Қазақтың 1000 әні қалай жиналды?

 Қазақ жеріне табаны тиген дат ғалымы Вульфсон біз жайлы: «Қазақтардың өмірінде ән аса маңыз­ды орын алады. Мұндай өзге халықты кездес­тіру екіталай. Олардың қуанышы да, қайғысы да өлеңмен құйылады. Қазақтар ән шығаруға керемет шебер және өздерінің әншілерін өте құрметтейді» десе, XVIII ғасырдың алғашқы ширегінде Орын­бор – Бұқара – Арал теңізі арқылы ескі Яқсартқа келген Мейендорф қазақ әндерін тыңдап таңдай қаққан. Осы сөздердің өзі қазақ әнінің құндылығын ұғындырып тұрғандай.

Қазақ даласына келген талай жиһанкезді таңқалдырған қазақтың 1000 әні қалай жинақталды? Бастауын қайдан алған еді? Осы сұраққа жауап беру үшін біраз құжаттарды ақтаруға тура келді. Іздегеніміз табылды. 1923 жыл. 22 тамыз. Совнаркомның күн тәртібінде Халық әртісі Затаевичке қазақ халқының әндер жинағын бастырып шығаруға қаражат мәселесі қаралды.

«Біз Затаевичтің еңбегін қанша айтсақ та, сонау ұшы-қиыры жоқ қазақтың дархан даласын аралап шығу ол кезде оңай емес еді. 1925 жылдар болу керек, Шығыс Қазақстан облысы жақта бір мектептің құрылысына бөлінген ақшаны, сол кездегі Совнаркомның төрағасы Сәкен Сейфуллин Александр Затаевичке тапсырма беріп, сол ақшаны алтын есебінде бөлдірген. Астына өгіз, жанына аудармашы берген. Осы құжат қазір Сәкен Сейфуллин мұражайында сақтаулы тұр» — дейді әнші, ҚР Халық әртісі Қайрат Байбосынов.

Автономияның экономикасы онсызда шатқаяқтап тұрғанда әнге бет бұру екіталай еді. Жиынға келгендер арасында пікір қаққа жарылды. Шешуші сөзді алған Сәкен Сейфуллин: «Затаевичке 2280 рубль алтындай бөлінсін және оның шығармасын редакциялауға 200 рубль, барлығы 2480 рубль Наркомпрос қаражатынан берілсін» — деп қол қойды қаулыға. Совнаркомның төрағасы бола тұра Сәкен өз кабинетінде отырып Затаевичке екі күй, төрт ән орындап берген. Сонымен қатар Жамбыл Жабаевқа «Көріғұлы» эпосын орындаушы жырау ретінде алғаш болып баға берген де Сәкен Сейфуллин болатын. Қазақтың 1000 әнін жинау барысында табандылық танытқан мамандығы қаржыгер Александр Затаевичтің еңбегі ескеріліп, тұңғыш рет 1924 жылы «Қазақ АКСР Халық әртісі» атағы берілді. Ал, Елубай Өмірзақов Халық әртісі атағын тек 1931 жылы ғана алған болатын. Алайда 1000 әнді жинақтау барысында елеулі үлес қосқан Ерзаковичтың да еңбегін ұмытпауға тиіспіз.

«Затаевич елді аралап жинақтап шықты. Оған ешқандай дау жоқ. Бірақ оның жиғаны сарын еді. Бірінің мәтіні жоқ, бірінің сөзі жартылай жазылған. Осы олқылықты түзету барысында Борис Ерзакович көп еңбек сіңірді. Әндерді түгендеп, сөзін де тапқан осы кісі» — деп нақтылай түсті Қайрат Байбосынов.

1922 жылы 28 жасар Совнарком председателі Сәкен Сейфуллин жас қазақ совет автономиясының болашағына арналған қауырт жұмысты «қараңғы халыққа жаппай білім беру және мәдениет пен өнерді көтеруден бастау керектігін» алдына басты мақсат етіп қойды. Сол міндеттерді жүзеге асырудағы Сәкеннің мәдениет пен рухани мұраларды қорғау мәселесіне көзқарасын сол аштық жайлаған кезеңде, халқымыздың тарихи және мәдени ескерткіштерінің халі өте мүшкіл болатын. Совнаркомның кезекті отырысында Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы мәселесі көтерілді. 1923 жылдың 7 ақпанында Сәкен Сейфуллин «Архив және мұражай істері туралы» инструкция шығарды. Бұл еліміздегі архив және мұражй қызметкерлерінің тұңғыш заңнама-құжаты болатын.

Өзінен екі жас үлкен, дәулескер домбырашы, жерлесі Әбікен Хасеновпен құдандал сыйластықтары «дос сүйініп, дұшпан күйінетіндей» ұлы достыққа ұласқанына ел куә. 1930 жылдары басталған Сталиндік қуғын-сүргін Әбікеңді де айналып өткен жоқ. 1931-32 жылдары Ақмол түрмесінде жазықсыз отырып шығып, 1934 жылы Алматыға Сәкенді сағалап келеді. Сәкен оған ел-жұрты көшіп келгендей қуанды. Әбікеңді бірден қазақ драма театрына, қазіргі М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрына жұмысқа орналастырды. Әбікен өмірінің соңына дейін осы театрда қалтқысыз қызмет етті.

Александр Затаевич ел аралап жүріп, талай таланттарды танытты. Ел басқарған мемлекет қайраткерлері де өз үлестерін қосқан. Мысалы, Қаныш Сәтбаевтің өзі жиырма ән жаздырыпты. Ахмет Байтұрсынұлы да жиырмаға жуық әннің атын өз қолымен ұсынған. Абайдың 12 әні осы антологияға енген. Александр Затаевич жинаған «Қазақ халқының 1000 әні» 1925 жылы жарық көрді. Бұл қыруар күш сарп етілген, қиын­ шақта басы құралып, айтарлықтай алып еңбек деп бағаланған антология әлі күнге ұлттық мақтанышымыз болып келе жатқаны рас.

Е.Шәкірұлы

baistars.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста