Құбыжықты сұлуға айналдырған...

Біз теледидар экранынан актерлердің, тележүргізушілердің, әнші-бишілердің әдемі бейнелерін, күтімі күшті шаштарын, мінсіз мүсіндері мен құлпырған жүздерін көреміз. Бірақ осы сұлу картинаның ар жағында бетті әрлеуші стилист, визажист, косметолог, шаштараздар мен гримдеушілердің күнделікті орасан зор еңбегі жатқанын ескере бермейміз. Аталған мамандық иелері бейне бір сиқыршылар тәрізді. Қолдарына қарындашын ала салып, адамның көркін кіргізіп, бет-бейнесіндегі кемшілігін жасыра қояды. Бір сөзбен айтқанда, адамның сыртқы келбетін әсемдеуші мамандық иелері театр, өнер тарихы, психология, сурет, шаштараз, бет әрлеу секілді түрлі сала бойынша жан-жақты білімді болуы тиіс. Бүгінде біршама сұранысқа ие осы мамандықтың қыр-сырын игерген қазақ жастары аздау болып тұр.

Адамның бет-бейнесін өзгерту өнерінің ең көнесі – грим және бетперде кию. Грим тарихы дегеніміз – сахна тарихы. Грим өнері сонау алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі әдет-ғұрыптардан, жан-жануарлар «тотеміне» табыну заманынан бастау алған. Ежелгі заманда адамдар түрлі жануарлар бейнесіндегі маскалар киіп, беттерін бояп, әрқайсысы өз тайпаларының ерекшеліктерін көрсететін болған. Гримнің уақыт өте келе түрлі өзгерістерге ұшырағанына қарап, мәдениет эволюциясын жасауға болады. Ежелгі классикалық дәстүрге негізделген театр формалары, мысалы, Жапониядағы «но» және «кабуки», Индонезиядағы «топенг», сондай-ақ көне қытай, үнді театрлары әлі күнге дейін бетперде тәріздес гримді сақтап қалған.

Қазіргі театр өнерінде гримнің түрлері өте көп. Сахнадағы қойылымның жанры мен стиліне, режиссерлік шешіміне, актердің физикалық ерекшелігі мен образдың пластикалық трактовкасына орай грим де әртүрлі болып келеді. Жалпы алғанда, гримді реалистік және шартты деп екі түрге бөлуге болады. Реалистік гримнің негізгі мақсаты – персонажды барынша шынайы өмірге жақындау етіп көрсету. Айталық, гримнің бұл түрі жасты кәрі, кәріні жас етіп көрсете алады. Ұлттық және нәсілдік ерекшеліктерді де, белгілі бір тарихи кезеңдегі адамдардың образын да реалистік грим арқылы жасауға болады. Ал Абай, Абылай хан секілді белгілі бір тұлғаларды жасау үшін портретті грим пайдаланылады. Реалистік грим жасауда тек адамның беті ғана өзгертілмейді, дененің ашық тұстарының барлығы өзгертіледі.

Шартты гримнің принциптерін атап айтар болсақ, бұл – реалистік дәстүрден ауытқыған, персонажды барынша өзгертетін немесе эстетикалық ағымға сай жасалатын грим түрі. Мысалы, жанрлық шартты грим антикалық дәстүрде, сайқымазақтар секілді комедиялық персонаждарды жасауда кеңінен қолданылады. Ертегідегі ойдан шығарылған персонаждарды бейнелеуде шартты гримнің алар орны ерекше. Ертегі фильмдерде жалмауыз кемпір, жезтырнақ, жалғыз көзді дәу секілді кейіпкерлер грим және маска арқылы баланың есінде қалады.

 XXI ғасырда денеге түрлі сурет салу бүкіл әлемде сәнге айналды. Алайда нағыз өнер саналатын стилист-гримдеуші мамандығын біз әзірге өзіміздің ұлттық ерекшелігімізге қарай бейімдей алмай отырмыз. Бозбаланы – шалға, құбыжықты – сұлуға, ақ адамды – қараға, қараны аққа айналдыруға мүмкіндік беретін грим, бетперде жасау өнерін театр сахнасында, кино саласында дұрыс қолдана алмағандықтан, көпшілік бет әрлеуді тек еріккеннің ісі деп қабылдайды.

Жазира ӘБІЛҚАЙЫРОВА, грим және маска жасау маманы:
– Мен бүгінде Ж.Елебеков атындағы Эстрада-цирк колледжінің 3-4 курс студенттеріне грим сабағынан дәріс беремін. Ал маска жасау – менің хоббиім. Биыл колледждің 45 жылдық мерейтойына орай өзімнің біршама жұмыстарымды жинақтап, шағын көрме өткіздім. Ұлттық нақыштағы маскаларды мен негізінен латокстан жасаймын. Біздің елімізде маскаға деген сұраныс басқа елдермен салыстырғанда өте аз. Тек Жаңа жыл, хелоуин секілді мерекелерде болмаса, масканы онша қажет ете бермейміз. Негізінен, шетелдерде маска театрдағы қойылымдарда, фильмдерде жиі қолданылады. Айталық, Голливуд фильмдерінің жартысынан көбінде маска пайдаланылады. Ал бізде маскаға тапсырыс сирек беріледі. Менің жұмыстарымның арасында жалғыз көзді циклоптың маскасы бар. Оны бір клипке қажет болғанда арнайы жасатқан еді. Меніңше, өнердің бұл түрі болашақта әлі де дами түседі. Мен гриммен он жылдан бері айналысып келемін, ал маска жасауды соңғы үш-төрт жылда қолға алдым. Байқаймын, соңғы жылдары би ансамбльдерінің арасында маскаға қызығушылар кездеседі. Болашақта режиссерлеріміз кино түсіруде, театр сахнасында қойылым қойғанда ұлттық нақыштағы маскаларды қолданса, бұл да бір жаңашылдық болар еді. Сондықтан көрмелер өткізіп, насихаттау қажет деп есептеймін.

Кез келген телеарналарда, театрларда қызмет ететін гримдеуші-стилист мамандардың көпшілігі – өзге ұлт өкілдері. Өйткені біз балаларымыздың қай салаға бейімдігін, икемділігін ескермей, заңгерлікке немесе атағы шығу үшін әншілікке жібереміз. Бет әрлеуді, шаш түзеуді намыс көргендігімізден, «кішкентай салада көрінбей қаламын» деген үрей-ойдан да осы бір көркем өнер саласы әзірге біздің жастарымызға қол болмай тұр.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста