Шежіре – шынайы тарих бастауы

Қазақ тарихын оның шежі­релер тізбегінсіз бүтін­деу мүмкін бе? Әрине, жоқ. Тек осы шежіреге жеңі-желпі, атүсті қарап, ру­шыл­дық ауруын қоз­ды­ратын вирус сияқты үрке қарап келе жатқанымыз рас. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп есептей­тін қазақ үшін шежіре – стра­тегиялық бағыттағы тәр­бие болғанына терең мән бер­мейтініміз өкінішті. Біз­діңше, шежіре – қан таза­лығын сақтауда, туыс­тық қарым-қатынасты күшей­туде маңызды орын алатын және елдік пен ерлік­ке үндейтін бірден-бір құрал. Әрине, ат төбеліндей аз ғана қазақты «жіліктеп», «бөліп» бүлік салуға шақы­ратын менменшіл сипат­тағы еңбек­терден Құдай сақ­тасын! Керісінше, хал­қы­мызды біріктіретін, ынты­мағын арттыратын, берекесін келтіретін дүние керек.


Бәріміз бір қазақтың баласы екенімізді, үш жүз бен оған жатпайтын басқа да тайпалардың басы біріккенде ғана жұмыл­ған жұдырық болатын күш екенімізді дәріп­теуге құлшынбай жатқандаймыз бү­гінде. Әрине, Кеңестік кезең дәстүр сабақ­тастығын, тарихи, ұлттық құндылықтары­мызды үзіп тастады. Содан да болар, бү­гінде Тәуелсіз Қазақстанда шежіре жазуда бірізділік жоқ, шежіретану әлі толық ғылым болып қалыптаспай жатқандай. Әр қазақ­тың өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты болатынын білеміз. Түптеп келгенде, мұның өзі Алаш жұртының арасын жақындатып, кез келген қазақты бір-біріне туыс етіп шығару үшін ойластырылған шебер қағида. Қарға тамырлы қазақпыз, кездесіп қалған екеудің сұраса келе «е, құда екенбіз» немесе «өй, нағашы» болмаса «бауырым» екенсің деп шығатын бауырмал мінезі отбасында осы шежірені дұрыс таратып, түзу тәрбие берудің нәтижесі. Ендеше, төл шежіремізді тамырымызға сіңі­ріп, бірлігімізді бекемдейтін құралға айналдыру үшін қайтпек керек, неден баста­ған ләзім, нені ескермей жатырмыз? Міне, осындай сауалдарға жауап іздеген Шәкә­рім атындағы Семей мемлекеттік универ­ситетінің басшылары «Шәкәрім Құдайбер­ді­ұлы – шежіретанудың негізін қалаушы» республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Жиында көрнекті ғалымдар жалпы отырыста «Шәкәрім Құ­дай­бердіұлы және шежіретану мәселе­ле­рі», «Шығармаларын Шәкәрім оқыған Ос­ман­лы-түрік тарихшылары», «Мәшһүр Жү­сіп Көпейұлы жазбаларындағы деректер және Ш. Құдайбердіұлы шежіресі хақын­да», «Тобықты-Шыңғыстау шежіресі Шәкәрім шежіресінің заңды жалғасы» сияқты баяндамалар оқып, көпшіліктің қызығушылығын туғызды. Қазіргі шежіре­лердің кейбіреуі тойлардың қарсаңында асығыс, ғылыми деректермен тексерусіз, тарихи тұрғыдан талдаусыз баспаға шығып жатады. Рас, шежірені арғы түркі халық­тарының тарихынан таратып, қазақ хан­дығының қалыптасуы арқылы, сосын барып жалпыдан жалқыға кететін, Абайша айтқанда, «бір қазақты бір қазаққа дос» етуге талпынған туындылар бары да қуан­тады. Жиналғандар жалпы отырыстан кейін секцияларға бөлініп, «Шежіре – қазақ халқы тарихының дерек көзі», «Шә­кә­рім шежірелерінің тарихи орны», «Шежі­ре және әдеби шығармалар» атты тақы­рып­тарда жасаған зерттеулерін жария етіп, пікір таластырды. Конференцияда бабалар мұрасын сол даналарымыздың жолымен жүру арқылы халқымызға да, қоғамға да, мемлекетке де пайдалы ете аламыз деген пікірлер айтылды.
Талас ОМАРБЕКОВ, тарих ғылымының докторы, профессор:
– Кеңес үкіметіне дейінгі яғни Шәкә­рім, Мәшһүр Жүсіптің кезеңінде жазыл­ған шежірелер бар ғой, Тынышпаев жазды. Бұл шежірелер қазақ деген халықтың тарихын шынайы жазу үшін жазылған болатын. Шынында да, қазақ халқының тарихын шежіресіз жазу мүмкін емес. Әрине, шежіре деректерін басқа деректермен салыстырып пайдалану керек. Өкінішке қарай, қазіргі кезде біз біріншіден, қазақ деген халықтың тарихын жазуда немқұрайдылық танытудамыз. Біз мемлекеттің тарихын жазумен айналысып келе жатырмыз. Соған құмармыз. Қазақ хандығының, ордалардың, қаға­нат­тардың тарихын жазамыз. Ал ол қазақ халқының тарихы емес қой. Ол сая­си тарих, шын мәнінде. Ал этникалық, қазақ халқының тарихы жазылуы үшін ру, тай­па­ларды жазуға тура келеді. Ал одан біз қашамыз. Сондықтан да кәсіби тарих­шылар шежірені менсінбейді. Бұл – ру­шыл­дықтың көрінісі деп қарайтындар да бар. Екіншіден, шежірені шынайы тарихи шындықты бейнелемейді, дерек болу­ға жарамайды деп қарайтын бізде тарих­шылар бар. Еуроцентризммен «ауыр­ған» осындай тарихшылар шежі­рені еш уақытта өз еңбектерінде пайдаланбайды. Шежірені менсінбеу деген сөз – қазақ халқының тарихын менсінбеу ғой, жоққа шығару. Осыны біздің тарихшылар түсінбей қойды. Сондықтан да мына Шәкәрімге байланысты өтіп жатқан конференцияның маңызы зор.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста