Белгілі дизайнер Құралай Нұрқаділова ата-анасының отбасылық суретін жариялады. 15 қаңтар марқұм Заманбек Нұрқаділовтің туған күні болатын.
Ата-анасының жас кездерінде түскен суретін желіге жүктеп: «Бүгін әкемнің туған күні. Мен үшін ең жақын адам әрі үлгі. Ал халық үшін халықтың адамы» - деп жазған.
Желі қолданушылары марқұм саясаткерді еске алып, Құралайдың анасының сымбатты, сұлу, стильді әрі салиқалы адам екенін айтып жатыр.
Дереккөз: Reactor