Сиви Махмудидің ұтысқа қойған көлігі кімге бұйырды (видео)

Отандық танымал әнші Сиви Махмуди өзінің аса бағалы Mercedes көлігін ойнатып, оны ұтысқа ие болған адамға табыстады. Өнер иесінің қымбат маркалы темір тұлпары жас қызға бұйырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сиви Махмуди өзі ұйымдастырған ауқымды ұтыстың басты сыйлығы бағалы автокөлікті жаңа иесіне берді. Шоу-бизнес жұлдызының желідегі ұтысында бақ сынаған көпшіліктің ішінен Mercedes көлігін Ләззәт есімді ару мініп кетті.

Бұл туралы эстрада жұлдызының өзі Instagram парақшасы арқылы хабарлады. Ол бойжеткенге темір тұлпарды табыстау сәтінен видео жүктеп, жеңімпазды жеке құттықтады.

"Аллаға шүкір, аман есен көлігімізді тапсырдық. Жас қыз ұтысқа ие болды, жалғыз өзі келген болатын, кейін ағаларын жұмыстан жүрген жерінен шақыртып алды. Болған жандар шынайы өткені жайында пікірлерінізді жазсаңыздар. Құттықтаймын" , - деген жазба қалдырды Сиви Махмуди.

Видеодан қымбат маркалы көлікке ие болған арудың қуанышына қойнына сыймай тұрғанын аңғаруға болады. Желідегілер жас қызды ұтысымен құттықтап, әншіге деген жылы лебіздерін білдірген.

"Жарайсыздар, әділ болды" , "Бақытты болыңыз Сиви, қарындас жаңа көлігің құтты болсын" , "Құттықтаймын, жолда абай бол. Сиви ханым сізге рахмет" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Сиви Махмуди күйеуінен айнымайтын қызын көрсеткенін жазған болатынбыз.

Оған қоса, Меруерт Түсіпбаева Сиви туралы қаншалықты және не себепті өзгергенін айтты.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста