Шешендік сөздер

Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.

Бұқар жырау - суырыпсалма ақын, жырау. Абылай ханның ақылшысы. Арғы тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл Қаржас. Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған. Бұқар жырау өмірі мен шығармашылығы Арқа өңірімен тығыз байланысты. Бірақ та жастық шағы, қандай өмір өткелдерінен өткендігі, туған, өлген жылдары жайында нақты деректер жок. М. Мағауин және басқа зерттеушілер Бұқар 1668 жылдар шамасында туған, ол ерте кезден көзге түсіп, Тәуке ханның тұсында-ақ қабырғалы би болған деседі. Бірақ Абылайға дейінгі билеп келген хандардың ешқайсысымен тіл табыса алмайды. Тек Абылай ханның тұсында жыраудың жұлдызы тағы да жанады, сөйтіп ол хан ордасына оралып, қалған өмірінде мемлекеттік істерге тікелей араласады. Бұқар жырау шығармаларының басты тақырыбы — халқына, Отанына деген ыстық махаббат. Жырау шығармасындағы баска бір маңызды тақырып адам табиғатаның өзгеруі, дүниенің бір орнында тұрмайтындығы. Бұкар өмірді кезең-кезеңге бөліп, адамның жасы оның санасын, мінез-құлқын, көңіл күйін, күш-жігерін қалай өзгертетіндігін көрсетеді. Оның поэзиясының халық арасына кеңінен тарап, ғаклия, нақыл, афоризмдерге айналуы, мақал-мәтел болып жетуі де көркемдеу тәсілінің кереметтігінде.
Жыраудың бүкіл жыр-толғаулары афоризмдерден өрілген. Ақылгөй абыз дәулетке, баққа қызықпа, арыңды ақсатпа, малға сатпа, ол мәңгілік нәрсе емес, «өзгереді, өзгергенді көз көреді»-дейді. Ол арамзалық алысқа шаппайды, «Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам» ұзаққа бара алмайсың, халықтың шындық атты қақапаны бар, адалдық атты тұзағы бар, соған түспей өтпейсің,- деп ескертеді. «Жаманмен жолдас болсаң, көрінгенге күлкі етер, жақсымен жолдас болсаң, айырылмасқа серт етер»- деп бірліктің басталатын қайнар көзін ашып береді.
Жырау қарапайым сөздің сыры сезілмес, жымы білінбес шеберлікпен шендестіру арқылы ғаламат қуат күшін оятады. Жай ғана бір сөздің ұйқасы мен үйлесімінің арасына ол тіршіліктің қария даналығын орнықтырады.
Жыраудың толғаулары дүние шартын тізбелеген нақыл, афоризм көмбесі. Ол өзінің өлеңдерінде моральдық сарынға беріліңкіреп, ағайыншылықты, татулықты, достықты үгіттейді, өзімшілдіктен сақтандырады.
Азамат ердің баласы,
Атадан алтау тумас па?
Атадан алтау туғанмен,
Ішінде оның біреуі,
Арыстаны болмас па? - дейді ол.
Бұхар өлеңдері тұспал нақылдарға құрылған шешендік үлгісін танытатын мәнді жыр жолдары:
Етекті кесіп жең болмас,
Ежелгі дұшпан ел болмас.
Қара қойдың терісін,
Сабындап жусаң ағармас.
Қараша торғай қаз болмас,
Шағала келмей жаз болмас.
Шаңқан болмай,боз болмас
Іштен қыңыр туғандар,
Тезге салса түзелмес.
Ежелгі дос жау болмас, - деп жырау табиғи құбылыстарға адам өмірінің заңдылықтарын салыстыра мәнді ой толғайды. Оның бұл сияқты афоризмдерге толы мәтелдері, шешендік үлгісіндегі сөздері әрі шебер, әрі терең мағыналы:
Қатын алма төреден.
Қатын алсаң төреден,
Еркегі болар жау жанды,
Ұрғашысы мал жанды.
Төре берер ұл туса
Аузы кетпес парадан.
Жыраудың нақылдары ішінде бұрын баспа бетін көрмеген мына жолдары бар:
Ақсаған құлан қадірін,
Айдалада қақ білер.
Төс айылдың батқанын
Иесі білмес, ат білер.
Ер жігіттің қадірін,
Ағайын білмес, жат білер.
Жорық жолы болуын
Қария білмес, сәт білер.
Халық мәтелдері стилінде келетін жыраудың бұл нақылдары да өмір тәжірбиелеріне негізделген, ақынның өз тұсында үстем болған салт-санаға сай толғап, тақпақтай сөйлеу өнеріне жетік шешен болғанын танытады.
Бұқар өлеңдерінің кейбіреулерінақыл терме түрінде келеді:
Жал, құйрыға қаба деп,
Жабыдан айғыр салмаңыз!
Қалың малы арзан деп,
Жаман қатын алмаңыз!
Жабыдан айғыр салсаңыз,
Жауға мінер ат тумас.
Жаман қатын алсаңыз,
Топқа кірер ұл тумас, - деген афоризмге толы жыр жолдарынан жырау ойының нақты дәлдігімен қатар тура жолды көрсеткен өмірлік бағытын байқаймыз.
Бұқар жыраудың аталған толғауларындағы афоризмдер қазақтың мақал-мәтелдерімен үндес, сарындас келеді. Мысалы, жыраудың «Ежелгі дос жау болмас» деген толғауы халық мақл-мәтелдерінен өрілген. Мұнда ол өз сөзімен халық даналығының мазмұнын, ойын айқын түсіндіріп береді.    Жырыудың:
Тар пейілді кеңімес,
Кең пейілді кемімес, - деген жыр жолдары қазақтың «Кең болсаң, кем болмайсың», - деген мәтелімен үндесіп жатыр. Ал:
Ағайынның аразы-
Елдің сәнін кетірер.
Абысынның аразы-
Ауыл сәнін кетірер, – деген нақылы қазақтың:
Абысын тату болса ас көп,
Ағайы тату болса ат көп, - деген мақалымен мағыналас.
Жыраудың:
Жаманмен жолдас болсаңыз,
Көрінгенге күлкі етер.
Жақсымен жолдас болсаңыз,
Айырылмасқа серт етер, - деген афоризмі халықтың:
Жақсыға ерсең жетерсің мұратқа,
Жаманға ерсең қаларсың ұятқа,  - деген мақалының жалғасын тапқан десек те болады. Әрине, елінің тілегін ойлаған, халқының жоқшы-жыршысы бола білген жыраудың толғаулары халық жүрегінен шығып, ауыздан-ауызға тарған мақал-мәтелдерімен қалай үндесіп, үйлесіп жатпасқа! Жыраудың:
Мырзалық қонаққа пайда, малға қас
Батырлық жолдасқа пайда, жанға қас
Өтірік о дағы пайда, иманға қас
Өткір пышақ қолға пайда, қынға қас -деген нақыл сөздерден өрілген   тоғауы халықтың:
Өтірік пышақ қынға қас,
Өтірік сөз жанға қас, - деген мақалымен сарындас болып келеді.
Бұқар жыраудың осындай адамды игілікке баулитын тәрбиелік мәні зор нақылдары бүгінгі күнде де өз құндылығын жоғалтпаған. Олар халық жадында берік сақталып, осы күнде де кеңінен қолданылып жүр. Мысалы:
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиын жоқ , - деген жыр жолдарын бүгінде жиі естиміз.
Қариясы кімнің бар болса-
Жазулы тұрған хат болар, - деген афоризмі де қолданыста жүр.
Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас, - деген афоризм осы күнде өз орнында қолданылуда десем де болады. Жыраудың:
Сыйлай бергін көнені
Сыйламаған күң қылар
Өзін тапқан енені және
Қартайсаң қарт бабаңды сыйлай бер,
Күндердің күні болғанда 
Кімдер де кімнің белі бүгілмес,  - деген нақылдары бүгінгі күнде өз ата-аналарынан бас тартып, қариялар үйіне көш түзеген жастарымызға дәл тауып айтылған ақыл.
Бұқар жыраудың адамды игілікке, әділдікке, ізгілікке тәрбиелейтін адамгершілік мәселесін көтерген нақылға толы толғаулары – оның ұрпағына қалдырған асыл қазынасы.

Шал ақын, Тілеуке Құлекеұлы
Жәлменде Байшығашұлы (1846-1901) - би, шешен.
Шешендік сөздер жинағының сілтемесіне басыңыз
Азарсың, жұртым, азарсың
БАҚЫТ ҚАЙДАН КЕЛЕСІҢ
Сыпыра жырау
Бөгенбай қазасын Абылай ханға естірту

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста