Шоқан Құсмұрында емес, Қызылжарда туыпты!

Шоқан қайда дүниеге келген? Оқулықтарда қазіргі Қостанай облысына қарасты Құсмұрын бекінісінде туғаны жазылған. Бірақ кейбір ғалымдар Шоқанның кіндік қаны тамған жер – Солтүстік Қазақстан облысының Сырымбет ауылы екенін алға тартып отыр.
Соңғыларының дәлелдері де салмақты. Бұл тақырып Қызылжарда Шоқан Уәлиха­новтың 175 жылдық мерейтойына орай­лас­тырылып өткен ғылыми-тәжірибелік конференция да талқыланды. Конферен­ция­да сөз сөйлеген Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік универ­ситеті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Қадыржан Әбуев «той тойла­ғаннан гөрі, ғалымның биографиясындағы ақтаңдақтарды анықтаумен айналыс­қанымыз жөн еді» деген пікір білдірді.
Қадыржан ӘБУЕВ, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі:
–    Шоқан Құсмұрында туды деген деректі Әлкей Марғұлан келтірген. Бірақ бұл қате. Себебі, Құсмұрын бекінісі Шоқан туғаннан кейін тоғыз жылдан кейін ғана салынған екен. Демек, ғалым онда дүниеге келуі мүмкін емес. Ал Сырымбетте туғанды­ғы туралы тарихи мәліметтер өте көп. Бұл туралы мен Шоқанның 150 жылдық мерейтойына арналған конференцияда айтып едім, содан бері 15 жыл өтті. Ешқандай өзгеріс жоқ.

Тарихшылар Шоқанның артында ұр­пағы қалуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Және ол құрт ауруынан өлді дегенге де күмәнмен қарау қажеттігін айтады. Орыс мемлекеті оны улап өлтірткен деген пікір де әлі дәлелдеуді қажет етеді. Осындай күмәнді мәселелер конферен­цияда көптеп көтерілді. Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институ­тының директоры Саттар Мәжитовтің айтуынша, мерейтойлық шаралар Қызы­лордадан бастау алып, Көкшетау, Семей, Қостанай, Омбы, Алматыда жалғасып, Қызылжарда соңғы нүктесі қойылғалы отыр. Мерейтойлық шараға ғалымның ұрпағы Шота Уәлиханов, қоғам қайраткері Кәкімбек Салықов және Саттар Мәжитов бастаған шоқантанушылар қатысты.
Шота УӘЛИХАНОВ, ҚР Құрметті сәулетшісі, профессор:
 – Шоқанға көрсетілген құрмет оның жазғандарын кітап қылып шығару болатын. Бұл әлі аяқтала қойған жоқ, бірақ 4-5 томдық еңбектері шықты. Ол өзі көп жасамаған ғой, не бары 30 жыл өмір сүрді. Уақыт алыстаған сайын, Шоқан ортамызға жақындап еніп келеді. Оның аты ешқашан ұмытылмайды.

Қызылжарға келген қонақтар ғалым­ның ескерткішіне гүл қойды. Одан кейін Н.Погодин атындағы театрда «Шоқан Уәлиханов» деп аталатын спектакльді та­ма­шалады. Мерейтой Сырымбеттегі Шоқан­ның әжесі Айғанымның қонысында жалғасты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста