Қызылорда облысы Арал ауданының орталығында қазақтың махаббат символына айналған тұлғалары – Қыз Жібек пен Төлегенге арнап ескерткіш қойылды. Осылайша ғашықтар эпосының кейіпкерлері жергілікті жұрттың көзайымына айналып отыр.
Ескінің шежіресін жатқа соғатын құймақұлақ қарттардың әңгімесіне қарағанда, атақты эпосқа арқау болған оқиға Арал өңірінен басталған екен. Одан әрі Еділ мен Жайық өңірінде жалғасын тапқан махаббат дастаны қай қазақтың да жүрегіне жол тапты. Жағалбайлы мен шекті руларының арасында өрбіген тарихи туындыға қойылған ескерткіш жас жұбайлардың құрмет тұтатын орнына айналары анық.
Соңғы жылдары дәстүрге айналған «Арал күндері» аясында ескерткіштің ашылу салтанатына «Қыз Жібек» фильмінде бас рөлдерді сомдаған ерлі-зайыпты өнер иелері Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешова да арнайы келді. Олар ізгі іске ризашылығын білдірді.
Құман Тастанбеков, Төлеген рөлін сомдаушы актер:
– Игілікті іс барша қазақтың қуанышына айналып отыр деуге негіз бар. Біз бұрындары өткенімізді бағалай алмай келдік. Қазір барлығын бағалауға жол ашылып отыр.
Аталмыш туындыны жасауға аудандық бюджеттен 27 млн теңге шамасында қаржы қаралды. Ескерткішті «Көш-керуен» ЖШС атқарып шықты.
Қыз Жібек пен Төлегенге ескерткіш қойылды
Последние статьи автора