«Шабыттың» шапағатына бөленді

Елорданы бір апта бойы ән мен күйге бөлеген «Шабыт» фестивалі өз мәресіне жетті. Шығармашыл жастардың халықаралық өнер додасы осымен 15-інші рет өтіп отыр. Қарашаның 8-і күні аталған фестивальдың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Биылғы Президенттік кубоктың иегері де осы жерде анықталды.
Бір апта бойы Қазақстан, Ресей, Ук­раина, Молдава, Белоруссия, Өзбекстан, Қытай, Италия, Австрия және Корея елдерінің өкілдері кіретін қазылар алқасы он бір аталым бойынша фестиваль қатысу­шыларын іріктеп, оқ бойы озық өнерпаз­дарды анықтады. Шыны керек, барлық жастардың өнерге деген құлшынысы мен шығармашылық өресі биік болды. Бірақ байқаудың мақсаты – жеңімпаздарды анықтау болғаннан кейін, қазылар алқа­сына үздіктерді таңдап алу міндеті жүк­телді. Сонымен, биылғы «Шабыт» фести­валінің скрипкашылар конкурсының бас жүлдесін «Камерата Қазақстан» оркестрінің әртісі Ахан Мейірбеков жеңіп алса, во­калда – Қазақ ұлттық өнер универси­тетінің студенті Азат Мәлік, бейнелау өнерінде – Табысбек Толқын, қылқобыз аталымында – Олжас Құрманбек, көркем әдебиетте – Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия­сының студенті Балтабек Нұрға­лиев, пианистер кон­курсында – Чай­ков­ский атындағы Мәскеу мемлекеттік кон­серва­ториясының шәкірті Дарья Киселева (Ресей), домбыра-прима және шертер аспаптары бойынша – Алмас Нартаев (Татарстан), журна­листикада – «Хабар» арнасының тілшісі Рахат Жақсыбай, балет өнерінде – Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының әртісі Әйгерім Бекетаева, альт, виолончель және контрабаста – Чайковский атындағы Мәс­кеу мемлекеттік консерваториясының сту­денті Александра Рамазанова, ал цирк өнері бойынша Астана циркінің жас май­талманы Мұхтар Өселбаев үздік деп танылды. «Шабыт» халықаралық фести­валінің арнайы сыйлығы – Президенттік кубокты да М.Өселбаев иеленді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста