Қазақы стильдегі көлік маркасын ойлап тапты

Семейлік студент ерекше дизайндегі көлік маркасын ойлап тапты. Оның ойы іске асса, Қазақстанда ұлттық колоритке ие қазақы стильдегі жеңіл көліктер пайда болады.
Идея авторы – Шәкәрім атындағы Се­мей Мемлекеттік университетінің студенті Еркебұлан Амангелдинов. Бірегей жобаны жарыққа шығару – оның соңғы он жыл бойғы арманы. «Осыдан төрт жыл бұрын ой келді. Неге өзіміздің көлігімізді шығар­мас­қа деген. Кейін басқа біреулер небір түрлерін ойластыра жатар. Бірақ мен өз ойым­ды қосайын деп шештім. Міне, осы­дан Қазақстан көліктерін жасау идеясы пай­ды болды» дейді жас дизайншы.
Бүгінде 20 жастағы Еркебұлан жа­ңа жобасын қарқынды дамыту үшін ты­нымсыз еңбек етуде. Ал таяу күндері ол өзінің бірегей жұмысын жастар арасында өтетін республикалық «Инновациялық Қазақстан» байқауына жіберді. Студент кон­курсқа сыртқы келбеті қазақи нақышқа ие жеті түрлі отандық жаңа көліктің сыз­ба­сын жолдаған. Ерекшелігі сол – түрлі мар­ка­дағы көліктерден қазақи ою-өрнек пен еліміздің рәміздеріндегі бейнелерді көруге болады. Мәселен, көліктің алдыңғы фара­ла­ры күн шуағы кейпінде жасалса, басқа кө­ліктерден «Құс қанаты», «Қошқар мүйіз» оюларын көруге болады.
Еркебұлан ою тұрпатының қолдану кө­лемі жайлы да ұмытпапты. Айтуынша, кө­лік­ке көп қолданылған ою адамды жалық­ты­рып, оның қызығушылығын жоғалтады. «Біз үшін өзіміздің немесе басқалардың көліктерінен қазақ оюын көру патриоттық сезім тудырады, ал басқа халық адамдары үшін алмағайып. Сондықтан менің ою­лар­ды қолдану стилім және стратегиям – олар­ды көлік дизайнында белгілі көлемде қол­дану. Көлік бетіндегі оюларды көрген кез келген адам оның маркасын және шыға­ру­шы елді бірден тануы қажет деп есеп­тей­мін», – дейді.


Еркебұлан Амангелдинов, студент:
– Ою-өрнек – мәдениетіміздің әше­кейі. Олардың қолданыстағы ың­ғай­лы­лығы мен кез келген дизайнды әр­лен­діріп жіберетіні таңғалдырады. Сосын барлық ойымды, шабытымды осы Қазақ­станның рәміздеріне, ою-өрнек­те­р­іне, тіпті Қазақстанның тұрған гео­гра­фиялық орнына байланыстырып алдым. Мысалы, біз орта Азияда тұр­мыз. Сондықтан Азиялық және Еу­ро­па­лық көліктерді қосуға тырыстым. Менің ойымша, бізге тек шетелдік кө­лік­терді шығарып қоймай, өзінің де жеңіл көліктерін жасайтын, не болмаса кө­лік­тердің стильдік шешімінің образын жа­сай беретін кез келді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста