Шәкәрімге байланысты жаңа құжат табылды

Шәкәрімге байланысты жаңа құжат табылды

Семейде Шәкәрім қажының өміріне байланысты осыдан бір-екі  жыл бұрын табылған құжат тарихтанушылар мен әдебиетшілердің үлкен қызығушылығын тудырып жатыр. Бұл деректеме ақынның өнер жолынан емес, өмір жолынан, әсіресе, қиын қыстау кезеңге толы өмірінен ақпарат беретін қалың іс-қағаздары топтамасы деуге болады. Мұрағат қызметкерлерінің айтуынша,  бұл құжат 1961 жылдан қорда жатып, тек кейіннен табылған.

Ол сол жылдардағы Шәкәрімді ақтауға байланысты құрылған комиссия жұмысының қызметіне байланысты. Комиссия құрамында Шәкәрімге жабылған жаланың нақақ екендігін растауға ниет қылған бір топ адамдар, ұлт, өнер жанашырлары кірген. Олар 300-ден астам адамнан сұрақ-жауап алып, 20-дан астам  адамнан куәландыратын құжат жинап, сондай-ақ сол кездегі кінә тағушы жақтың пікірлерін саралаған. Осындай жұмыс жасай келе, комиссия  бір шешімге келіп, Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығынан еш мін таппайды. Сөйтіп, олар  Қазақстан компартиясының орталық комитетіне Шәкәрімнің бір топ өлең жинақтарын жолдап, мұны жариялау керектігін түсіндіреді.

№103-қорда  158-159 ретпен тіркелген құжат осындай шаралардың жүргізілгендігін анықтайды. «Құжатқа бір қарасаң, түк ерекшелігі жоқ, соған дейінгі Шәкәрімді ақтауға байланысты құжаттарға ұқсас, бірақ ең басты айырмашылығы, бұл құжатта  ақынды ақтауға байланысты  өтініш, ұсыныстардың барлығы арнайы куәландырылған. Барлық айғақтар құжатқа қоса тіркелген. Бұл дерек сонысымен де құнды болмақ», – дейді Семей қалалық «Қазіргі заман тарихы құжаттамасы» орталығының қызметкері Лаура Қадырова. Мұрағатшылардың мәліметінше, құжат беттерінде тіпті кейбір адамдар өздерін Шәкәрімге қарсы пікір жазуға сол кездегі атқамінерлердің күш көрсетіп мәжбүрлегендерін анық жазыпты. Дәл осы хаттамалар бүгінде қаладағы оқушылардың да, оқытушылардың да  назарында көрінеді. 

Айта кетейік, өткен жылдың көктемінде шәкәрімтанушылардың қоржыны ақынның ешкім көрмеген фотосуретімен толыққанын жазған едік. Ол фото кезіндегі Қазақ Автономиялық Социалистік Кеңестік Республикасының «Жер Халық Комиссариатының» Семей губерниялық Жер басқармасының 1924-1925 жылдары ұйымдастырған экспедициясының мұрағатта қалған есеп жұмыстарының арасынан табылған болатын.

Лаура ҚАДЫРОВА, Семей қалалық «Қазіргі заман тарихы құжаттамасы» орталығының қызметкері:

– Бұл құжатты ел «жаңа құжат» деп жүр. Бірақ бұл бізде баяғыдан бар еді. Алайда ел енді ғана осы деректерге аса үлкен қызығушылық танытуда. Тіпті өткен жазда осы деректерді қарау үшін көп-көрім кезек болатын. Оны қарауға,оқуға, қызығуға келушілер тіпті көп. Мен Шәкәрімнің ең соңғы фотосын тауып едім, сол кезде де дәл осындай жағдай болып еді.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста