Құдайбергеновтер Таразда болды

Жуырда Тараз қаласында Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер отбасы гастрольдік сапармен болды.

Гастрольдік сапармен келетін кейбір әншілер «провинциялықтарды» менсінбей ме, әлде басқадай бір себебі бар ма, әйтеуір, кештерін қалай болса солай өткізе салады. Тіпті көшеге киетін киімімен шыға салатын әншілер де бар. Сахналық киім, гримм жөнінде сөз қозғамай-ақ қоюға да болар мұндайда. Фонограммамен ән салып, арасына жергілікті екі-үш әншіні тықпалап, өзінің репертуарындағы бес-алты әнімен алдап кететіндері жетіп-артылады.

Ал Құдайбергеновтердің концертінде олай болған жоқ. Үлкен сахнада өнер көрсетіп жатқандай сценарий құрып, ерекшелендіруге тырысыпты. Әрі онысы өте сәтті шыққан. Сценарий бойынша Астанада аламан той өтпек. Соған қазақы нақышта ән салатын әншілерге іріктеу жүргізу бойынша өрбиді. Алдымен Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер ән салды. Одан кейін Қайрат, Ерболат, Салтанат өз өнерлерін ортаға салды. Ең бастысы, әндерді жанды дауыста орындағандары ұнады. Айткүл әнші дәстүрлі әндерді де естен шығарған жоқ. Қанат екеуі қосылып, кішігірім айтыс та ұйымдастырды. Әр әнге сәйкестендірілген сахналық киімдері де көздің жауын алады.

Әншілердің басым бөлігі ән кешін «Мөлдір махаббатым», «Іңкәр сезім» деп атап жатады. Ал Құдайбергеновтер ән кешін «Туған тілім – тұғырым» деп атапты.

Қанат ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, әнші:
– Биыл Айткүл екеуміздің өнерде жүргенімізге 35 жыл толады. Алдағы уақытта этно-хип, этно-рэп стилін дамытуға үлес қоссақ дейміз. Мұның бәрі Батыстан келген дүниелер ғой. Біз соны сол күйінде емес, өңдеп, ұлттық нақышқа жақындатуымыз керек. Ерболаттың стилінде ұрмалы аспаптар синтезі бар. Қалғанының бәрі – өзіміздің ұлттық аспаптар. Қылқобыз да, шаңқобыз да, үскірік те – бәрі бар. Жастар қызығатын сол ағымды өңдеп, өз тілімізге, стилімізге икемдегіміз келеді.

Иә, айтса айтқандай-ақ, Батысқа беріліп кеткен жастарымыздың бетін бері бұруға тамшыдай болса да, осылай әркім үлес қосса... Терме деген тұнып тұрған өсиет, насихат қой. Соның бір шумағы санасында қалған бала үлгілі, өнегелі болып өсері сөзсіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста