Шевченконың еңбектері қараусыз қалып барады

100-ден астам картинаның авторы Александр Шевченко көзі тірі болса, биыл сексеннің екеуіне келер еді.

Есімі елге танылған қылқалам шеберінің картиналары бүгінде Мәскеу, Санкт-Петербург, Германия, Франция сынды елдердің мұра­жайларына көрік беруде. Бірақ атақты суретшінің туындыларына туған қаласы жанашырлық танытпай отыр. Биыл дарынды суретшінің өмірден озғанына алты жыл толды. Өзі өлсе де, артына өшпес мұра қалдырған Александр Шевченконың суреттері бүгінде оның ұлы Влади­мирдің үйінде сақтаулы тұр. Вла­димир Шевченко: «Әкем Украи­нада туғанмен, оның қызықты да қиындыққа толы өмірі осы елде өтті. Негізі суретшінің 700-ден астам туындысы болған. Қазір соның 100-ден астамы ғана қалды. Уақыт өткен сайын картиналардың біраз бөлігі ескіріп, тозығы жетті. Бұған басты себеп – картиналарды сақтайтын қолайлы жердің болмағандығы», – дейді. Қазіргі қолда бар туындылар түрлі тақырыптарға арналған. Мәсе­лен, оның арасынан пейзаждар, на­тюрморттар, Абай, Шәкәрім, Мұхтарға арналған суреттерін көріп, таңырқауға болады.
Шебердің полигонға арналған туындылары көпшілікке танымал. Соның 41-і ғана қазір қалған екен. Көзі тірісінде еңбектерінің біразын сыйға берген. Тіпті басқа қалалардағы мұражайлардан да сұраныстар келіп түсіпті. Ал Семейде мұндай картиналар ешкімге керек­сіз болып тұр. Суретші өмірден өткеннен кейін баласы Владимир картиналардың біраз бөлігіне ілетін жер тапқан. Солардың 22-сі биыл 6-қатарынан көзі нашар көретін балаларға арналған интернаттың қабырғасына сән беріп тұр. 100-ден астам картинаны үйінің балалар бөлмесіне нығыздап қойған Влади­мир: «Аядай бөлмеде қаншама туын­дыны шаң басып жатыр. Күн өт­кен сайын картиналар ескіріп, сы­ры мен сымбатынан айырылып барады. Қалада осындай құнды дү­ниелерді жайғастыруға алақандай жер табылмағаны қынжылтады. Шаһардағы Невзоров, Достоевский, Өлкетану мұражайларына қылқалам иесінің туындыларын сақтауға ниет білдіріп едім, олардың барлығы бірауыздан қарсылық білдіріп, бас тартты. Тірі адамды тірі кезінде бағаламасақ та, аруағы үшін сыйласақ не кетеді екен. Тіпті, мен бірде қалаға Олжас Сүлейменов келгенде ол кісімен кездесіп, картиналар жайлы баяндап бердім. Содан әлі күнге үмітімді үзбей, жауап күтудемін», деп баласы налып отыр. Александр Шевченконың ең көлемді туындысы 2,5 метр ұзындықта жасалған. Владимирдің ойы – тым құрымағанда осы картинаны мұ­ражайлардың біріне табыстау. Оған сұраныс келіп түскенше, кар­тиналардың тозығы шығып, жарам­сыз күй кешпесе жарар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста