Мәскеу мұрағатынан Сәкен Сейфуллиннің алғашқы бейнекадры табылды. Оны режиссер Жәнібек Жетіруов Тұрмағамбет Ізтілеуов туралы деректі фильмге қажетті материалдарды жинап жүріп кездейсоқ тауып алған.
Кинорежиссердің айтуынша, биыл туғанына 130 жыл толғалы отырған халық ақыны, әйгілі аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуов туралы деректі фильм түсірілген. Оны әзірлеу барысында Мәскеу киномұрағаттарынан алынған материалдар қолданылды. Соның ішінен Сәкен Сейфуллиннің әлдебір жиналыстағы бейнекадры табылды. Онда Сәкеннің екі жолдасымен жиналыс кезінде қол шапалақтап, өзара сөйлесіп тұрған сәттері бар. Әзірше Сәкен Сейфуллиннің жанындағы адамдардың кім екені анықталмай отыр. Бұл бейнекадрларды филология ғылымының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, сәкентанушы Тұрсынбек Кәкішев те көріп, Сәкен Сейфуллинді бірден таныған. Бұған дейін ақынның артында қалған мұрасының арасында фотолары болмаса, бірде-бір бейнекадры табылмай келген.
Тұрсынбек КӘКІШЕВ, сәкентанушы-ғалым:
– Иә, мен күні кеше ғана режиссер Жәнібек Жетіруовтың тауып алған бейнематериалын көріп шықтым. Онда Сәкен Сейфуллиннің бір жиында сөйлеп тұрған кадры бар. Оның қасында екі адам тұр. Бірақ біз олардың кім екенін әлі білмей отырмыз. Қазір зерттеп, сұрастырып жатырмыз. Қандай жиын екені де белгісіз. Себебі дауыс жоқ.
Сәкен Сейфуллиннің бейнекадры табылды
Последние статьи автора