендерге жауап берді

"Студенттік шағымдағы үлкен қателігім": Саят Әбенов науқас баласын тастап кетті дегендерге жауап берді

Торғайлық ақын Саят Әбеновтың экс-әйелі Алтын Асабаева "Астарлы ақиқат" бағдарламасына қатысып, науқас баламызға көмектеспейді деп бұрынғы күйеуіне бағдарлама басында ренішін жеткізген болатын.
Осыған байланысты ақын өз ақиқатын айтып берді.

Бұл туралы ол instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Жеке өмірім жайлы емес өткен өмірім жайлы айтып берейін. Концертіме дейінгі концерт осы шығар. Әйтпесе ішіме сыймай кетті. Жалпы сыртым күліп жүргенмен ішім мұңға толы. Біреу сезінер, біреу сезінбес. " Бақытсыз неке" деген туындымды оқыған кісілер түсінген шығар?! Студенттік шағымдағы үлкен қателігімнен бастайын. Ойда ештеңе жоқ, жұрт құсап қызбен жүрейік деп жатақханада махаббатқа ерік бердік. Содан бір қызбен жүре бастадым. Кейіннен ұрысып қалып қайта қауыштық. Қауышқан күн - біздің өмірімізді өзгертті. Арада екі апта өткен соң " жүктімін " деген хабар айтты. Ол кезде отбасы құруға деген сенімі аздау жаспын. Бас тартсам анасы арызын дайындап отыр. Ал әкесі (дтсп) ауруымен ауырып ертеректе қайтқан екен. Содан жүрек қаламаса да қыз ұзату тойы өтті. Қыз ұзату тойында анасы (енем) мынадай тілегін жеткізді " бұл қызымды бұған бергенше басқа жігітке беруім керек еді. Жарар, өздері білсін " деді. Сол тілегі әлі күнге дейін көкейімде. Не болса да жұртқа күлкі болмайық деп үйлену тойын жасадық. Содан арада уақыт өтіп дүниеге ұл келді. Сәбидің еш жазығы жоқ қой шыны керек сәбилі болғаным үшін қатты қуандым. Ол қуанышымыз бірақта ұзаққа созылмады. Бір күні оқуда жүріп үйге хабарлассам екеуі кетіп қалды дейді анашым. Неке сақинасын өткізіп өз ауыланан бір-ақ шыққан екен.(Ол кезде жалдамалы лашық үйде тұрамыз. Жағдайымыз өте нашар. ) Енді отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Олай дейін десем де мен басқа қалада оқуда жүрмін. Жағдайдың төмендігінен кеткен шығар деп ой түйдім. Хабарлассам көтермейді. Тым болмаса ұлыммен сөйлестір десем де көнбейді. Содан қатты қиналып кеттім. Ата-анам мен туыс-туғандарым жұбатып әйтеуір басу айтты. Бауыр басып қалған да қиын екен. Ақыры үмітім үзіліп оралмасына көзім жетті. Басқа өмір жолын бастап мен де өз жөніммен кеттім. Алланың берген бағы - ақындығым жаныма серік болды.Мені жеке өмірім тастап кетсе де жеке өнерім тастаған жоқ. Содан арада біраз жыл өтіп атым шыға бастағанда хабарласты. Ол кезде бәрі өзгерген. Өйткені басқамен тұрмыс құрған екен. Бірақта оның күйеуі жол апатынан көз жұмыпты. Содан бір баласы бар. Екі баламен қиналып кеткен соң әлиментке арыз беріпті. Әрине ұлым үшін төлеуге дайын болдым". - деп сөзін жалғаған ақын әрі қарайғы ойын жазған постын өшіріп тастаған.

Ақынның бұл айтқандарын көпшілігі ақталуға балап, оны жерден алып жерге салды.

"Сүймесең қыздың пәктігіне тиіспеуіңіз керек еді", "Студент кезіңізде сол қызбен жүрдіңіз ғой. Егер жүрегіңіз қаламаса неге онымен жақындастыңыз? Аяғы ауыр болмаса бәрін істеп алып, тастап кете бересіз бе?" "Алиментке біраз жылдан соң беріпті, бермесе оны да төлемес едіңіз. Бала маңызды болса осылай қателік жасадым сүймедім деп ел алдында ақталмай, балаңызды аяққа тұрғызар едіңіз", - деп жазды желі оқырмандары. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста