Қызылордада «Бауырсақ күні» өтті

Қызылордада бұрын-соңды болмаған шара өтті. Жергілікті жұртшылық «Бауырсақ күні» атты арнайы акцияны қызыға тамашала­ды. Облыстың бас қаласын­дағы орталық алаңда көп­шілік ұлттық дәстүрді ұлық­та­ған осындай оңды істің куә­сі болды.

Сыр өңірінде қалың қазақ қоныстанған. Дегенмен бүгінге дейін төл дәстүрді төрге оздырған шаралар қатары кем болғаны жасырын емес. Сол олқылықтың орны енді толғандай. Соңғы жылдары елімізде атал­мыш мереке кеңінен тойлана бастады. Үлгілі үрдістен қызылордалықтар да қалыс қалғысы келмеген секілді.
Орталық алаңға келушілер пісірілген ыс­тық бауырсақтан ауыз тиді. Жергілікті жас­тар ұйымдарының қолдауымен қазақ хал­қының салт-дәстүрлерінен қызықты қо­йы­лымдарды елдің назарына ұсынды. Мә­селен, кейінгі буын өкілдері қыз ұзату, ке­лін түсіру, бесікке салу, тұсаукесер, сүн­дет­ке отырғызу секілді дәстүрлерді тағы да бір мәрте халықтың санасына сіңіре білді.
Аталмыш шараның өтуіне Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Бо­лашақ жастары» қоғамдық бірлестігі ұйыт­қы болды. Жоғары деңгейде дайындығын көр­сеткен ұжымдар арнайы марапатты иелен­ді.

Бауыржан МӘСТЕКОВ, «Болашақ жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
– Арнайы акцияның мақсаты ерек­ше. Біз жастар бойына ұлтымыздың салт-дәстүрін сіңіріп, оны кеңінен наси­хат­тауды дұрыс көрдік. Осының нәти­же­сінде оларды отансүйгіштік пен елжан­дылыққа тәрбиелей аламыз де­ген ойдамын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста