Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет ететін танымал актер Әсет Иманғалиев халықаралық кинофестивальде "Ең үздік ер адам бейнесі" аталымын жеңіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Иманғалиевтің жүлдесі туралы Мүсірепов театрының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.
"Братислава қаласындағы XX xалықаралық кинофестивалінде Ресей мен Қырғызстанның бірлескен "Сүлейман тауы" фильмінде Полат (Қарабас) рөлімен Қазақстан Жастар Одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты, театрымыздың актері Әсет Иманғалиев "Ең үздік ер адам бейнесі" номинациясын жеңіп алды!
Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!!!, - делінген хабарламада.