Қазақтың көрнекті ақыны Ибрагим Иса өмірден өтті

Қазақтың көрнекті ақыны, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ибрагим Иса 66 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Ибрагим Иса 1949 жылы 7 қаңтарда Қызылорда облысына қарасты Сырдария ауданының Жетікөл ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып тәмамдаған. Сырдария аудандық газетінде әдеби қызметкер, Қызылорда облыстық халық шығармашылығы үйінде нұсқаушы-әдістемеші, Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында тілші-әдіскер, «Ара» журналында фельетоншы, «Жалын» альманахында редактор, «Сахна-Сцена» журналында бас редактор, «Сақшы - На страже» газетінде, «Арай» журналында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген.
Өлеңдері бірқатар шетел тілдеріне аударылған. «Алтын сырға», «Таң алдындағы ән», «Тербеледі қайыңдар», «Жанымның жарығы» өлеңдер жинағының, көптеген ән мәтіндерінің авторы. «Ән-аға» атты ән альбомы шыққан. Коми ақыны И.Куратовтың, орыс ақыны Н.Рубцовтың өлеңдерін қазақ тілiне аударған.
Ақынды ақтық сапарға шығарып салу шарасы Алматы қаласында, дүйсенбі күні таңертеңгі 10:00-де Жазушылар одағында өтеді.

ЕЛГЕ СӘЛЕМ

Сөзі: Ибрагим Иса

Әні: Қадырғали Көбентай

Алматыда бір ұлың сәлем деді дегейсің,Сәтін салса құдайым, келем деді дегейсің.Көңіл-күйін байқатпай, кейде жүрер жол таппай,Сағыныштың сызығы тереңдеді дегейсің..Алматыға бұл күнде сыймай-ақ жүр дегейсің,Туған жерін, достарын қимай-ақ жүр дегейсің.Қалмағандай тірегі, шытынаған жүрегі,Амал қанша, әйтеуір, қирамай жүр дегейсің...Алып ұшқан көңілі басылып жүр дегейсің,Жүдегенін жанының жасырып жүр дегейсің.Жылу іздеп іздерден, жапырақтай күз көрген,Шаршаңқырап бұл күнде шашылып жүр дегейсің.Сөзге ілініп себепсіз, сүрініп жүр дегейсің,Шаршағаны түрінен білініп жүр дегейсің.Жаңа өмірге ере алмай, болашаққа сене алмай,Өткен күннің отына жылынып жүр дегейсің...Күтіп жүрген жоқ әзір кәрілікті дегейсің,Сыйласатын досының бәрі мықты дегейсің.Жалғыз өскен шынардай, өкінішін шығармай,Мәуелеген Сыр бойын сағынып жүр дегейсің...Шашына да аз күнде ақ кіріпті дегейсің,Көңілінің көліне қақ тұрыпты дегейсің.Тойы болды керемет, шақырғанмын, келер деп,Ағайынын сол күні қатты күтті дегейсің.Көңіл құрғыр бірталай достан қапты дегейсің,Амалсыздан тістейді бас бармақты дегейсің.Арман жалғап арманға, немерелі болғанда,Қуанғаннан бөрігін аспанға атты дегейсің.Күрмеуге де қысқа жіп келмейді екен дегейсің,Тірі жанға-тіршілік өлмейді екен дегейсің..Айтқанының бәрі шын, жалғыз шыбын жаны үшін,Ешкімге де намысын бермейді екен дегейсің...Байлық пенен мансапқа қызықпапты дегейсің,Кейде ішпейтін ортада қызып қапты дегейсің.Белгі болып бұл күннен, күн сайынғы кірбіңнен,Жүрегінде өшпейтін сызық қапты дегейсің.Жаңалығын ел жақтың біліп жатыр дегейсің,Қиындыққа сыналап кіріп жатыр дегейсің.Өз-өзінен байланып, жолға қарап ойланып,Алматыда бір ұлың жүріп жатыр дегейсің...

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста