«Қилы заман» қайран қалдырды

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фотолар)

Өткен жұмада М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Мұхтар Әуезовтің романы бойынша сахналанған «Қилы заман» тарихи трагедиясының премьерасы аншлагпен өтті.
Ұлтымыздың ақтаңдақ тарихын қайта парақтап, өткенімізге үңілтетін қойылым қара шаңырақ театр сахнасының төрінен ойып тұрып орын алды. Қабырғалы қалам­гер Мұхтар Омарханұлының түрлі саяси науқандарға байланысты ең алдымен Мәс­кеуде орыс тілінде жарық көрген соң барып төл оқырманымен қауышқан «Қи­лы заман» туындысы алғаш рет 1997 жылы сах­на­ланған. Сонау 1916 жылғы ұлт-азаттық көте­рілісі кезеңіндегі зұлматты баяндап, атақты Қарқара көтерілісінің тарихынан сыр шертетін бұл шығарма бүгінгі көрер­мен­ге жаңаша сипатта ұсынылып отыр. Қалың көрер­менін қайран қалдырған «Қилы заман» пьесасына белгілі театр, әде­биет сыншылары, тарихшы ға­лым­дар мен мәдениеттанушылар жоғары баға беріп отыр. Ақ пат­ша­ның қазақ азаматтарын қара жұ­мыс­қа алу туралы жарлығына, отар­шылдық саясат, зорлық-зом­былыққа қарсы шыққан елдің кешегісі мен бүгінін зерделеу­ге бастайтын жаңа қойылымның ең басты идеясы – ұлт рухын асқақтатып, өткен тарих пен бүгінгі күнді са­бақтас­тыру.

Ұлы суреткер туындысының сахналық нұсқасын жасаған – Мем­лекеттік сыйлық­тың иегері, көрнекті ақын-драматург Нұр­лан Оразалин. Қоюшы-режиссер – ҚР ең­бек сіңірген қайраткері Ә.Рахимов, қою­шы-суретші – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Е.Тұя­қов, композитор – ҚР еңбек сіңірген қай­рат­кері Б.Дәлденбай. Осы орайда тарихи дра­маның қойылымы жөнінде белгілі әде­биетші ғалым, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов біз­бен ой-пікірін бөліскен еді:
– «Қилы заман» пьесасы қазақ кө­рер­менінің көңілінен шығатын, ұлт тағ­дырын арқалаған үлкен қойылым болды. Бұл жерде дра­матургиялық шеберлік пен режиссерлік шешімнің бір арнада тоғы­сып, қойылымдағы актер­лердің де образдарды шынайы сомдауы үлкен рөл ойнады. «Қилы заман» бұдан бұрын да сахналанған. Дегенмен бұл жолғы қойы­лымның түр-сипаты да, жөні де бөлекше әсерге бөледі. «Қилы заман» – қазақ әде­биетінің классигі Мұхтар Әуезовтің шығармашы­лығында ерекше орын алатын туынды. Әлі күнге дейін айтар ойы мен маңызын жоймаған бұл шығарманың жазылуына кезінде бір топ Алаш зиялылары түрткі болғаны белгілі. Ал тарихи тұр­ғыдан алғанда шығар­маға арқау бол­ған қаралы Қарқара көтерілісін  қолына қару алып, өзі­нің ұлттық мүд­десі үшін күрескен қазақ рухының сілкінісі деп бағалағанымыз жөн. Сон­дық­тан да ұлтымыздың өткен өмірінде өзіндік сал­мағы бар осынау тарихи кезең­нің шын­ды­ғын бүгінгі ұрпаққа жеткізіп, түсіндіру – біздің парызымыз. Осы тұрғы­дан ал­ғанда «Қилы заманның» жаңаша сах­на­лық нұсқасы ұзақ жылдар театр репертуарынан түспейді деп сенім білдіремін. Бұл ретте шығарманың сах­налық нұсқа­сын жазып шыққан ақын, драматург Нұрлан Оразалин мен талантты режиссер Әубәкір Рахимовтің еңбегін айрықша атап өткім келеді. Бүгінгідей алмағайып заманда мұндай тарихи шығар­малар­дың сахна төрінен көрінуі әсіресе жас ұрпақтың ұлттық сана-се­зімінің оянуына, намысын сақ­тап, пат­риот­тық рухының қалып­тасуына үлкен ық­пал етпек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста