Қолжазба сақтайтын орны жоқ ғылыми ғимарат кімге керек?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Кеше Алматыдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Ислам ұйымымен бірге «Мұсылман қолжазбалары мен артефактілерін жинақтау, сақтау және қалпына келтіру» тақырыбында аймақтық кездесу өткізді. Басқосуға шетелден келген шығыстанушылар мен археологтер қатысты.
Қазақстан мен Орталық Азия ғасырлар бойы ислам өркениетінің қалыптасуы мен дамуына қомақты үлес қосып келеді. Біздің сөзімізге мемлекеттік қорлар мен жеке қорларда сақталған араб жазуымен жазылған аса құнды қолжазбалар дәлел бола алады. Басқосуға қатысқандар қазақ, шағатай, түрік, араб және парсы тілдерінде жазылған қолжазба ескерткіштерде Ор­та­лық Азия аймағының тарихы мен мә­де­ние­тіне қатысты аса құнды мағлұматтар сақ­­талғанын тілге тиек етті. Шығыс­та­ну­шылар Қазақстанның Тәуелсіздік алуымен қатар мұсылман ескерткіштерін анықтау, зерттеу, санаққа алу және насихаттау секілді жұмыстары жандана түскендігін де атап өтті. Алайда ғылыми және прак­ти­калық мәні бар өзекті мәселелердің туын­дап отырғандығы атаусыз қалмады. Мұ­сылман қолжазбаларының жалпы­ұлт­тық ортақ қорын, яғни Қазақстандық орта­лықты құру жан-жақты талқыланды. Шы­ғыс­тану институты директорының орын­ба­сары Әшірбек Мүминов: «Бұл кездесуді өт­кізудің басты мақсаты мұсылман қол­жаз­баларын зерттеу жөнінде тәжірибе ал­масу, қазақстандық маманданған ме­ке­ме­лер арасындағы әріптестік шеңберін ке­ң­ейту, сондай-ақ осы мәселемен айна­лы­сатын шетелдік орталықтармен қарым-қатынасты жандандыру болып табылады», – деді. Кездесу барысында ғалымдар Қа­зақ­стан­ның әртүрлі қорларында сақталған мұ­­сылман қолжазбалары мен арте­­фак­ті­лерін жинау, сақтау және қалпына келтіру, Қа­зақстан және Орталық Азия елдері ма­ман­дарының тәжірибе алмасуы, қол­жаз­балар мен артефактілерді жинау, сақтау жә­не қалпына келтіру туралы ұсыныстарын ортаға салды.
Ислам ЖЕМЕНЕЙ, ирантанушы ғалым:
– Мұсылман мемлекеттерінің ішін­де Иран және Түркия қолжазбаларды сақтау мәселесіне мемлекеттік дең­гейде ерекше көңіл бөліп, қол­жаз­ба­ларының түгелдей дерлігін қалпына кел­тірген. Олардың қолжазбалары тұ­тас­тай әдемі түрде сақтаулы тұр. Керек де­сеңіз, ежелгі дәуірдегі «Авеста» қол­жазбасы Иранда әлі күнге дейін сақ­тау­лы. Қолжазбаларын ұқыпты сақ­тай­тын мемлекеттердің ішінде Пәкістан мен Мысырды да атауға болады. Өйт­кені айтулы шығыстанушылар сол мем­ле­кеттердің қолжазба қорларынан көп­­теген материалдарды пайдаланып жүр. Ал сарапшы ретінде бүгінгі бас­қо­суға баға беретін болсам, бір бас­қо­су­дың, конференцияның аясында үлкен же­тістікке қол жеткізу мүмкін емес деп ойлаймын. Себебі қолжазбаларды жинақтау – тікелей мемлекеттің құзы­рын­дағы мамандардың ұйыт­қы­сы­мен қа­лыптасатын дүние. Қазақтың та­ри­хына, оның түркілік дәуіріндегі мұ­ра­лар­­ды сақтауға қатысты біраз ауда­ры­латын кітаптар бізді күтіп тұр. Жиырма жыл­ға жуық уақыт өтті, бірақ оған мән бе­рілмей келе жатыр. Осы уақытқа де­йін біршама шығыстанушыларды да­йын­дадық. Олардың деңгейі қалай, із­де­ністері қай деңгейде деген сұрақ­тар­ға да назар аударғанымыз жөн. Сонда ғана шығыстану ғылымы өзінің нә­ти­жесін береді. Мәселен, төрт қана ға­лым­ды жинап алып, қолжазбаларды сақ­тау және жинақтау жұмысын ұйым­дастыру бос әңгіме деп ойлаймын. Ға­лымдардың жұмысы – бар нәрсені дұрыс пайдалана білу. Біз қазір басқа ғалымдардың «анау айтты, мынау айт­ты­с­ымен» жүрміз. Неге соларды ті­ке­лей аудару мәселесіне кіріспейміз? Мі­не, осы тұрғыдан алғанда, бұл мәсе­ле­нің тереңдігін байқаймыз.
Әшірбек МҮМИНОВ, Шығыстану институты директорының орынбасары:
– Бүгінгі басқосудың нәтиже берері сөз­сіз деп ойлаймын. Тәжікстан, Өз­бекстан Республикаларын алып қа­рай­тын болсақ, олардың қолжазбалары бір жерге жинақталған. Өкінішке орай, Қа­зақстанда облыстық кітапханаларда қол­­жазбалар бар, бірақ олардың сақ­та­луы өз дәрежесінде емес. Өз­бек­станда Бе­руни атындағы Шығыстану институ­т­ы жұмыс істейді. Ол институт барлық қол­жазбаларды бір жерге жинайды. Ал біз­де ондай орталық жоқ. Ғалымдары­мыз қазір «үлкен ғи­ма­ра­тымыз бар, техни­ка­лық базамыз мық­ты» деп жар салып жа­тыр. Бірақ ол ғи­ма­раттардың ішінде қол­жазба жоқ. Жал­пы, елімізде қол­жазбаны сақтау, оны өңдеу мәселесімен айналысатын ғалым жоқтың қасы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста