Семейде алып киіз үйдің құрылысы басталады

Семей енді мәртебелі меймандарды ерекше киіз үйде қарсы алады. Мұндай бастама қала әкімі Айбек Кәрімовтің тапсырмасымен жүзеге асатын болды. Бүгінде қазақи нышандағы киіз үйдің эскизі дайын. Жоба авторы – жас сәулетші Асхат Бәкір.
Екі қабатты қазақи нақышта жасалатын қымызхана қаланың Түйемойнақ ара­лын­дағы «Бейбітшілік стелласына» қарама-қарсы бой көтереді. Айта кетсек, бұл жерде полигон құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі, «Мэрлер бейбітшілік үшін» құлпытасы және Елбасының қолының үлгісі басылған кітаптың мүсіндері орна­тылған.
Автордың айтуынша, биіктігі он метр болатын киіз үйдің сырты бұрынғыдай санитарлық талапқа сай келмейтін киізден емес, кәдімгі ғимараттар салып жүрген кір­піш пен цементтен соғылып, классикалық мра­мормен қапталады. Маңайында алты­ба­қан және балалар ойнайтын алаңқай болады. Ал іші жеті жұлдызды нормативке сай мейрамхана, қымызханаға лайықта­лып, заманауи әрлеу жұмыстары жүргізіл­мек. Бір сөзбен айтқанда, бірегей нысан бар­лық қазақи колоритті сақтай отырып, жаңа заманға сай етіп жабдықталады. Киіз үй шаңырағының астында қазақтың алтын­мен жалатылған тайқазаны орнатылады.
Асхат БӘКІР, сәулетші, жобаның авторы:
– Бұл осыдан төрт жыл бұрын жасалған жоба. Астанада өткен байқауға қатысқан. Осы уақытқа дейін өз шешімін таба алмай келе жатқан жоба. Осы жылы Семей қаласының әкімі Айбек Мүталапханұлының қолдауымен бұйырса іске аспақ. Мұның ерекшелігі – қазіргі заманға сәйкес қылып, қазақи ою-өрнектерді, қазақи колоритті сақтап отырып жаңа заманға сәйкес қылып, жасалуында. Және тағы бір ерекшелік шаңырақты біз ылғи әртүрлі қылып көрсетіп жатамыз. Мұнда біз шаңырақты Күн, түн, Ай көрінетіндей қылып шыныдан жасамақ­пыз. Шаңырақ астында үлкен тайқазан су­бұр­қақ ретінде орналастырылады. Семей Абайдың жері, Шәкәрімнің жері, сондықтан да осы жерді қалап отырмыз. Әйтпесе бас­қа қалалардан сұрастырып жатқандар бар. Туған жерім осы топырақ болғаннан кейін бұл жобаны Семейде салу жөн деп шеш­тім.
Қазақи нақыштағы киіз үйдің эскизі бүгінде билік өкілдері тарапынан да үлкен қошеметке ие болды. Қымызхананың құ­рылысы осы көктемде басталады деп жос­пар­ланған. Автордың айтуынша, осы уа­қыт­қа дейін жобаға «құда түсушілер» көп бол­ған. Бірақ қазақ ерекше қастерлеген киіз үйді қала ішіне қалай болса, солай ор­натуға қарсы болып, келісім бермепті. «Бұл жобаға қызыққандар көп болды. Бірақ барлығы қала ішінен салғысы келді. Келісім бермеген себебім қала инфраструктурасына келмейтін болды. Мысалы, киіз үй жанында автокөліктерді техникалық байқаудан өткі­зетін стансы, дүкен сынды түрлі нысандар тұрады да, бұл көрінбей тасада қалады. Ал Түйемойнақ аралындағы белгіленген жерде тоғайдың арасында өзі жалғыз тұрса көзге керемет көрінеді. Орны өте жақсы таңдалды. Енді маңайы жасыл желекке малынған киіз үймен Түйемойнақ аралы құдды қазақтың жайлауын еске түсіретіндей күйде болады» дейді жас сәулетші. Айта кетсек, бірегей нысан тұрғызылатын жерде осы­ған дейін бірнеше павильон жайғасты­ры­лып, онда сатушылар кәуаптары мен небір сусындарын саудалап келген еді. Қазір оның барлығы орнынан алынып, киіз үйдің құрылысын бастауға жол ашты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста