Қазақтар Амманда жүр

Иордания Хошимиттік Корольдігінің астанасы Амман қаласында Қазақстанның Иорданиядағы мәдениет күндері өтуде. Осы орайда Өлі теңіздің жағасындағы Король бен Талал атындағы Конгресс Холлдың ғимаратында өткен салтанатты шараға Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед және Иорданияның мәдениет министрі, доктор Сабри Рубихат қатысты.

Қазақстанның Иорданиядағы мәдениет күндерін өткізу туралы шешім Иордания Королі II Абдалланың 2007 жылы Қазақстанға жасаған сапары барысында қабылданған. Былтыр біздің елімізде Иорданияның Қазақстандағы мәдениет күндері өткен болатын. «ҚазАқпарат» таратқан мәліметтер бойынша салтанатты рәсімде С.Рубихат бұл шара Иордания мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі дамуына, сондай-ақ екі ел халықтарының жақындасуына зор үлес қосатынын айрықша атап өткен.

Сабри Рубихат, Иорданияның мәдениет министрі:
– Екі ел арасында ежелден бері барлық салаларда орнаған қарым-қатынастарды жаңғырту мақсатында мұндай мәдени шаралардың ұйымдастырылғанына біз өте қуаныштымыз. Қазақ жерінен шыққан ғұлама ғалымдар Имам әл-Бухари, Әбу Насыр әл-Фараби және даңқты қолбасшы Сұлтан Әз-Захир Бейбарыс ислам әлеміне ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемге танымал. Қазақ жері – осындай ұлы тұлғалардың Отаны.

Қазақстанның Иорданиядағы мәдениет күндері аясында қолға алынған түрлі мәдени шаралардың ең елеулісі – тарихи көрме. Оған археологиялық зерттеулер кезінде қазақ жерінің әр аймағынан табылған алтын-әшекей, зергерлік бұйымдар, жалпы, қазақ халқының бай мәдениетінен, шежірелі тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлер қойылған. Олардың арасында осыдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген қазақ ханзадасының алтын киімі де бар. Бүгін мәдени күндер аясында Амманда Қазақстан өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт өтеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста