Роза Рымбаева қазақ жерін автобуспен араламақ

40 жыл сахнада! Халық артисі Роза Рымбаева өнердегі мерейтойын кең көлемде атып өтіп жатыр. Айтулы датаға орай әнші Қазақстанды түгел аралап, тыңдармандарын әнге бөлемек. Рымбаеваның өнердегі жас буынмен бірге 2 айға созылған ән сапары бүгін басталып та кетті. Шара 28-ші қазанда Алматыда өтетін есеп беру кешімен аяқталмақ.

Талантымен талайды тәнті еткен Қазақстаннның Халық артисі Роза Рымбаеваның сахна төрінде жүргеніне биыл 40 жыл. Сол кезден бері әнші халықтың ыстық ықыласына бөленіп келеді. Репертуарындағы әндер саны бүгінде 400-ден асқан. Ол өнер көрсетпеген сахна, орындамаған ән кемде-кем.

Роза Рымбаева, ҚР Халық артисі:

- Халықтың маған деген махаббаты мені әрқашанда үлкен бір белестерге жетелейді. Әрбір концертім мен үшін шығармашылық емтихан. Мен енді, болдым, толдым деп тұрғаным жоқ.

Әнші өнердегі мерейтойын кең көлемде атап өтуді жоспарлаған. Арнайы ұйымдастырылған ән сапар 2 айға созылып, Қазақстанның барлық өңірін қамтымақ. Сапарға мерейтой иесімен бірге жас әншілер де шығады. Олардың қатарында Мәдина Сәдуақасова, Нұржан Керменбаев, Мөлдір Әуелбекова мен әншінің ұлы Әли Оқапов та бар.

Мөлдір Әуелбекова, әнші:

-Автобуспен, бүкіл Қазақстанды құдай қаласа жалғыз облыс, үлкен қалаларды ғана емес, ауыл-аймақтарды аралаймыз. Осындай үлкен жоспарымыз бар алдағы уақытта.

«Ертеңіме сенемін» деп аталатын ән сапар бүгін Республика сарайынан басталды. Өнер иелерінің алғашқы аялдаған жері Алатау баурайындағы Үшқоңыр ауылы.Концертке келген қараша қарақұрым. Олар тек теледидардан көретін әншілердің өнерін тамашалап, көзайым болды. Тіпті өзге өңірлерден де арнайы келген тыңдармандар бар екен.

Альмира Сембайқызы, Семей қаласының тұрғыны:

- Әдейі Семей қаласынан келіп, осы концертке қатысып отырмын. Және де мен өте қуаныштымын, Елбасының, тарихи жерлерде өтіп жатқанына өте қуаныштымын. Мен 10-15 жасымнан бері осы кісінің кумирімін.

Роза Рымбаевамен бірге қазақ эстрадасының әншілері 2 ай бойы күллі Қазақстанды аралап, мерейтойлық ән сапар 28-ші қазанда Алматыда есеп беру кешімен аяқталмақ.

ktk.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста