Қырық жыл қапаста болған қаламгердің мәңгілік ғұмыры басталды

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Қазақтың қайсар қаламгері Қажығұмар Шабданұлының жарық дүниемен қош айтысқанына да бір аптаның жүзі болыпты.
Туған жердің еркін ауасы тұрмақ, бір шөкім топырағы бұйырмаған Алаштың қай­ран ақтаңгер ұлының сүйегі Қытай же­рін­дегі Шәуешек қаласы маңындағы зи­рат­қа жерленді. Елге өзі жетпесе де, сөзі же­ткен тағдырлы жазушының артынан қа­лың-қалың он томға жүк боларлық шы­найы да шымыр шығармалары – бізге мұ­ра. Түр­лі саяси себеп-сылтаулармен Қытай өкі­меті Қажығұмар ақсақалды еліне қай­та­руға заң жүзінде қатал тыйым салды. Қа­­зақстан тарапынан бірнеше мәрте сұрау са­­лынғанымен, бұл мәселенің түйіні ше­ші­ле қоймады. Қиын күндерде де қаламын қо­лынан тастамаған қарт қаламгер түр­меден шыққан кездің өзінде де тиісті ор­гандар оның әрбір сөзі мен басқан қа­да­мын жіті бақылып, үйқамақта ұстады. Елге деген сағыныштан ет жүрегі езіліп, жан-тәнімен бостандықты аңсаған Қаж-ағамыз шын мәнінде де арманда кетті. Артында жоқтау айтып, топырақ сала алмай аңырап ел-жұрты қалды. «Саяси қылмыскер» де­ген жаман атқа таңылған қазақ қалам­ге­рінің көзі тірісінде де іздеушісі, жанашыр­ы болды. Осындай азаматтардың ар­қа­сында ол кісінің еңбегі елге жетті, аты ата­лып, кі­таптары жарыққа шықты.
«Тыңдаушысы болмаса – сөз жетім, із­деушісі болмаса – ер жетім» демекші, Қа­жығұмар есімін ардақтайтын ел ағалары мен бір топ азамат кеше Алматыда ол кі­сінің жеті күндігін өткізіп, марқұмның ар­уағына құран бағыштады. Елге танымал ақын-жазушылар, өнер адамдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкіл­дері қа­тысқан бұл рәсімді Алтынбек Сәр­сен­­байұлы қоры, Ғабит Мүсірепов атын­дағы қор мен Абай.кz ақпараттық порталы ұйым­дастырды. Дастарқан басында Қа­жы­ғұмар Шабданұлының өмірі мен шы­ғар­машылығы жайында сөз болып, ол кі­сінің көзін көріп, сол бір азапты күндерде қа­сында бірге болған адамдар естеліктерін айт­ты. Қарт қаламгерді еске алу сипатында өт­кен басқосуға Қазақстан Жазушылар ода­ғының басқарма мүшелері және Қаб­деш Жұмаділов, Ғаббас Қабышұлы, Мұх­тар Шаханов, Мұрат Әуезов сынды белгілі қа­ламгерлер де қатысып, Қажығұмар шы­ғар­машылығы жайында, жалпы, шетелдегі қа­зақ әдебиетінің жағдайы туралы келелі ой­ларын ортаға салды.
Бүгінде Қажығұмар Шабданұлының ел арасына кең тарай бастаған «Қылмыс» атты сан тараудан тұратын романы азапты ғұмыр кешкен жазушының ғана өмір­баяндық эссе-естелігі емес, ол шетте қал­ған исі қазақтың қиын тағдыры, азат­тыққа ұмтылған ұрпақ шежіресі іспетті.
Кезінде Қазақстан Жазушылар одағы ол кісіні Халықаралық «Алаш» әдеби сый­лы­ғына лайық деп тауып, сырттай ма­рапаттаған да болатын.

Қабдеш Жұмаділов, Қазақстанның Халық жазушысы:
– Қажығұмар Шабданұлы – Шың­жаң­дағы жаңа сипаттағы қазақ әде­бие­тінің негізін қалаушы, ұлтымыздың классик жазушысы. Бұл кісінің өмір жо­лы бұралаң, тағдыры тым ауыр бол­ды. Жастайынан еркін ойлары үшін қу­да­лауға ұшыраған ол жанкешті ғұ­мы­ры­ның 20 жылын Такламакан шө­лін­дегі қатаң тәртіптегі Тарым лагерінде өт­кізді. Одан кейінгі 15 жылға жуық уа­қыт Үрімжінің бірінші түрмесінде қа­мауда болды. Осының арасында бір босап, бір ұсталып жүргенде үш-төрт жылға жабылып, босаған күннің өзінде үйқамақта отырған. Қажекеңнің абақ­тыда отырған мерзімін есептесек, бар­лығын қосқанда 40 жылдан асып кетеді. Менің білуімше, жазушы атау­лының ішінде әлемде түрмеде ең ұзақ отыр­ғаны осы қазақ қаламгері Қа­жы­ғұмар ғана. Ал әйгілі рекордтар кіта­бында бір шетелдік жазушы (аты-жөні есімде жоқ) өмірінің 20 жылын қапаста өткізіпті. Расында да, дүниежүзінің ешбір ұлтында ешбір жазушы 40 жыл түрмеде отырмаған екен.
Қажекемнің қазақтың жарқын бо­ла­шағы үшін күрескен ақиқатшыл аза­мат, қайраткер қаламгер екені даусыз. Өкі­нішке қарай, біз Қажығұмарды көзі ті­рісінде елге жеткізе алмадық, тіпті ол өмір­мен қош айтысқаннан кейін де сүйегін ала алмадық. Енді Қажекең біз­дің арамызда өлмес шығармаларымен ғана мәңгілік ғұмыр кешпек.

P.S.
Ішқұсалықпен күн кешіп, жарық дү­ние­ге темір тордың арғы жағынан көз сал­ған Қаж-ағамыз қажыған жоқ, ол еліне, жеріне сенді. Үлкен үмітпен өмір сүрді. Көрген-білгенін, түсінген-түйгенін хатқа түсіріп кетті. Бірақ жазушының өзегін өртейтін бір сағыныш бар еді. Ол  ата­мекенге оралу болатын. Амал нешік, қатал тағдыр Қажығұмар қарияға мүлдем қы­рын қарап кетті..

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста