«Шәкен жұлдыздары» назарға ілінді

Ардақ ҚҰЛТАЙ (фото)

Еліміздің рухани өміріндегі айтулы оқиғаға айналған «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалі осы жолы XI рет өткізілді. Халықаралық деңгейдегі шараға осы жолы Жан Руа (Франция), Джавед Джафри (Үндістан), Ханс-Йохим Шлегель (Германия) бастаған кино өнерінің майталмандары қазылық жасады.

Венера Нығматулина, актриса, «Шәкен жұлдыздары-2013» кинофестивалінің бас директоры:
– Жыл өткен сайын жас кинематографистердің деңгейін көтеру үрдісі артып келеді. Кинофестивальға жас мамандар дебюттық жұмыстарын әкеледі. Осы уақытқа дейін қаншама жаңа есімдер пайда болып, арамыздан талантты режиссерлер мен актерлер өсіп келеді. Бұл – танымдық-әдістемелік мазмұндағы шара, сондықтан мұнда голливудтық жұлдыздардың қатысуы емес, фестиваль бағдарламасының барынша бай болуы маңызды. Сондай-ақ фестивальға шетелдің кино мамандары да көптеп тартылуда.  Тәжірибе алмасу алаңына айналған бұл жоба өз кезегінде қазақстандық киноиндустриясының дамуына ықпал етпек.

Фестивальдың бас жүлдесін ирандық жас режиссер Панахбарход Резаий иелен­ді. Ол бұл додаға «Дочь... отец... дочь» фильмімен қатысқан. Мірғалым Есірке­пов­тің «Три шага вверх» («Жоғарыға үш қадам») картинасы кинофестиваль дирек­циясының жүлдесіне қол жеткізді. Қазылар алқасының арнайы жүлдесіне Айнұр Исмаи­лованың «Көке» фильмі лайық деп танылды. «Қазақфильмнің» тағайындаған сыйлығын Әлия Мұстафина жеңіп алды. Бұл сыйлықтың өзгелерден ерекшелігі бар. Әлия Мұстафина осы арқы­лы қысқамет­раж­ды кино түсіруге мүмкіндік алды. (Былтырғы жылы мұндай қамқорлық фестивальға «Мент» фильмі­мен режис­сер­лері Мақсат Оспанов пен Медет Ілгі­даев­қа жасалған еді). Ал Жапо­ния­дан кел­ген Тацуо Ямамотоның «Мага­зинчик на горе Камиха­те» фильмі дебют деп танылды.
Ал үздік студенттік фильм аталымы бойынша Базира Сиратаның «Маленький Афганистан», Жозефа Блиадзенің «Самое ценное» картиналары алдыңғы қатардан көрінді. Анимациялық фильмдердің ішінен ресейлік режиссер Антон Дьяковтың «Костясы» топ жарды.
Қазылар алқасы «Актерлер қатыспай­тын фильм» номинациясы бойынша Родиона Исмаилованың «Моя родня» лентасын өзгелерден оқшау деп тапты. Ресейлік Сергей Кравчуктың «Ритуалы» «Актерлер қатысатын фильм» номинация­сында топ жарды.
Биылғы жылы кинофестивальдың бас жүлдесі үшін Қазақстаннан басқа да Әзірбайжан, Армения, Германия, Грекия, Үндістан, Индонезия, Испания, Иран, Қы­тай, Ресей, Жапония, Қырғызстан сынды мемлекеттерден келіп түскен 55 жұмыс сынға түскен болатын. Бір ғана еліміздің атынан сегіз кино бақ сынады. Олар: Ай­нұр Исмаилованың «Көке», Бауыржан Жұ­қанұлының «Кім кінәлі», Мұрат Біләлұлы­ның «Суретші», Мірғалым Есіркеповтің «Жоғарыға үш қадам» сынды фильмдері.
«Шәкен жұлдыздары» кинофестивалі өзін-өзі ақтаған фестиваль деуге болады. Алғашқы кезден осы уақытқа дейінгі аралықта халықаралық деңгейде абырой, бедел жинап үлгерді. Жоғарыда аталған мемлекеттердің қызығушылық танытуы­ның өзі көп нәрсені аңғартса керек. Егер бұл фестивальдың бет-бейнесі дұрыс қалыптаспаған болса, кино өнеріне қадам басқан режиссерлер өнер дүниесін ар­қа­лап, әр қиырдан тартынып жетпес еді деп ойлаймыз.
Және кино өнеріндегі әлемдік деңгей­дегі айтулы тұлғалардың қонаққа келуі, бұл шараны мойындауы болса керек. Қазылар алқасының құрамындағы жоға­ры­да айтылған әйгілі тұлғалардан бөлек, бұған дейін әр жылдары   Александр Митта, Лейла Аранышева, Ханс-Йоахим Шлегель, Наталья Арынбасарова, режиссер Питер Гринуэй (Ұлыбритания), актер Майкл Мэдсен (АҚШ), актриса Барбара Брыльска (Польша), режиссер Егор Кончаловский (Ресей), сатирик-жазушы Михаил Задор­нов (Ресей), актриса Мишель Мерсье (Франция) сынды қайраткерлердің болуы бұл шараның беделін асырғаны мәлім.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста