Саха-қазақ этно-рок тобы құрылды

Саха елінің әйгілі шаңқобызшысы Юлияна алматылық Hapanasasa тобымен бірігіп, музыка­лық альбом жазуға кірісті. Мұндай шығармашылық тандемнің өмірге келуіне The Spirit of Tengri фести­валі қолдау көрсетіп отыр.
Шаңқобызда (хомус) ойнаудың вир­туозы, саха фольклорын әлемге насихат­тау­шы, танымал әнші Алматыда бір ай бойы шығармашылықпен айналысады. Осы уақыт ішінде бір концертке жүк болар­лық тұтас бағдарлама жасалады. Солтүстік-шығыс Сібірдің бұла табиғатының бар дыбысын әнге қосып, тайга мен тундраның аң-құсын, сулары мен тауларын шаңқобыз тілімен бейнелейтін Юлиянаның компо­зи­цияларына Hapanasasa-ның мың құбылған акустикалық және электронды ырғақтары қосылады, якуттың шаман әйелдері – одағандардың дәстүрі мен көмей үні тағы бар, сөйтіп, қазіргі заманғы музыкада жа­ңа синтез пайда болады. Юлияна мен Hapana­sasa бірлескен альбом жазумен қатар Түркияның Ескішаһар қаласында өтетін рок-фестивальде өнер көрсетуге де қамданбақ. Біз The Spirit of Tengri жобасы бірік­тірген жаңа музыкалық ұжымның өкілдерін әңгімеге тарттық.
Юлияна, саха-қазақ этно-рок тобы қалай құрылды?
Қазіргі заманғы этникалық музыканың The Spirit of Tengri фестивалі кезінде Hapa­nasasa тобы кейбір әндеріме аранжировка жасаған еді. Маған бұл әрлеу қатты ұнады, сол кезде мен топтың жетекшісі Дамир Алибакиевке бірге жұмыс істеу туралы ұсыныс айттым. Тұтас концерттің бағдарла­масын жасап, альбом жазатын болып келістік. Енді бір ай бірге шығармашылық ізденісте боламыз. Бір сағаттық бағдар­лама әзірлеген соң Түркияға барамыз. Он­да әр елден әртістер келеді. Танымал соул-әнші Джамала болады.
Hapanasasa музыкасында сізді баурап алғаны не еді?
Бұл – ерекше, ешкімде жоқ музыка, электронды, ғарыштық сипаттағы, абстрак­тілі әуендер. Бұрын-соңды сезін­беген тың көңіл-күйге жетелейді, топтың әр ойлап тапқан тәжірибелері қызықтыра­ды. Міне, енді олармен бірге жұмыс істеу жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.
Дамир, сіз не айтасыз?
Юлиянамен бұрыннан таныс болсақ та, шығармашылық тұрғыдан табысып, бірге жұмыс істеуге The Spirit of Tengri фестивалі ықпал етті. Бірақ бірге қызмет етуді көпке дейін, қалай және неден бастау керектігін білмедік. Дәл қазіргі уақытта соның сәті түсті. Бір-екі композиция емес, тұтас аль­бом жазғалы отырмыз. Tengri FM радио­стан­сысының The Spirit of Tengri жобасы бізге қолдау көрсетіп отыр. Осы фестиваль­дің арқасында Гүлзада, Чылтыс, Болот Байрыш­ев сияқты халықаралық деңгейдегі танымал музыканттармен және жобаға қатысушы қазақстандық топтармен өзара шығармашылық байланысымыз орнады.
Әлемнің үздік хомусшыларының бірі, ән­ші-композитор Юлияна қазақстандық­тар­ға The Spirit of Tengri фестивалінің арқа­сында кеңінен танылған болатын. «Алматыға жиі келетінді шығардым, өйт­кені маған бұл қала, жалпы, Қазақстан қатты ұнайды, өз үйімдей көремін. Табиғат қана емес, адамдар да жаныма жағады. Сондай жылы, қонақжай, мен мұнда қонаққа келуден жалығамын деп ойламаймын», – дейді әнші. Оның сөзіне қарағанда, The Spirit of Tengri фестивалі дәстүрлі түрде өтер болса, оған қатысуға Ресейден этно-рок бағытындағы біраз музыкант ниет білдіріп отыр. Еске салайық, The Spirit of Tengri халықаралық фестивалі­нің гала-концерті биыл маусымның 8-і күні Алматыда өтті. Оған бурятиялық «Намгар», башқұртс­тан­дық «Арғымақ» топтары, сахалық музыкант Юлияна, таулышория­лық әнші Чылтыс Таңнағашева, қырғыз­стан­дық этно-рок әнші Гүлзада, алтайлық жыршы, мультиинструменталист Болот Байрышев, тувалық импро­ви­­затор әнші Сайнхо Намчылак және қазақстандық «Ал­даспан», «Роксонаки», Hapanasasa топ­тары мен Қорлан, Найя сияқты орын­дау­шылар қатысты. «Алаш Медиа Групп» холдингі қолға алған жоба қазақстан­дық­тардың көне халықтық әуендерге деген қызығушылығын арттырды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста