“МұзАрт” тобының әншісі Сәкен Майғазиев Instagram парақшасында аяғы ауыр әйелінің жан сақтау бөліміне түсіп қалғанын мәлімдеді. Айы-күні жақындаған әншінің жары тұмауратып қалған.
“4-қаңтар күні сапардан келсем, жарым жан сақтау бөлімінен бір-ақ шығыпты. Сол тұмау ғой, баяғы. Кім ауырмай жатыр дейсің…Бірақ, айы-күні жақындаған әйел мен анасын сағынған періштенің ішқұса болып ауырғаны ауыр тиіп, шарасыз болып жатқаным болмаса. Алланың кішкентай сынақтары ғой”, – деп жазады Майғазиев қазіргі жағдайы туралы.
Әнші қызының анасына деген сағынышын көріп, “көшеде көздерін жәудіретіп балапандарын тастап кетіп жатқан жандарда жүрек жоқ-ау, сірә” деп күрсінеді.
Әртіс өзінің қазір “няня Сәкен” болып отырғанын жымия жеткізді. Сөз соңында Майғазиев Алла тағаланың барша ананы баласынан ажыратпауын тіледі.