Шешендік сөздер

Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.
Әлемде болашақты болжап, нақты жорамалдар жасаған сәуегейлер көп емес. Болгарлар әйгілі Вангасын, француздар Нострадамусты, Ресей Вольф Мессингті теңдесі жоқ көріпкел дейді. Ал, қазақтарда әулиелер бар. Болашақта не боларын айна-қатесіз айтып кеткен осындай ғұламалардың бірі – Мөңке би.
Оның жыр шумақтарымен жазылған жорамалдарын оқыған жан еріксіз жағасын ұстайды. Сонау XVII ғасырда дүниеге келген Мөңкі би дәл бүгінгі қазақ қоғамын көзбен көріп отырғандай етіп суреттеген. Мысал келтірейік:
Азарсың, жұртым, азарсың,
Азарыңның белгісі:
Құрамалы, қорғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ,
Ай сайын бас қосқан жиын болады.
Ішіне шынтақ айналмайтын,
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсаң ауырып қалатын,
Бедірей деген қызың болады.
Алдыңнан кес-кестеп өтетін,
Кекірей деген келінің болады.
Ішкенің сары су болады,
Берсең итің ішпейді,
Бірақ адам оған құмар болады.
Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады.
Ит пен мысықтай ырылдасқан,
Еркек пен қатының болады...
Мөңкі бидің дәл осылай жазғанына кім кепілдік береді дейтіндер де табылады арамыздан. Рас, ол заманда жазу өнерінен қазақтар алыстау болатын. Бірінен тыңдағанды екіншісі іліп әкетіп, жыр-дастандарды осылайша бүкіл елге таратқан. Бір орындаушыдан екінші орындаушыға өтіп жүргенде Мөңкі бидің де айтқандары ішінара өзгеріске ұшырауы мүмкін. Алайда, негізгі ойы мен болжамы сол күйінде деген сеніміміз мол. Өйткені оның көрегендігі, данышпандығы жайында айтылатын әңгімелер көп.
Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынов ол туралы «Шекті Мөңке би жеті жасында билік айтып, кісі құны дауды бітірген екен» деп жазған. Ал, Мөңке бидің Сырым батырға қойған астыртын сұрақтары мен оған Сырымның қайтарған жауаптары, сондай-ақ оның шеркеш Түрке би, тана Нүрке билермен кеңесе отырып айтты дейтін «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек» дейтін толғаулары белгілі.
Мөңке Әбілқайыр ханның кеңесшісі болған және ол қайтыс болған соң Нұралы ханның билігін тану туралы Елизавета патшайымға хат жазған қазақтардың бірі.
Оның жазғандарына сенер болсақ, ақырзаманның да ауылы алыс емес сияқты. Мәселен,
...Ертеңіне сенбейтін күнің болады.
Бетіңнен алып түсер інің болады.
Алашұбар тілің болады,
Дүдәмалдау дінің болады.
Әйелің базаршы болады,
Еркегің қазаншы болады,
Жылқы жұлдыз болады,
Қой құндыз болады.
Кебір - жерге теңеледі,
Әйел - ерге теңеледі,
Көл - теңізге теңеледі.
Сиыр - өгізге теңеледі.
Ақырзаман адамы -
Сағынып тамақ жемейді,
Ащыны - ащы демейді,
Тапқанын олжа дейді,
"Алһам" білгенін молда дейді.
Бір-біріне қарыз бермейді,
Шақырмаса, көрші көршіге кірмейді.
Сарылып келіп тосады,
Құны жоқ қағазды судай шашады...
Шамамен үш жүз жылдай бұрын айтып кеткен Мөңкі бидің осынау жорамалдары дәл бүгін айна-қатесіз орындалуда. Әттең, данышпан бабамыз осы айтқандарын қағаз беттеріне жазып қалдырған жоқ. Әйтпесе, қазақ биі бүгінде әлемнің ұлы көріпкелдері деген тізімде көш бастайтын еді.

Шешендік сөздер жинағының сілтемесіне басыңыз
БАҚЫТ ҚАЙДАН КЕЛЕСІҢ
Сыпыра жырау
Бөгенбай қазасын Абылай ханға естірту

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста