Балғынбек Имаш айтыс кезінде сахнаға жылан алып шығып, қасында отырған әріптестерін шошытты. Айтыскер жәшіктен жыланды алып шыққанда, нәзік жанды ақындар орнынан тұра қашқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айтыс кезінде орын алған қызықты оқиғаның сәті әлеуметтік желілерге тарап кеткен.
Бейнежазбадан Балғынбек Имаштың алдында тұрған жәшіктен жылан алып шыққаны көрініс табады. Оны көрсе сала екі айтыскер ақын қыз жан-жаққа қаша жөнелген.
Балғынбек болса жыланды мойнына іліп алып, айтысты жалғастыра берген.
Аталмыш видео желідегілер арасында қызу талқыға түсіп, көпшілікті күлкіге қарық қылған.
Кейбір оқырмандар айтыскерлерді қазақтың төл өнерін шоуға айналдырғаны үшін сынға да алып жатты.
"Айтыстың да мәні жоқ болып бара жатыр ғой" , "Балғынбек клоун болып кеткен ба" , "Өлдім күлкіден" , "Айтыс та шоу болған ғой" , "Ақындар да еліктеп, шоу жасайтын болған ба?" , - жеп жазуда көпшілік.