Кеше Назарбаев Орталығында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақ Елі» монументінің авторы, мүсінші Сембіғали Смағұловтың көрмесі ашылды. Іс-шара суретшінің 50 жылдық мерейтойына орайластырылған. Назарбаев орталығының баспасөз қызметі хабарлағандай, көрмеде автордың мүсін, көркемсурет, графика жанрында орындаған 50 туындысы көпшіліктің назарына ұсынылады. Сонымен қатар шара аясында «Сембіғали Смағұлов» атты суретті альбомының тұсаукесері өттті.
Сембіғали Смағұлов – белгілі қазақстандық суретші және мүсінші. Биыл сәуір айында Қытай астанасы Бейжің қаласында өткен халықаралық суретшілер форумында «Күллі әлемдегі бейбітшіл суретші» құрметті атағын иеленген. Суретшінің туындылары қазақ халқының ұлттық жетістігі саналып, еліміздің жетекші мұражайларында қойылған. Ал автордың студент кезінде салған «Менің әкемнің аттары» шығармасы Мәскеу қаласындағы шығыс халықтары музейінде сақтаулы тұр.
Смағұловтың суреттері сөйлейді
Последние статьи автора