Шетелде оқығандар шет қалмайды

Қазіргі уақытта өркениет кеңістігі кеңейген сайын білім саласында да кезек күттірмейтін күрделі өзгерістер болып жатыр. Бұл – әрине, жаңа үрдістен қалмауды талап ететін заман ағымы. Әсіресе шетелдерде білім алуға талпынған жастарымыздың саны да күн санап артып келеді. Осы орайда біз Малайзиядағы Лимкоквинг университеті магистратурасының түлегі, жуырда ғана шаңырақ көтерген КМВ Group ЖШС құрылтайшысы, Малайзия жоғары оқу орындарының Қазақстан Республикасындағы уәкілі Меруерт Бекенқызы Нұрахметпен шетелдегі білім беру саласының өзіндік ерекшеліктері және аталмыш компанияның құрылу мақсаты жөнінде сұхбаттасқан едік.

– Әңгімеміздің басын сіздердің ком­па­нияларыңыз тарапынан Малай­зия еліне жастарды білім алуға жібер­ген­де нақты қандай қолдау-көмектер көрсетілетіндігінен бастасақ.
 – Егер де Малайзияға оқуға (тіл үй­ре­ну, бакалавр, магистратура, докторантура) ба­ратын талапкерлер біздің компания арқылы құжаттарын дайындайтын болса, он­да біздің тарапымыздан жан-жақты кө­мек көрсетіледі. Атап айтсам, оқуға бар­ған­да сол елдің әуежайынан қарсы алу, жа­тақ­ханаға немесе қалауы бойынша пә­терге орналастыру, виза ашуға көмектесу сияқ­ты қызметтің бәрі жасалады. Яғни сту­дент үшін шетелдегі жаңа ортаға тез бе­йім­де­луге жақсы мүмкіндік береді. Сонымен қа­тар біздің компаниямызда аталмыш қыз­меттер үшін алынатын ақы өзге ком­па­ния­лармен салыстырғанда төрт-бес есе ар­зан. Мысалы, Малайзияға оқуға ба­ру­дың тәртібін білмейтін кейбір азаматтар де­л­далдық қызмет атқаратын туристік фир­малардың немесе агенттіктердің қыз­ме­тіне жүгініп, қыруар ақша төлеп, орын­сыз шығынға бататын фактілер аз кез­де­с­пей­ді. Ал біздің компанияда қызмет көр­сету ақысы төмен болу себебі, біз арада ешбір делдалсыз, Малайзияның жоғары оқу орындарымен тікелей байланыста жұ­мыс істейміз. Біздің қолымызда аталмыш мем­лекеттің бірнеше жоғары оқу орын­дарымен жасалған келісімшарт және олар­дың Қазақстан Республикасындағы ар­найы уәкілі болып табылатынымызды дә­лелдейтін сертификаттарымыз бар.
Осы тұста айта кетейін дегенім, Малай­зия­дағы оқу мәселесі қызықтыратын жас­тар болса, мына мекенжайға хабар­ла­су­ларына болады: e-mail: consult@kazmy.org немесе ұялы телефон : 8 7015156264. Ал­маты қаласы, Жамбыл көшесі, 111, 24-офис.
– Ал енді Малайзия елінің мемлекет ре­тіндегі және ондағы оқудың ерек­шеліктеріне тоқтала кетсеңіз.
– Малайзия оңтүстік-шығыс Азиядағы ақп­араттық технологиясы дамыған, элек­трон­дық үкімет бағдарламасы іске қо­сыл­ған, инновациялық технологияларды жетік мең­герген және экономикалық потенциалы қарышты дамып келе жатқан мемлекет болып табылады. Сонымен қатар қазіргі дағдарыс жағдайында – сыртқы қарызы жоқ бірден-бір мемлекет. Сондай-ақ эко­но­ми­ка­лық даму үлгісі біздің елімізге ұқ­сас. Олай дейтінім, біздің еліміздің 2030 жыл­ға арналған стратегиялық даму бағ­дар­­ла­ма­сында Сингапур мен Малайзияның эко­­но­ми­калық даму тәжірибесіне сүйенген тұс­тар бар. Бұған қоса діни ұстанымы мен мен­талитеті – біздің қазақ халқына жақын ислам мемлекеті. Халқының ерекшелігі –  заңды қатты сыйлайды, тәртіпке үйренген ел. Ал есірткі дегенің – ол елдің қас жауы. Есірт­кі сатумен және таратумен айналысқан адам өлім жазасына кесіледі. Тағы да бір ай­та кететін ерекшелігі – басқа мемле­кет­тер­мен салыстырғанда оқу ақысы да, тұр­мыс-тіршілік деңгейі де әлдеқайда арзан. Бұ­ған қоса Малайзияның кейбір жоғары оқу орындарында тиімді қаражатпен оқу арқылы әлемге танылған Англия, Америка жә­не Австралия мемлекеттерінің ди­пло­мын алуға болады. Сонымен қатар кли­маты – жыл он екі ай жаз, денсаулыққа да өте пайдалы. Біздің кеңсемізде Малай­зия­ны толық таныстыратын қызықты кітаптар мен бірнеше журнал және альбом бар. Келген адамға есік ашық.
– Сіздің ойыңызша, шетелде оқыған студент пен отандық білім ордасында дәріс алған студенттің айырмашылығы неде деп ойлайсыз?
– Қазіргі уақытта біздің елімізде де ха­лық­аралық стандарттарға сай білім беретін жо­ғары оқу орындары ашылып жатыр. Олар­дың қатарына Астанадағы еліміздің ал­ғашқы Президенті атындағы уни­вер­си­тетті, Қазақ-Британ университетін, сондай-ақ ҚМЭБИ-ді (КИМЭП) жатқызуға болады. Біздің еліміз үшін бұл оқу орындары әлі аздық етеді. Мен өзім КМЭБИ-дің түлегімін. Магистратураны ғана Малайзияда бі­тір­дім. Малайзияда оқыған бір жылдан аса уа­қыттың ішінде ғана көп нәрсеге көзім ашылды. Атап айтсам, біріншіден, Ма­лай­зия­ның жоғары оқу орындарын бітіргендігі жай­лы диплом әлемнің көптеген мем­ле­ке­тінде мойындалады және халықаралық ка­дастрға енгізілген. Екіншіден, шетелде оқы­ған студент көргені көп, өз бетінше өмір сүруге бейім болады. Себебі оқыған кез­де өз біліміне ғана сенеді. Өйткені Ма­лай­зияда емтихан кезінде тамыр-та­ныстыққа жол берілмейді. Үшіншіден, та­лай елдің студенттерімен бірге оқи жүріп, әлем­нің түкпір-түкпірінен қаншама дос та­ба­сың, сол арқылы төрткүл дүниенің озық же­­тістіктерінен, мәдениетінен және эконо­ми­касынан мол хабардар боласың. Мы­са­лы, Жапония мен Қытай елінің қарыштап даму тарихына көз жүгіртсек, ол елдің бас­шы­лары кезінде талантты студенттерді дамыған шетелдерге оқуға жіберіп, алған білімін өз елінің экономикасын өркендетуге пайдаланған. Қытайдың ұлы реформаторы Ден Сяопиннің өзі шетелде оқып келген. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
– Малайзияда оқып жатқан қазақ сту­денттерінің өзіндік ортасы қалай қалыптасқан?
– Үстіміздегі жылдың тамыз айында Ма­лайзиядағы Қазақстан Республикасы елшілігінің көмегімен Малайзиядағы Қазақстан студенттерінің қауымдастығы құ­рылды. Бұл қауымдастықтың құ­ры­луын­дағы негізгі мақсат – елімізден барған сту­дент­терге қамқоршы болу және егеменді еліміздің жетістіктерімен Малайзиядағы түрлі дипломатиялық, сондай-ақ қоғамдық шараларға белсене қатысу арқылы өз бірлігімізді таныту. Мысалы, қауымдастық құ­рылған үш айдың ішінде көптеген қо­ғам­дық шара өткізілді. Атап айтсам, Ра­ма­зан айында Қазақстан Республикасы Кон­­сти­туциясының 15 жылдығы салтанатты түр­де аталып өтті және 400-ге жуық сту­дент қатысқан ауызашар дастарқаны жа­йыл­ды. Бұған қоса 9 қазанда Малайзияның әртүрлі 10 жоғары оқу орнында оқитын қазақ студенттері 10 футбол командасын құ­рып, өзара жарыс өткізді. Сонымен қа­тар, қазан айында қауымдастықтың қазақ жә­не ағылшын тілінде мың данамен түрлі-түсті бояумен студенттерге арналған MyKaz газеті жарық көрді. Аталмыш газеттің аты «Менің Қазақстаным» және «Малайзия – Қазақстан» деген екі түрлі мағынаны білдіреді. Бұл газет еліміздің Малайзиядағы елшілігі, сол елдегі бірнеше университет басшылары тарапынан жоғары баға алды. Яғни Малайзияда оқитын студенттер бір үйдің баласындай, ауызбіршілік таныту арқылы тату-тәтті тіршілік кешіп, сапалы бі­лім алуда. Сонымен қатар біздің ком­па­ния жұмысының негізгі бір бөлігі осы қауымдастықпен байланысты.
– Малайзиядағы оқу мәселесі ағыл­шын тілін жетік білуге келіп ті­ре­ле­тіні бел­гілі. Сондықтан да Малайзияда оқу­ға ниет біл­діргендер көбіне тіл мә­се­лесінен қорқады. Осы орайда ағыл­шын тілін білмейтін не­месе жетік мең­гер­меген азаматтар үшін оқу­дың қан­дай тиімді жолдары қа­растырылған?
­– Малайзияда ағылшын тілін үйрету бағ­дарламасының әдістемесі өте жоғары деңгейге көтерілген және салыстырмалы түр­де алғанда тіл үйретуге төлейтін қа­ра­жат та арзан. Мысалы, біздің Алматының өзін­дегі кейбір шетелдік мұғалімдер дәріс бе­ретін тіл оқыту орталықтарында топпен оқыт­са, бір сағаттық қана дәріс – орта есеп­пен 20 АҚШ долларын, ал жеке оқыт­са, 30-40 АҚШ долларын құрайды. Бұл ақшаны бір айға шағатын болсақ, 1000 АҚШ долларынан асып кетеді. Ал Малай­зия­да болса тіл үйрету бағдарламасы кү­ні­не бес-алты сағатты құрайды. Яғни кү­ні­не бес сағаттан оқығанның өзінде айына тө­лейтін төлемақы орта есеппен ең арзаны – 200, ал қымбаты 500-600 доллардан ас­пайды. Бұл дегеніңіз, қаражат жағынан да, тілді меңгеруге кететін уақыт жағынан да өте тиімді. Тіл үйренуге деген қабілеті жо­ғары азаматтар бұл бағдарламаны жар­ты-ақ жылда меңгеріп алады. Сонымен қа­тар тілдік орта бар жерде кез келген тілді үй­рену қиын емес.
 – Әңгімеңізге рақмет!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста