Иә, еліміздегі ең әдемі жұлдызды жұптардың бірі екі жаққа кетісіп тынған сияқты. Алтынайдың әлеуметтік желідегі парақшасында Сәбиттің суреті тұрмақ, аты да аталмайды. Ал Сәбиттің өзі бұл туралы сауал қойылса, басын ала қашады.
Олардың ажырасуына не себеп болды сонда? Біреулер екеуінің айырылысып кетуіне Сәбиттің бұрынғы әйелі, актриса, әнші Айгүл Иманбаеваның қатысы болған десе, енді бірі Сәбит тым дөрекі, Алтынайды жиі ұрып-соғатын еді деуде.
Ал Алтынайдың өзі бұдан бұрын Инстаграм желісіндегі парақшасында “Қайырлы күн баршаңызға! Алла қайырын беретініне сену керек! Адамның айтқаны емес, Алланың қалауы болады. Алла жақсы біледі”, – деген жазба қалдырған болатын.
«Алла жақсы біледі»… әлеуметтік желідегі қауым әншінің осы жазбасын барынша талқылаған-тұғын. Бұл жазба «Сәбит пен Алтынай ажырасып кетіпті» деген әңгіме енді шыға бастағанда, отқа май құйғандай болған.
Шын мәнінде, жұлдызды жұптың арасында не болды? Сәбит пен Алтынайға қатысты бір жайтты білдік. Елдегі жұлдызды жаңалықтар топтамасын жүргізетін белгілі журналистің (аты-жөнін айтпауды өтінді) айтуынша, Сәбит әйелінің көзіне шөп салған. Бар мәселе осында екен. Әйеліне деген адалдығын сақтай алмаған Сәбитті Алтынай да кешіре алмапты. Әрине, бізге ақпар берген дереккөздің сөзі шындық деуден аулақпыз, әрбірден соң бұл ажырасуларының шын себебін тек жұлдызды жұптың өзі ғана біледі.
Дегенмен де ойлап қарасақ, журналистің жұлдызды жұптың ажырасуына қатысты ой-пікірі шындыққа жақын сияқты. Әйтпесе сүттей ұйып отырған отбасының бір күнде бүлінуіне не себеп болуы мүмкін?
Иә, Сәбит Алтынайға қол көтерген де шығар. Бірақ, ұрыс-керіс қай отбасыда болмайды? Бастары сыйыспаған бұрынғы әйелі Айгүл Иманбаевамен де қайта қосулы күмәнді. Алтынай кешірмейтін бір жағдай болса, Сәбиттің опасыздығы болуы әбден мүмкін. Күйеуінің көзіне шөп салғанды кешіре салатын әйел кемде-кем ғой…
Ал қазір Алтынай кештерге жалғыз барады. Суретке де жалғыз түседі. Жұлдызды жұптың жанкүйерлері болса “Неге жалғыз түсе бересіз жолдасы жоқ адам сияқты? Әлде Сәбит Айгүл мен баласына оралды ма?” деп аң-таң.
Айтпақшы, бұдан бұрын еліміздегі арналардың біріне сұхбат берген Сәбит: «Екі ескі әйелімді бір жаңа әйелге ауыстырғым келеді» деген болатын. Бұл әсте әзілі емес еді…