Қазақтың Жамалына арналды

Биыл қазақ өнерінің майталмандары: күміс көмей әнші Күләш Байсейітова, мың бұралған биші Шара Жиенқұлова және қайталанбас ғажап дауыс иесі Жамал Омарованың туғанына 100 жыл толуын күллі қазақ халқы құрметпен атап өтті.
Қазақстанның барлық өңірінде жүргізі­ліп жатқан іс-шара жалғасын тауып, Алма­ты­дағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Жамал Омарованың балалары, немерелері және шөберелерінің қатысуы­мен Жамал апаның 100 жылдығына ар­нал­ған еске алу кеші өтті.
Сахнада қазақтың Жамалы атанған жарқын дауысты әйгілі әнші орындаған ән­дерді бүгінгі өнерпаздардың орындауында және фонограмма арқылы әншінің өзі шыр­қаған «Алтай», «Ұстазым», «Бөбегім», «Би­пыл» сияқты әндері кезек-кезек орын­далып отырды. Кешке жиналған, әншінің көзін көр­ген, өнеріне тәнті болған зиялы қауым өкіл­дері ешкімге ұқсамайтын ерекше үнді Жа­ма­л­мен қайта қауышқандай болса, жастар ас­қан риза сезіммен қабыл алғаны анық.
Жұпар ОМАРОВА, әншінің қызы:
– Жастайынан тұрмыс тауқыметі басына түскен анам іс тігіп, нан пісіріп, оны сатып, әртүрлі жұмыстар істеп ер жеткен екен. Қиындықты көп көрген­дік­тен балаларын да қатал тәрбиеледі, өте талапшыл еді. Анам М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Күдерин, Д.Нұрпейі­совалармен достық қарым-қатынаста болды. Жүрегі жұмсақ, біреуге қол ұшын беруге әрқашан дайын тұратын. Мені кішкентай кезімде гастрольға бірге алып жүретін және ылғи да «Бөбе­гім» әнін орындайтын. Сол ән маған арнап жазылғандай, жүрекке жылы, жаныма жақын мен үшін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста