Сатириктердiң өзi сатира кейiпкерiне айналып барады

«Қисық сөз күлмекке керек» демекшi, бәрiмiз қалжың-қағытпаны ұнатсақ та, сол әзiлдiң астарында зiлдей ойлардың жататынын аңғара бермеймiз. Соңғы уақытта сатираның өзiне түрлi сындар айтылуда. Қандай жанр болсын ол белгiлi бiр уақытпен, заманмен, қоғаммен үндесiп отырады. Ал жалпы қазақ сатирасының басты тақырыптары не? Осы бiз кiмге, неге күлемiз?
Күлiп отырып, ол жағын ойлана бермейтiн сияқтымыз. Қарап отырсақ, әр заманның күлкiсi әртүрлi, кейiпкерлерi де өзгерiп, «жаңарып» тұрады. Бұл жөнiнде ұлтымыздың сақа сатириктерi талай еңбектер жазған. Сол кiсiлердiң iзiн басқан, қазақы әзiл-қалжыңды, жалпы сатира жанрын зерттеп-зерделеп жүрген санаулы әдебиетшi ғалымдарымыздың бiрi Гүлжамал Қыдырбайқызы осыдан екi жыл бұрын қазақ сатирасы туралы арнайы кандидаттық диссертация қорғады. Осынау келелi еңбекте ғалым қазақ сатирасы мен юморлық шығармаларының садағы мен   нысаны саясат пен көркемдiк тұрғыдан әр жылдарда түрлiше  болғанын ғылыми тұрғыда сараптап отырып анықтаған екен:
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы кейiпкерлер – арамза молда, пысықай қулар, белсендi қу мен сұм, сорлы, жапа шеккендер, дүмше бақсылар, әйелдер саудалау, ескi салт, ескiлiк сарқыншақтары, қалың мал, некебұзушылық, сауатсыздық, таптық күрес, асырасiлтеушiлiк, төрешiлдiк.

41-45 соғыс жылдары – сатқындық, атаққұмарлық, дiншiлдiк, cауатсыздық, өзiмшiлдiк.
50-60 жылдар – жалқаулық, мансапқорлық, жағымпаздық, даңққұмарлық, алаяқтық, саудагерлiк, екiжүздiлiк.
70-жылдар – парақорлық, жалқаулық, маскүнемдiк, қоғамдағы жолсыздық, саудагерлiк, алыпсатарлық, қылмыскерлер, қоғам мүлкiн талан-таражға салушылар, рушылдық, заңбұзушылық, отбасындағы берекесiздiк, дiндi сынаушылық.
80-жылдар – жайбарақаттық, сән-салтанат қуушылық, парақорлық, көлгiрсу, күнбағарлық, әлеуметтiк әдiлетсiздiк, күншiлдiк, көреалмаушылық, дарақылық, енжарлық, көзбояушылық, көңiлжықпастық, жатыпiшер жалқаулық, салғырттық.
90-жылдар – берекесiздiк, ұрлық, маскүнемдiк, мәңгүрттiк, тiл бiлмейтiн дүмшелер, жершiлдiк, топшылдық, сыбайлас жемқорлық, халықтық енжарлық, жалқаулық, самарқаулық, немқұрайдылық, тоғышарлық, көнбiстiк.

Бiр кездерi Римде әрбiр мың римдiкке шаққанда, қырық мың құлдан келген.
Қазiр бiзде де әрбiр сатирикке шаққанда, он төрт ақын, сегiз жазушы, отыз-қырық халтуршиктен келедi екен.

ХХI ғасыр – моральдық азғындық, арызқойлық, қатiгездiк, мейiрiмсiздiк, көзбояушылық, марапатшылдық, рушылдық, ұранқойлық, қулық, сұмдық, қызмет бабын пайдаланушылық, зинақорлық, бұзақылық, пайдакүнемдiк, сұрампаздық, партияшылдық, оңшылдық, солшылдық.

P.S.
Осының өзi әр дәуiрдiң келбетiн, сол қоғамның шынайы бейнесiн елестетуге мүмкiндiк бередi. Уытты сөз қашанда қоғамның сыншысы болған. Дегенмен бүгiнгi қазақ сатирасы қазақтың өзiне тән ұлттық бояудан сәл де болса ажырап бара жатқандай. Бүгiнде ел-жұрт қазақы астарлы сөзден гөрi, әзiлкештердiң қимыл-әрекеттерiне көп күлетiн болып жүр. Осылайша, бiздiң сатириктерiмiздiң өзi сатира кейiпкерлерiне айналып бара жатқандай... 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста