Қостанайда мысықтар көрмесі өтті

Қостанай облысының Рудный қаласында өткен халықаралық деңгейдегі көрмеде 50 мысық сайысқа түсті. Өз марғауларының бағын сынауға қостанайлық­тар­мен қатар Магнитогорск, Челябі, Қызылжар қаласының тұрғында­ры да асыға жетті. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан аталмыш көрмеге алғашқы рет корниш рекс, аме­­ри­калық керл және регдолл сынды сирек кездесетін тұқым­нан шыққан мысықтар да қатыс­ты.
Байқауда бақталастарына шаң қапты­рып, жиналған жұртты тамсандырған рег­долл тұқымынан шыққан Черри Лорисси­мус деген мысық жеңіске жетті. Қы­зыл­жар­дан келген жеңімпаздың иесі Елена Кимнің айтуынша, Черри Лориссимус Америкадан арнайы әкелінген мысықтардың «таза тұ­қы­мы» екен.
Нина ГРИНАКОВСКАЯ, Халықаралық мысықтар көрмесінің судьясы:
– Черри Лориссимус – Қазақстанда өте сирек кездесетін  регдолл тұқымының озық өкілі. Сондықтан мысықтар көрмесінің  жеңімпазы болуға әбден лайық.

Көрмедегі мысықтардың барлығы ерек­ше күтім көріп, қожайындарының аялы алақандарына әбден үйренгендері бірден байқалып тұрды. Оның үстіне мы­сығына шырайлы шапағаты мен мерейлі мейірімін аямай төккендер марғауының нарықтық бағасын айтып, одан өрбіген ұр­па­ғын неғұрлым қымбатқа сатуға тырысып бақты.
Көрмеге шығарылған марғаулардың бағасы жағынан Магнитогорск қаласынан келген Татьяна Чувакованың құлқыны бәрінен асып түсті. Корниш рекс тұқымынан шыққан Интерчемпион титулы бар  Zorro Ladies Conqueror атты мысығын  мақтаныш­пен таныстырған ресейлік әйел сүйікті жануарының әр марғауын 1000 евроға бағалап, саудаға салды. 
Ал Ричард атты қостанайлық скотиш страйд екі номинация бойынша жеңіске жетті, мысыққа арналған киімдер сайысы бойынша шотландтық килт киіп, сәнімен ерекшеленген Ричард «ең ірі мысық» атағын да жеңіп алды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста