Шопен шеруі – Ақтөбеде

Шопен шеруі – Ақтөбеде

Поляк ұлтының мақтанышы, әйгілі композитор Фредерик Шопеннің туғанына биыл – 200 жыл. Композитор, фортепьяноның хас шебері болған музыканттың мерейтойы ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтпек. Сол шаралардың бір парасы Ақтөбеде өтті.
Ғ.Жұбанова атындағы облыстық фила­р­­мониядағы концертке Польшаның Қазақ­стандағы бас консулы Веслав Осуховски келіп, арнайы қатысты. Ақтөбелік өнерпаз­дар Шопен шығармаларының ең озығын орындады. Олардың шеберліктері бас кон­сулдың өзін тәнті етті.
– Жас орындаушылардың өнері таңғал­дырды. Филармония залының акустикасы да керемет екен. Шопеннің құнды туын­дылары қазақ сахнасында орындалғанына қуаныштымын және алғысым шексіз. Ком­позитордың өзі болашақта осындай құр­мет­ке ие боларын білмеген шығар. Бүгінгі концерт қазақ және поляк ұлтының мә­де­ни-рухани байланысын нығайта түсетін шара болды. Лық толған залға қарап, Ақ­төбе жұртшылығының классикалық музы­каға ден қоятындығын байқадым. Әрине, бұл халық талғамының өте жоғары екен­дігін көрсетеді, – дейді Веслав Осу­ховс­ки. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филар­мония залында камералық хор Шо­пен шығармаларының таңдаулыла­рын орын­дады. Оның ішінде Фредериктің әлем­ді мойындатқан прелюдиялары, этюд­­тері, ноктюрндері мен мазуркалары да бар.
Консул алдағы уақытта әр аймақтың өнерпаздарын қосып, елшілікте ұлы ком­по­зи­тордың мерейтойына арналған кон­церт ұйымдастыру жоспарланып отырған­дығын айтты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста