Роза Мұсаның ән кеші өтеді

Оңтүстікке танымал әнші Роза Мұса батыс өңіріне арнаған гастрольдық сапарын Ақтөбеден бастауды жөн көрді.
Құлап, кейін апаттан еркін жүріп-тұру мүмкіндігі шектелсе де, бұл оның шығармашылықпен айналысуына кедергі болмады, керісінше, қажыр-қайратын қамшылапты. Өмір сына­ғы­на қарсы тұрып, мақсатына қол жеткізе білген қайсар Розаның өнерде жүргеніне биыл — 10 жыл. Соған орай жақында Шым­­кент қаласында «Өмірге ынтық өне­рім» атты кеш ұйымдастырды.
— Әнші болу — бала күнгі арма­ным. Алғашында маған сізден ештеңе шықпай­ды деп бетімнен қағып, мен үшін өнердің есігін жапқандар да болды. Бірақ мен қай­мықпай, дегеніме жетуге асықтым. Арман-мақсатың айқын болса, онда оған жетер жолың да мүмкіндігінше ашық болады екен. Кездескен қиындықтарға мойынсұн­бай, шығармашылықпен айналыстым. Қа­зір, Аллаға шүкір, жағдайым жақсы. «Қы­бырлаған қыр асады», — деп жаймен жыл­жып келемін. Әрине, армансыз адам бо­лмайды, арман көп қой. Алайда мен өзімді арманы орындалған қызбын десем де болады, — дейді Роза.
Розаның «Мен өмірге ғашықпын», «Сезім сыры» атты бейнебаяндары бар. Сондай-ақ ол жерлесіміз әнші Есет Сәдуақасовпен бірге «Мектеп бітірушілер әнін» орындап, оған бейнебаян да түсіріп үлгеріпті. Басқа да әндеріне бейнебаян түсіру үшін ізденіс үстінде.
Халықаралық қазақ-түрік университеті­нің өнер факультетін бітірген ол қазір Шым­кенттегі Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияда әнші болып жүр, сонымен бірге №88 Шымкент мектебінде вокал үйір­месінен дәріс береді. Өзінің айтуынша, үнемі мұрнынан шаншылып жүргені, ты­ныс­тауға уақыт қалмайды. Ал егер қолы бо­сай қалса, көннен картина жасаумен ай­на­лысады, қыстыгүні тоқыма тоқиды. Енді, міне, арбада отырып, балдақпен жүрсе де, ел аралап, гастрольдық сапарға шығыпты.
— Мұздаған жүректерді тек қана мейірімділікпен ерітуге болатын шығар. Сондықтан да ән кешімнің атын «Мұздаған жүректі еріткен мейірімділік» деп атауды жөн көрдім. Репертуарым «Қара бауыр қасқалдақ» әнінің авторы Ілесбек Аманов­тың әндеріне бай. Жаныма жақыны  — адам­ның мінез-құлқына қатысты шы­ғарылған «Мұз сүңгі» әні, сосын  –«Са­ғыныш», — дейді әнші.
«Жігіттер» продюсерлік орталығының ұйымдастырушысы Еділ Әбуов әншімен бірге ел аралауға шығыпты. Ол әр қала­да­ғы концерттің өз деңгейде ұйымдасты­рылуын қамтамасыз етеді. Еділдің айтуын­ша, Розаның Ақтөбедегі кеші жақсы өтуге тиіс, дайындық жұмыстарына облыстық мә­дениет басқармасының басшысы Нә­зира Табылдинова, Құралай Байменова бас­та­ған сал ауруына ұшыраған азаматтар­дың қоғамдық бірлестігінің мүшелері кө­мектесіп, қолдап отыр. 
4 желтоқсанда өтетін Розаның кешінде қа­зақ эстрадасының әншілері Есет Сәдуа­қас­ов, Асан Пердешов, Қанат Үмбетовтер де ән салады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста