Шешендік сөздер

Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.

Ақын, аса көрнекті композитор, кезінде алдына жан салмаған әнші Үкілі Ыбырай… Оның “Үкілі Ыбырай” атануының себебін “Өзім жайлы” атты өлеңінде бабамыз өзі айтып кетіпті:
“Аралап талай елдің дәмін таттым,
Сұлудың асқақ әнмен бабын таптым.
Қалаған Сәмекеден қара қалпақ,
Қос буын шекесіне үкі тақтым”, – десе қара қалпақтағы қос буын үні домбырадағы қос буын үнімен достасып, бірге үндесе желбірегендей көз тартып “Үкілі Ыбырай” атанды.
Біржан сал, Ақан сері секілді өз заманының еркесі болып, әндетіп дабылдатып өтсе де ақынның өмірінің соңғы кезеңі ХХ ғасырдың оты-зыншы жылдары әкелген зұлматтың құрсауында өтті. Голощекиншіл “ұр да жық” белсенділердің “асыра сілтеген” әрекеттері елді ашаршылыққа ұшыратты. Ұжымдастырудың зардабынан байғұс қазақтың жайлауында жаны, қыстауында қаны шықты. 1929-1932 жылдарғы қырғын аштықты көзі көрген ақтангер ақын ел мұңын ашық айтып, сұқ көзге түсті. Ащы тілі шымбайларына тиген ауылдағы шенділер соңына шырақ алып түсті. 1933 жылы Қазақстанды басқаруға Л.И.Мирзоян келіп, жағдайды түзей баста-ғанша, 1932 жылы Үкілі Ыбырай “халық жауы” атанып, атылып кетті.
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы осы күнгі Солтүстік Қазақстан облы-сының Айыртау ауданына қарасты № 5 ауылында 1860 жылы дүниеге келді. Кеңес үкіметі кезінде бұл ауыл “Өскен” деп аталды. Бұл күнде “Үкілі Ыбырай” ауылы атанарына сенімім мол. Жалғызтаудың бауырын жайлаған Жақсылық қарауылынан шыққан ақынның ата тегі Деріпсал Сәбденнен тарайды. Сәбден — Абылай ханның әрі досы, әрі даңқты батыры болған әйгілі кісі. Деріпсалдың Сандыбай, Маңдай, Әбіле атты үш ұлынан үлкен әулет тарады. Маңдайдан — Қосшығұл, Асайын, Үсейін; Сандыбайдан — Бөпіш (Мейіз), Шалғымбай, Ыбырай; Әбіледен — Ілияс, Кенжеғали, Молдағали туған. Асайыннан тараған Смағұл, Мырзағұл болса, әйгілі ақын, үздік әнші Мұса Асайынов (1929-1976) Мырзағұлұлы менің шешемнің апасы Бағи апамыздан туды, Смағұл қарт — ауылы-мыздың ақсақалы, ұста, соғыстан үш ұлы оралмай, тоқсаннан асып қайтыс болды. Шалғымбайдан тараған Сүлейменнің балаларын, Дәуіттің өзін көріп өстім. Жалпы алғанда Деріпсалдың ұрпағы батыр тұлғалы, ірі денелі келеді. Бауырым Мұса да қапсағай бойшаң, қыран мұрын, қалың шашты, кең маңдайдың астынан өткір, үлкен көздері күлімдеп тұратын жігіт еді. Ол ән салғанда ерекше күш бітіп кеткендей, әу дегенде тыңдаған жанды селк еткізетін, маржандары сылдырап, аспалы шам қозғалатын, Ыбырайға тартып туған асыл тұяқ деп ел еркелетті, өзі де еркелетуге лайық еді.
Үкілі Ыбырайды сипаттағанда Сәкен Сейфуллин:
“Әні бар “Гәкку” деген аңқылдаған,
Аққудай айдын көлде саңқылдаған.
“Кідігай”, “Қалдырған” мен “Маңмаңкерді”,
Ырғалтса керней даусы қарқындаған”, – деп Шаляпинге теңесе, бұл Ыбыкеңнің жетпіске тақап қалған шағы, әлгі Мұсадай кезінде кездессе не дер еді?!
Біржан сал жас Ыбырайды алғаш рет тыңдағанда Ақан серіге қарап: “Ақанжан-ай, ертіп келген шәкіртіңе қанықтым, шын бақытты жан екенсің: қазақта жылқының перісі Құлагер саған бұйырса, ақынның перісі осы інің болар. Қазақ әнінде өзім жеке дара тұрмын, өзгелерге Ыбырай жеткізбес”, – деген сөзін халық ақыны, әкемнің ағасы Молдақмет Тырбиұлынан естіп едім. Кейін осыған ұқсас сөзді әйгілі әдебиет зерттеуші Е.Смайыловтан да оқыдым. Бұл ағамыз: “Ыбырай — шын мәніндегі ұлы өнерпаз”, – деп жазып кетті.
Сол дарабоз дүлдүл Кеңес үкіметі келіп, әсіресе, кәмпеске мен ұжымдастыру науқандары ел тұрмысын күйзелткенде өткір тілін шындық жолында аямады. Ақыры 1932 жылғы қарашаның 4-і күні қамауға алынды. Асылы жерлестерінің тілі де батқан шығар, сол кездегі ақынды көрсеткен, НКВД-ге қолшоқпар болған өзінің жақын туыстары Шаймұқанды да, Ақыпты да бала кезімде көрдім. Үкілі Ыбырай “халық жауы” атанып ұсталып кеткеннен соң ауылдағы Есеп атайды жұртқа құбыжықтай көрсетті. Оның үлкен қызы Тұрғын апайды соғыс жылдары “трудармияға” әкетті, шығармалары отқа түскен аласапыран заман туды. Бірақ алмас кездік қап түбінде жатпады, туған елі өз жүрегінде сақтады. Ол атылып кетсе де мінезі үлгі, қайсарлығы аңыз, ән-жыры ұмытылмады. Кейбір әндерін халық әні деп, кейбір әндерін әлдекімдікі деп сақтаса да тәуелсіз Қазақстан дүлдүл ұлына құшағын кеңдеу ашты. Бұл күндері Ыбекеңнің әндері өзіне қайтарылып келеді. “Гәккуге” тиіскендердің де бетін қайтардық, ал “Аңшының әніне” әлі күнге кей жігіттер Дәнеш Рақышевтің әні деген лақап таратып жүрсе, ол қателік. Асыл әнші Дәнеш тірі кезінде ондай озбырлыққа бармады ғой. Әйгілі классик жазушымыз, академик Сәбит Мұқанов “Қазақ әдебиеті” газетінде бұл мәселенің басын ашып, ашық айтқан. Ол әңгіме жайын бұрын да жазғанбыз. Ақынның өлеңдері мен толғау айтыстарын “Гәкку” атты бір кітап етіп (Астана, “Фолиант”, 2005) шығардым, бірақ, бұл әлі толық дүние емес, іздей түсу қажет. Ал, әндеріне дегенде ақиқатты орнату керек. Мысалға, “Сырғақтының” Ыбырайдыкі екенін бала күннен білуші едім, Б.Ерзакович те солай дәлелдепті.
Үкілі Ыбырайдың композиторлық, әншілік мол мұрасы жайлы жазылған еңбектер баршылық, мен жыр жинағын шығарғаннан кейін ақындық ерекшеліктерін сөз етпекке бой ұрдым. Қазақстанның халық ақыны, Үкілі Ыбырайдың төл шәкірті Молдахмет Тырбиұлының айтуынша, ол алдына жан салмаған әншілігімен қатар, қай сайысқа салсаң да дес бермейтін білімдар, тапқыр, ағынды айтыс ақыны. Оған қоса қаламгерлігі де мол, араб, парсы тілінде оқи білген, өте зерек болған көрінеді. Ыбекең хат танығаннан кейін қолына түскен кітапты жаттап аларлық өнер көрсетіпті. “Мұңлық-Зарлық”, “Қыз Жібек”, “Жүсіп пен Зылиха”, “Тотының тарауы”, “Сейфул Мәлік”, “Мың бір түн” іспеттес лира-эпостық, батырлық һәм ғашықтық жырлары мен қисса-дастандарды жатқа өз әуенімен айта білген. Әсіресе, “Ер Тарғын” мен “Мың бір түнді” әнге қосып жатқа айтуға жалықпапты. Кейде қара сырнаймен, кейде үкілі домбырасымен қоса шырқап, поэзияның желісіне қарай ән мақамының өрісін жатық үйлестіре білгені үлкен өнер. Ұзақ дастанды әндеткенде, кейде қолындағы домбырасын жерге қоя салып, тақпақтатып кетіп, отырған жерінен ілгері-кейін жылжып қызғылықты қимылдармен жалық-тырмас даланың дара әртісінше тыңдаған жанды жіпсіз байлағандай баурапты. Бойға қонған жан-жақты өнердің арқасында ауыз әдебиетінен әбден сусындап, жазба әдебиетіне иек артып, өз ақындық өрісін кеңейте білгені біз үшін сонау алыстан айдай анық көрініп тұр.
Үкілі Ыбырайдың өзіне үлгі болған Арыстан, Орынбай, Шал ақын, Сегіз сері, Тезекбай, Шөже, Нұркей, Біржан сал, Ақан сері, Мұстафа сияқты саңлақтардың әндерін, айтыстарын ел арасына тарата білгендігі бір төбе. Қолына домбыра алғанда мынау Орынбайдың, мынау Біржанның, мынау Ақанның домбыраны қолдарына алғандағы өз ырғағы, өз құлақ күйі деп, әрқайсысының өз әуезімен, әуенімен, өздері сүйген сарынымен орындауға жетіктігін шебер көрсете біліпті. Молдекеңнің өзі де ұстазынан көргенін бұлжытпай қайталап елге таратып кеткені Есіл мен Көкше өңіріне аян.
Ыбекең тек қана ауыз әдебиетінің өкілі емес, ол өзінің ең жақын һәм жанашыр пір тұтқан ұстазы Ақан сері секілді суырып салма төкпе де, ойланып жазар жазба да ақын. Негізінде, олар ауыз әдебиеті мен жазба ақындарының ортасындағы табиғи алтын көпір іспеттес жол салды. Ыбекеңнің ақындық ерекшелігіндегі басты көрініс сол жан-жақтылықта жатыр. Керегінде ағыл-тегіл құйғытып, қай сайысқа болсын іркілмей кірісе кетеді. Күрделі ән, не өлең туарда ішіндегі нәрестесін тоғыз ай, тоғыз күн көтеретін анадай ұзақ уақыт толғатып аққудың қос қанатына байлардай етіп жетілдіреді. Ақындық ерекшеліктің қайнар көзі нәзік сезімге оранған ақыл мен ойдан туса, оның нәтижесін Абай айтқандай: “Тіл ұстартып, өнер шашардай”, дәрежеге жеткізеді. Ақындық дерті — тілде. Ыбырайдың тілі де жебедей жеткіш өткір тіл. Жас кезінде әрлі сөз, ұлғая келе мәнді сөз, аш-ынғанда зәрлі сөз таба білген Үкілі Ыбырайдың тілінде ақындық ерекшелігінің басты арқауы жатыр. Ақынның тіл байлығы шерлі сөзі мен зерлі сөзін қоса жекеше талдауды талап ететін үлкен қазына. Ол ержүрек, тапқыр да айтқыр, тіксілтегіш қайсар ақын.
Үкілі Ыбырайдың тіл өрнегіне аздап қана назар аударсақ, оның мейірімі мен қайырымы тартып, өзгеден айырымы ашық көрініске жолығамыз. “Гәкку” деген сөздің өзі де қазақтың поэзиясы мен бүкіл тіл әлеміне алтын айдардай болып кірген ғажайып. “Үлпікер сүт бетінде балдай қаймақ”, – десе, “үлпікері” үздік тілдің белгісі ғой. “Қарақат көзді, сым саусақ”, – теңеуге жүйріктігі. “Көк зеңгір, жасыл жартас Жалғызтауым”, – дегені қандай әсем. “Қайқақтамай көтерер, досы үшін тау-тасын”, – дегені де нағыз қазақы тіл. Ал: “Бір атым насыбайдан көңіл қалар, айта бер, айтсаң сағың сынбағанға”, – дегені тереңдіктің көрінісі. Майталман ақынның қай өлеңін алсақ та, ұлттық суреткерлікті білдіретін бояуы ашық, ояу сөзді, ішкі маңызы мен айтар ойға дәлме-дәл келтіріп, тап басқыштығына қайран қаламыз. Тіл мен жаққа құр сүйену емес, өткір тілі әсем әндеріне де дәйек болып ескек желдің табиғи сыбырындай поэзия әлемін кеңейте түсуге сенімді семсер міндетін атқарды.
Ыбырайдың ақындық талантынан, әншілік дарынынын да бөле жаруға болмайды. Ол алдындағы ұстаздары Біржан сал, Ақан серіге еліктеп алғашқы өлеңдерін де әнімен қоса шалқытты. Уыз туындылары ғашықтық сарында, әзіл-күлкі ауқымында дәстүрлі лириканы байытқаны анық. Қа-зақтың ежелгі салты бозбалалықтың қызығын күйттеу Ыбырайға да бастау берді. Шөбектің Мұқанының Мәлике атты сұлу қызын, бір жиында Ақан серінің ойынды басқару салты мен нұсқауы бойынша, алқа топта бірінші болып қасына өлеңмен шақырыпты.
“Бозбалаға бұл бір сын жеке-жеке,
Әркімнің қасындағы сәулесі ерке.
Бұйрығы ханзаданың екеу емес,
Жаныма келіп отыр, ей, Мәлике”, – деген өлеңі сонда туыпты. “Ханзада” деп отырғаны Ақан сері ғой, ол кісіні ағайын ел іші әуелі “ақ жігіт” деп атап, артынан “Ақан аға” деуге көшті. Ал, бұл Мәликеге байланысты шумақтың жарық көруіне ол кезде жігіт ағасы болып қалған Ақан серінің жастардың ойынын бастап беріп, бірінші кезекті сенімді шәкірті Ыбырайға сілтеуінде жатыр. Жас Ыбырай: “Көсем қиында, шешен жиында” дегендей, көш бастап, өзі міндетін атқарыпты. Ол нағыз ішкі сенім мен қанына туа біткен жүректіліктің белгісі. Міне, сол сәтте шыдай алмай буыны босап, күміс шолпысын әсем үнмен сылдырлата, сызыла басып, сиқырлы сылқым Мәлике сұлу ашық ажарын жайната түсіп, жас ақын Ыбырайдың қасына отыра кетіпті. Сол ғажайып жастық шақ деген асыл дәурен озған сайын өлеңі де маңызданып, жанға жайлы, көңілге жылы тиер дәрежеге жете бастайды.
“Ән салып сері болып талаптандым,
Ақылын тыңдау қайда барлық жанның.
Он үш жаста ән салып ел алдында,
Жолына түспей кеттім дүние-малдың”, – деп өзінің ана сүтімен ере келген ақындық, әншілік өнеріне белді бекем буғанын ұғымға жеңіл, жинақы тілмен осылайша қиыстырыпты. Әкесі Сандыбайға тартып ұста болмады, немере ағасы Әбілге еліктеп саясатқа кіріспесе де, ақындықтың сұрша құсы жебеп өнер жолына сиқыр күшпен еліктетті.
Өмір өрісіндегі жаңа белесіндей ақынның “Жиырма бес” атты өлеңі жарқ етті. Міне, ақындық жолында ауызға іліктірген бастамасы осы еді.
“Қызды ауылдың сыртынан,
Қылаң еткен жиырма бес.
Қызды көрсем қиқайып,
Құлай кеткен жиырма бес.
Суға келген жеңгейге,
Ұнай қалған жиырма бес.
Жеңге халің қалай деп,
Сұрай қалған жиырма бес.
Бесіктегі баладан,
Алғыс алған жиырма бес.
Төрде жатқан кемпірден,
Қарғыс алған жиырма бес…” – деп төгілте жөнелсе, ақындық қуаты да жасына қарай жаңарып, жауқазын гүлдей құлпыра түсіп, көз тарта бастағанын айқындайды. Бұл кезде суреттеу тәсілі, бейнелеу әдісі келесі бір биік белеске көтеріле бастады. Тап осындай ырғақпен келетін “жиырма бестер” Ыбырайдан бұрын да болды, “күлдір, күлдір кісінетіп, күреңді” мінгізді. Ыбырайдың “Жиырма бесінде” өз көзіңмен көріп тұрғандай өмір көріністері айнадай айқын, тартымды беріледі. Әні де ә, дегенде алдына мал салмас жүйріктей ұшқыр, қызғын шабысқа бастап кетеді. А.С.Пушкиннің “Ескерткіш өзіме орнаттым келмес қолдан” деген өлеңіне шейін бірнеше “ескерткіштер” болған. Бірақ Пушкиннен кейін бола қойған жоқ. Ыбырайдың “Жиырма бесі” де заманындағы аттас өлеңдердің ең сүйкімдісі болып кең тарап кетті. Бұл күнде байтақ елдің қай түкпіріне барсақ та Ыбекеңнің “Жиырма бесі” алдымыздан шығады. Әсіресе, Қайрат Байбосыновтың және оның шәкірттерінің орындауында есту бір ғанибет.
“Ауылың қонған Сырымбет саласына, болдым ғашық ақ сұңқар баласына”, – деп Ақан серінің “Сырымбет” әнінің сөзі Ыбырайға екі жақты үлгі тастады. Өз ауылын анық айтып, жаны құштар ғашығына деген ішкі сезімін ашық жеткізді. Ұстазы секілді Ыбырайдың да ынтық сөздері әнінің асқақ қарқынынан кем соқпайды. Ол алдындағы даналардың ел сүйсінген үлгісінен алған дәрісін жасырған да жоқ.
“Өлеңмен екі өкпеңді қалқытайын,
Қорғасындай денеңді балқытайын.
Біржаннан алып қалған әнім еді,
Азырақ “Шалқымамды шалқытайын”, – деуі әлгі ойға ден қояды. “Шалқыма” Ыбырайды толқыта түсті, өлеңіне орнықты ырғақ, жүйелі тың сарын ұсынды. Оның ақындық болмысы өз арнасын тапқан өзендей, өз шалқар теңізіне қарай аспай-саспай аға бастады.
Бара-бара бұл өзен тасқынды сайлары мен қарқынды құламасын тапты. Ол көңілі ауған, шабыты желген жерде еркін сілтеп, алты қырдың астына жетердей шырқауға дағдыланды, ерен ақындыққа ере туған қанатты әндері елді жалт қаратты. “Үкілі Ыбырай” атанды. Дарқан ақындығы қай думанға кірсе де ел құлағын елеңдетті, жан құшырын қандырды, әрдайым өрелі дәрежеге жетелеп, өрге шапса өршеленер жүйріктей заулатты. Тамаша ғалым Есмағамбет Смайылов 1966 жылғы “Жұлдыз” журналының №11 санында осы ойды шегелеп бекіткендей айтыпты. “Халық тарайтын емес, ағылып келіп жатыр. Ыбырай іркілген жоқ, бұл жолы термелері жәрмеңкеге келген халықты қошеметтеп, әр ұлдың руын, тарихын таратып бірталай жырларды үйілтіп, төгілтіп айтып тастады… Арасында күлдіретін әзіл-сықақ сөздер де, бұрыңғы-соңғы ақындардан нұсқалы, нақыл сөздер де аузынан шықты”, – дей келе: “Бұл менің он бес жасымда Ыбырайды тұңғыш көруім… Бәрінен де Ыбырай-дың дарқан ақындық, әншілік өнері, алғыр шешендігі есімнен кетпейді”, – деп тебіреніпті. Міне, әдебиет білгірі де “дарқан ақындық”, “алғыр шешендік” деп баса айтып отыр. Хан базарлы жәрмеңкеде еркін төгілу де әркімнің қолынан келе бермейтіні ағедендік. Ал “әр ұлдың … тарихын” тә-мамдауы Ыбекеңнің тайға таңба басқандай айта білер мәттақам қабілетін, толайым зеректігін танытады.
“Гәкку” жайлы талай сырды шертер едім, бірақ әнін де, тамаша сөзін де байтақ ел түгел біледі ғой, сол асқар шыңына қолтықтас тұрған тумаларын көрсетейін деп, “Гәккуге” көп тоқталмадым. “Құс салып айдын көлде дабыл қақтым”, – деген сөзі де қанатты сөз болып кетіп, кейінгі талай тарланға үлгілік көрсетті. Үкілі Ыбырайдай ақиық ақынның қазақ поэзиясындағы асыл орнын сөз етіп отырғандықтан “Гәккуден” кемшін түспестей, “Қарақат көзді сым саусақ” атты өлеңіне молырақ зер салғым келді. Шынайы сезім мен шалқар шабыт түйіскенде, шықтай мөлдір шындық сырын шашпай-төкпей ашық айтудың үлгісіндей тамаша туындысы осы. Бұл өлеңі Абайдың ғашықтық тақырыбына жазылған әйгілі толғаныстарын амалсыз ойға оралтады, дана жүректердің махаббатшыл нәзік лүпілдері де алыстан ұласып жатқандай сезім білдіреді.
“Қарақат көзді, сым саусақ,
Ләбізің сенің бал қаймақ.
Жолыңа сенің сарп етпей,
Неге де керек малды айдап.
Қарақат көзді, ақ білек,
Айтайын бір сөз үлгілеп,
Қайғың алды денемді,
Жүректің басын тілгілеп.
Етің аппақ қояндай,
Қызығыңа тоям ба-ай,
Алыстан аңсап келгенде,
Не қыл деп жатсың оянбай”, – деп наздана тебіренгені ақынның жан қияр ғашыққа деген үздігіп тұрған құмарлығы, ынтықтығы һәм өзінің де осал еместігі қатар көрініп тұр. Сәкен ағамыз “Тау ішінде” атты өлеңінде: “Білгейсің келгенімді жалғыз өзің”, – десе, өзім де “Аққу жеткен” атты өлеңімде: “Ей, қалқа таң мезгілде сырласайық, толқынға тербетіліп жатшы оянбай”, деп сызыла қалыппын. Ал, Ыбыкең: “Алыстан аңсап келгенімде не қыл деп жатсың оянбай”, деп өзінің аңсаған жүрегінің ыстық лебі мен ғашықтық ерке назын қосақтай ашықтан-ашық тосады. Сырт қарағанда қатаңдау, қысаңдау, сәл бәлсінгендей көрінгенмен: “Не қыл деп жатсың оянбай”, деудің өзінде де бал ләззаттың үзім шырынын тезірек татуға құлшынғандық жатыр. Қимастық, сыйластық, күрт сағынышқа оранған шыдамсыздық шырылдап тұр. Ақындық ақжарма мінездің бұл да бір айқын айғағы. Үкілі Ыбырайды жақсы білетін классик жазушымыз Сәбит Мұқанов: “Қарақат көзді” деген өлең 50-60 ауыздай бар. Бәрін де: “Қарақат көзді”, – деп бастайды. Бұл өлең осы күнгі махаббатшылардың өлеңдерін маңайына отырғызбайды”, – деп жазған екен. Одан артық не айтпақпыз.
Не десек те, поэзияның бұл кесек үлгісінде Үкілі Ыбырайдың ақындық ерекшелігін тауда өскен әсем шынардай, алыстан айқын танытқандай тамашалық бар. Ақын сөзін өз әнімен шырқасақ қазақтың керемет әні, ал романс сазына салсақ өз көркемдігін, сезімталдығын, толқымалығын аша түсетіні сөзсіз. Жалғыз өлең ұзақ поэмадан кем емес, шағын роман, даланың романсы секілді. Бұл өлеңді тамаша поэма дәрежесіне жеткізу білу де үлкен шеберлік. Мұхтар Әуезовтің “аз көлеммен көп мағына беретін шеберлігін” академик Зейнолла Қабдолов айтқандай, Ыбырайдың да ақын тілімен аз сөйлеп, көп ой қозғай білгіштігі көп өлеңдерінде соқырға таяқ ұстатқандай көрініп тұр. Шеберлік деген ұғымның шырқау шебі де осы шығар.
Композиторлығын баса айтып дағдыланғандықтан Ыбекеңнің ақындық мұрасына зерттеушілер көп мән бермей келді. Ол кемшілікті де болашақта түзету қажет. Әрі ақын, әрі композитор, әрі үздік орын-даушылық бір өзіне қонғандықтан логика жүйесіне салсақ: өлең сөзі бірінші, содан кейін ән, ең соңында орындау тұрады. “Бес ғасыр жырлайды” (Алматы, 1984, “Жазушы”) атты белгілі жинаққа Үкілі Ыбы-райдың кірмеуі мені қатты қынжылтты. “Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды”, деген сөз көкейімнен кетпей қойды. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырайды бөле жаруға болмайды. Бәрі де ең әуелі ана сүтімен ере келген ақындыққа бөленді, содан кейін әнге құндақталды, одан әрі орындап берудің құдіретті күші бітті. Үкілі Ыбырайды да қазақтың үлкен ақыны деп танып, қатардан қалдырмаған ләзім.
Ыбекең қай тақырыпқа барса да көкірегінің көзі жеткен, ақындық сөзі жеткен шырқау шыңға шықпай тынбайды. Құштарлық пен құлшыныстың мөлдір ләззатқа өле құмар қарқыны қазақ ақындарының ішінде: “Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да” немесе: “Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін, патша тағы, бүкіл дүние малына”, – деп тұрған Мағжанда айқын кездеседі.
“Қарақат көзді, сым саусақтың” бір шумағында:
“Мұхиттың сенсің құндызы,
Аспанның сенсің жұлдызы,
Өзіңнен сәулем аспайды,
Пейіште жүрген хор қызы”, – дегенін естігенде, өзі барып пейіште жүрген қызды көріп келгендей сенесің. Сүйген қызын жер-көкте, фани-бақида бар сұлулардан асырып жіберуі бұл ғаламда бар шырғалаңға әуестіктің нағыз өзі, қазақ поэзиясының тәңір берген асыл төрінен орын алар кемел деңгейін айқындағаны. Ыбекеңнің өлеңдерінде тың суреткер-лік, тұлғалы да үлкен ойшылдық, ғашыққа деген ақжарма ашықтықтың нәрі бар, ғаламаттың бәрі бар. “Қарақат көзді, сым саусағы” сол ерекшелігін айқын танытады.
Жорықта сес көрсеткен батырлардай асқақтап, ақындардың өздерін-өздері көтермелеулері дағдылы үрдіс. Ыбекең де бұл бәйгеден озық келген намыскер. Тілге тиек болар “Қайран Гәкку” деген өлеңінде:
“Қыздан да қылықтымын жүрген жерде,
Ханнан да қадірлімін туған елге.
Ақ тамақ, шұбар бауыр қоңыр қаздай,
Сала алмас “Гәккуіме” ешбір пенде”, – деп, мәреге жетерде алдына жан салмас Құлагерше еркін қарқындайды. “Ханнан да қадірлі” болса да, ел алдында қыздай тәлімді қылығын көрсетуі ұрпаққа тәлім деп білемін. Дарияның ішкі ағыстары мен сыртқы толқындары табиғи араласып жат-қандай ақынның ішіндегі қызу құйылымдар ерік бермей жұлқынып сыртқа шығады, асау толқындарға айналып бірде бұрқанып, бірде сылқым ғана сылдырлап “құлақтан кіріп, бойды алады”. Адамның жан дүниесі мен тән сезімін ашық көрсетуде Ыбырайдың өзіндік ерекшелігі бар ерен ақын.
Үкілі Ыбырай Абылай ханның батыры атанған Сәбден дауылпаздан тарап, немере ағасы Әбіле Шыңғыс Уәлиұлының хатшысы болып, өзі атақты ақын, әнші ретінде дүниенің қызығын көріп, көрешектің есесін қайтарғандай ән-жырын іркілмей төгілтіп өтсе де, оның тағдырының тәбдел бермес қиындығы да зор болды. Әсіресе, жасы ұлғайған кезде жазған өлеңдерінде сол баяғы ерке екпінмен өмір шындығын бояусыз, бүркемесіз шертеді. “Сұм дүние сумаңдаған сен бір қақпас, үйінде сені қуған үш күн жатпас”, – деп тегіннен-тегін айтпаған ғой. Біреулер үйінде үш күн жатпай, қара бастың қамын ойлап шылқып жүр, біреулер бұрынғыдан жүдей түсті, әне, сондайды байқағыштығы тебіреністің ашық түрі болып ет-жүрегін жарып шығады. Ақынның әлеуметтік сарындағы өлеңдері толағай толғаулар іспеттес аз сөзбен шексіз ұғым береді.
Үкілі Ыбырайдың көңілге бір естігенде небір оқығанда жеп-жеңіл қона кетер қанатты сөзге айналған иірімдері де жетерлік. Академик Аманжол Қошановтың әкесі, Шал ақынның шөбересі Қошан Жантілеуұлы ақсақалдың Ыбырайдан қалған сөз деп айтып жүретін шумаққа зер салайық:
“Қосылған жолдан
шүйкебас,
Жан қияр жерде жар
болмас.
Айыр өркеш нар болмас,
Әкенің сөзі балаға,
Қанша айтсақ та
ар болмас”,
– депті. Бұл фәлсафалы толғаныс қай заманда болсын өз құндылығын жоймайтын ойлы көкіректен туған жан сыры. Ыбекеңнің ақыл-ойға толы терең психологиялық толғаныста туған өлеңдері да баршылық.
“Шаш алмас өтпес пышақ қайрағанға,
Томар су суат бермес жайлағанға.
Талықсып қорғасындай денең балқыр,
Таңертең қара торғай сайрағанда”, – деп теңізде жүзіп бара жатқан нән кемедей асықпай, саспай кемеліне келе тебіренер жерлері сүйсіндірмей қоймайды. Бұл шумақты “Қараторғай” атты өлеңінен алып отырмын. Сол өлеңде: “Қиянат қылмау керек тимегенге, жанасып неге керек сүймегенге”, – деуі де философиялық қарымды, психологиялық танымды меңзейді. Есіл, Көкше өңіріндегі үлкендер бала кезімізде бұл сөздерді тілдеріне тиек ететін. Тоталитарлық қыңыр, біртоға идеология ақын сөзін қанша қараласа да құлыптай алмады. Ақынның талай сөздері есті адамға күш беріп, ел аралап жүре берді.
“Қалдырған” атты өлеңі туған елге деген аманат атанған соңғы сөзіндей ел ішінде түгелдей жатталды. Осы күнде Қазақ елінің қай түкпіріне барсаң да алдыңнан шығады. Бұл өлең алғы буын ағалар мен соңғы түлек інілерді жалғастырып тұрған, өмірдің мархабаты мен мехнатын жасырмай көр-сетіп, жасы ұлғайғанда тәубеге келгендей ғақыл сөзі іспеттес татымдылығымен ел жүрегінен қоныс тепті. Одан кейін:
“Қызығың дүние өткен күн,
Кейінгі қуып жеткен күн.
Байланбаған асаудай,
Сырт айналып тепкен күн”, – деп өмірінің шуағы өтіп, шөлейтті келеңсіз кезеңдері тебірендіре бастағанын үлкен күрсініспен айта білуі нағыз шеберлік. Өйткені, “Сырт айналып тепкен” заманның зардабына қазақ халқының көніп отырғанына жаны ашиды, қиындыққа арқа жонын тосып, жауапкершілікті өз мойнына алып отыр. Бұл үлкен астарлы өлеңде түгел айтып сілкілемей, ымдап қана сілтеу бар. Бұл да үлкен ойлы ақынның азаматтығын айғақтайды.
“Жолдас болсаң жақсымен,
Терең ойлы, ақылы кең.
Кішіпейіл сыр шашпас,
Мінез, білім келсе тең”, – деп, өмірдегі үзеңгілес, сырлас, сыйлас болар жолдасың қандай болуын жырласа, мінезге білім сайлығы қажеттілігін әдемі келтірген. Бұл мың түрлі сарында ерте де, кеш те айтыла беретін тақырыптың ол кездегі поэзиямызға қосылған ойлы үлесі деп түсінерлік туынды.
Ыбекеңнің ақындығын сөз еткенде: “Сүйгенім кете барды соңыма еріп”, “Қалдырған”, “Көкейкесті”, “Көкшетау” секілді туған елге ынтық мархабатты, шапағатты өлеңдерін ұмытпаймыз. Олардың бәрін және айтыстары мен термелерін толық қосып, толағай зерттеу шағын мақалаға ауыр болар деп қана, қадау-қадау жерлеріне тоқтадым. Әйтпесе, Дәнеш Рақышев сынды әйгілі әнші айтып өткен “Аңшының әні” деген өлеңнің де сөзі ғаламат қой. Ол өлеңді Сәбит Мұқанов ағамыз рабфакта Орынборда оқып жүргенінде жазып алыпты, шығармаларында толығымен бар. Менің өзімнің бала кездегі блокнотымда да Молдахмет Тырбиұлынан жазып алғаным сақталыпты. Белгілі айтыскер, ақын, тамаша жазушы Жұмабай Есекеев өзінің “Айыртау арыстары” атты деректі әңгімелер жинағында “Аңшының әніне” бір әңгімесін түгел арнапты. Көрші ауылдың баласы екенін білдіріп мұқият зерттеп, әсем әннің қашан қалай шыққанына дейін әдемілеп жазыпты. Бұл әнді туған жиені ақын Тайжан Ұлытауға, оның шәкірті әйгілі Нартай ақын Сыр бойына, Жарылғапберді мен Әсет, Естайлар семейлетіп Алтайға, Қара Ертістен асырып Қытайдағы бауырл-арға жеткізгендері айдан анық. Жаттап алып айтып жүрген Дәнеш Рақышевке де, елдегі Қайрат Байбосынов пен Жарман Рахимовке, Тұрсынбай Кәкімовке айтар алғысымыз шексіз.
Ыбекеңнің әндерінің ішінде әлемге кең тарағаны “Гәкку”. Ол әнді де Қытайда естігенін аққу ақынымыз Марфуға Айтқожадан біліп едім. Белгілі мәмілегер Сайлау Батыршаұлы “Гәккуді” жуырда Парижде естігенін бізге үлкен құлшыныспен жеткізсе, неміс тілінің мұғалімі Мағрифа Сейітбат-талова “Ганноверде шырқалған “Гәкку” атты мақаласын “Астана ақшамында” жариялапты. Біздің елден барған Генрих деген жігіттің отбасымен қосылып “Гәккуді” шырқағандарын келтіріпті. Кезінде “Гәккуді” Е.Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсында шырқап, қазақтың ұлы әнші қызы Күләш апамыз да “Гәккуге” талмас қанат бітіріп, шарта-рапқа таратып кетті емес пе?! “Гәкку” дегенде Үкілі Ыбырайдың өз аузынан естіп үйреніп алып, бұлжытпай айтып асқақтатқан Иса Байзақов ағамызға алғыс айтуды ешқашан ұмытпақ емеспіз. “Гәкку”, “Сырғақты”, “Қараторғай”, “Қалдырған”, “Қарақат көзді сым саусақ”, “Көкше”, “Аңшының әні”, “Па, шіркін!”, “Алтыбасар”, “Толқын”, “Апай көк” сияқты әндері Үкілі Ыбырай бабамыздың атын мәңгілікке жеткізуіне еш күмән жоқ.
Ақынның поэзиялық ерекшеліктері туған жері, өмір сүрген қоғамдағы ортасы, соған байланысты әлеуметтік һәм саяси құбылыстарды өз жүрегінен өткізіп, өзінше тебіреніп көңіл күйін, жүрек сезімін, ақыл-ой толғаныстарын ақ қағазға түсіре білуінде жатыр. Ерекшелік деген әркімнің өз болмысы, өз мінез-құлқының айнадағы бейнесіндей көрініс қой. Өмірде қаншама адам бар, соншама мінез-құлық бар, стиль – деп аталатын айқындауыш түрі бар. Сол стильде ақынның да ерекшеліктері әр теңіздің өз тасқынындай толқын ұрып жағалауға жетіп жатады.
Үкілі Ыбырай да тап солай өзге еш ақынға да ұқсамайтын өзіндік мінез-құлқымен, өзіндік ашықтығы, айқындығы, турашылдығы, шапшаңдығы мен салмақтылығы бар ақындық дара құбылыс. Ыбырай кейбір халық ақындарынша бір сарында, бір ғана ырғақта, бір ғана өлшемде қалған ақын емес. Оның шығармашылық, ақындық тәсіл, әдістері сан қилы құбылмалы келеді. Оған қоса ол қазақтың жазба әдебиетіне де, суырыпсалмалығы бар ауыз әдебиетіне де қатысы молынан бар қаламгер, сегіз қырлы, бір сырлы парасатты дарын. Бір сөзбен айтсақ, шындықты тура сілтеуден жалтармайтын, қай заманда өмір сүрсе де өзінің өжет қалпында өршелене қала беретін бірбеткей ақын. Оның қай өлеңін, термесін, толғауын алсаңыз да жаңалық пен ақиқаттан нәр алған өткір де шешен, терең де ерен жалтарусыз мінезіне қанығасың. Дүниеге мейлінше ғашық ақын, дүниені соншалық айқын, ашық жырлап өтті. Өз қара басының қамын күйттеген жоқ, қоғамдық талас-тартыстарға қатынасып, сол елім деп жүрген жолында қатыгез заманның аяусыз ажал оғынан қаза тапты. Үкілі Ыбырай сал-серіліктің сайранында қалып қоймай, бойына Махамбеттің мінезі сіңген қайсар ақын, алғыр айтыскер, үлкен сықақшы, ержүрек азамат ақын. Оған қоса айтарым: “Көкіректе қайнаған шер оңдыра ма, көңілді бір орынға қондыра ма?” – деп өткен нағыз мұңлы ақын.
Ұлы композитор, алдына жан салмай өткен дүлдүл әншінің ақындығы да сол ғажайып талантына сайма-сай туған тұтас дүние. Ақын үшін ескерткіштің ең үлкені – артында қалған еңбектерін толық жинас-тырып, ел қолына беру деп білемін. Міне, осы мақсатқа жету жолында Үкілі Ыбырайды зерттеп, жинастырып жүрген ақындар, әншілер, сазгерлер, жазушылар, ғалымдар бірігіп еңбек етсек, ел қуанар іс бітпек. Сол қасиетті ұмтылысқа қозғау салып, түрткі болардай ел құлағын елеңде-тер деген үмітшіл сезіммен асыл бабамыздың ақындық ерекшеліктерін қысқаша сөз еттім. Айтар пікірім бұл мақаламен шектелмейді, келер күндер дарқан дарынның абзал есімін аялай түсер деп сенемін. Бар айтарым: Үкілі Ыбырайды тек қана ұлы композитор, бұлбұл әнші деп қоймай, көркемдігі мен кемелдігі мол дүлдүл ақын деп қарауға шақырамын. Үкілі Ыбырай жалаң ақын емес, ол ел қамын жеп ақындық сөзбен айтысқа түскен қайраткер ақын, жан-жақты біртуар ақын, оны алдыңғы қатардағы ақындық санаттан қалдырмайық, қатал заманда қасірет шеккен, елі үшін құрбан болған Алаштың арыстарының қатарында айқын күрескер, азаматтық биіктен де көрсете білу адал парыз.
Ақынның туған жылын 1858 жыл деушілер де болды, оған мен де біршама қосылып қалып едім, ол райдан қайттым. Төрт көзіміз түгел, аталарымыз, әкелеріміз аман кезінде академик Ахмет Жұбанов 1860 жылға тоқтаған екен. Осыны жөн көрдім. Біржан сал жайлы да Ахаңның айтқанына ден қойған дұрыс.
Ағымдағы жылда 150 жасқа толып отырған ақтангер ақынның қайда жатқаны да белгісіз. Үкілі Ыбырайдың әйгілі атын мәңгілікке жеткізер белгілер де әлі жоқ. Бұл күнде ақынның туған ауылы Солтүстік Қазақстан облысында болғандықтан, ашық айтарым: Ыбырай да алысқа ұзамай “үш-тіктің” шешімі шыққан күні Қызылжарда атылды. Өзге сөздің бәрі де “ГПУ”-дің көзбояушылық тәсілдері деп білемін. Солтүстік Қазақстан даналар мен дараларға бай өлке, ұлыларды ұлағаттауға жалықпас өлкеде Үкілі Ыбырайға да лайық назар аударылар деп сенеміз.
Кәкімбек САЛЫҚОВ.

Сүгірдің бүкіл елге әйгіленген жиын 1921 жылы
Сүгір Жырау 1894 жылы Маңғыстауда Өгіз-Өреуіл деген жерде дүниеге келген.
АҚЫН САРА. Сарамен айтысқан атақты Біржанның ағайындары
Ұлбике есімі елімізге таңсық болуы да ғажап емес 
Қазақта Құлыншақ деген ақын өткен 
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898) - қазақтың халық ақыны
ДОСБОЛ БИ. Досбол Қорлыбайұлы бір деректе 
Еңсегей бойлы Ер Есім!
Алдар би 
Құнанбай қажы Өскенбайұлы
Жиренше шешен (туылған-өлген жылы белгісіз)
Махамбет Өтемісүлы 1804 жылы осы күнгі Орал облысының Орда ауданында
Қожаберген жырау шығармашылығындағы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»
Сыпыра жырау – қазақ пен ноғай
Базар жырау (1841-1911). 
Сартай Көшкіншіұлы жырау.
Қожаберген батыр - жырау орта жүздiң Керей руынан тарайды.
Ескелді би (шамамен 1692 —1770 жж.) Әмбе жалайыр әулие атанған
Балуан Шолақ (шын аты — Нұрмағамбет)
Сүйінбайдың қырғыздың атақты айтыскер-ақыны
Балпық би (1694 —1784 жж.)
Келдібекұлы Қазыбек би - қазақтың Тәуке
Шал ақын, Тілеуке Құлекеұлы
Бұқар жырау - суырыпсалма ақын, жырау
Жәлменде Байшығашұлы (1846-1901) - би, шешен.
Шешендік сөздер жинағының сілтемесіне басыңы
Азарсың, жұртым, азарсың
БАҚЫТ ҚАЙДАН КЕЛЕСІҢ
Сыпыра жырау
Бөгенбай қазасын Абылай ханға естірту

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста