Жуықта ғана еліміздің мәдениет және ақпарат министрі «осы сала қарамағындағы барлық мекемелер алдағы уақытта жаңа заман талаптарына сай озық технологиялармен жарақтандырылуы тиіс» дегенді баса атап өткен болатын. Бұл бағыттағы атқарылатын жұмыстар қазіргі уақытта жер-жерде біртіндеп жүзеге асырылуда. Осы орайда, кеше Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында жаңа үлгідегі сандық жүйеде қызмет көрсететін кітапхананың тұсаукесер рәсімі болып өтті.
Аталған жобаның жүзеге асуына Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары мен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы мамандары мұрындық болып отыр. Әдетте, кітапхана дегенде, ойымызға ең бірінші көркем әдебиет келетіні рас. Алайда мұндағы бағыт-бағдар мүлде басқа. Жаңа тұсауы кесілген кітапхананы «құжаттар қоймасы» деп атаса да болатындай. Оның қорында әзірге жүздеген заңдар мен басқа да заңдық күші бар құжаттардың электронды нұсқалары жинақталған.
Бұл кітапхананы іске қосудағы мақсат – халықтың құқықтық, экономикалық сауатын ашып, көптеген ресми құжат-қағаздар дайындау барысында кездесетін кедергілердің алдын алып, түсіндірме жұмыстарымен айналысу.
«Құжаттар қоймасы» ашылды
Последние статьи автора