Қазақтан шыққан тұңғыш дипломат

Есімі ел есінде мәңгі сақталатын, еліміздің рухани-саяси өмірінде өзіндік орны бар айтулы тұлғалардың бірі – Төлеген Тәжібаев. Қашанда азаматын ардақтайтын қазақ халқы биыл Төлегендей дара перзентінің 100 жылдық мерейтойын атап өтуде. Қазақ елінің мәдениеті мен ағарту ісіне ерекше еңбек сіңірген дарынды басшы, қабілетті ұйымдастырушы, іскер азамат Төлеген Тәжібаевтың мерейтойына орай еліміздің өңірлерінде түрлі шаралар, жиындар өткізіліп, қоғам қайраткерінің елеулі еңбектері зерделенуде.

Таяуда Төлеген Тәжібайұлы 1948-1953 жылдары басшылық еткен қара шаңырақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғалымның 100 жылдығы кең көлемде атап өтіліп, Мысыр, АҚШ, Ресей, Қырғызстан елдерінің көрнекті ғалымдары қатысқан үлкен конференция өтті. Сондай-ақ Төлеген Тәжібаевтың туған топырағы Оңтүстік Қазақстандағы Арыс қаласында академиктің мүсіні орнатылды. Мемлекет қайраткерінің мүсіні осы өңірдің тумасы, белгілі мүсінші Тілеуберді Бинашевтің қолынан шықты.

Нар тұлғалы азамат Төлеген Тәжібаев туралы сөз қозғағанда, өзінің ұстазын тереңірек зерттеген белгілі ғалым, академик Жолмұқан Түрікпенұлының еңбектеріне тоқталмау мүмкін емес. Турашыл тұлға Төкеңмен алғаш Қазақ мемлекеттік университетінің 1-курсына түскенде жүзбе-жүз кездесіп, ол кісінің қамқорлығымен жатақханаға орналасқан Жолмұқан Түрікпенұлы кейін ұлағатты ұстазының өмірі мен еңбек жолын терең зерттеп, тың деректер тауып, тұшымды мақалалар жазды. Төлеген Тәжібайұлы бар болғаны 54 жасында көз жұмған еді. Төкең дүниеден өткеннен кейін оның аты да сирек аталатын болды. Барша қазақ баласын бір-бірінен бөліп-жармай қамқор бола білген ұстаздың есімі мәңгі сақталу үшін Жолмұқан Түрікпенұлы сынды шәкірттері аянбай еңбек етті. Автор 1993 жылы «Академик Т.Тәжібайұлы – қазақтың көрнекті психолог-педагогі», 2002 жылы «Академик Төлеген Тәжібаев», 2008 жылы М.Жақыппен бірлесе отырып, «Төлеген Тәжібаев» атты зерттеу еңбектер жазды.

Балалық шақтан бір үзік...
Қазақтан шыққан алғашқы дипломаттардың бірі, академик Төлеген Тәжібаев тарих пен аңыз астасып жатқан Сүткент өңірінде дүниеге келген. Осы өңірде 1917 жылғы ашаршылықта көп халық қырылып, ілуде біреу ғана қалғанын көзі көргендер айтады. Төлегеннің отбасы ашаршылықта қырылып қалған екен. Бірде Төлегеннің әкесі Тәжібай ашаршылық кезде үйіне ұн тауып алып келеді. Дереу қамыр илеп, нан пісіріп, сол нанды аш отырған үй іші таласа-тармаса жесе керек. Ұн уланған болып шығады да, нанды жегендердің барлығы марқұм болып кетеді. Әке-шешесімен бірге бес бала опат болған. Осы отбасынан сол сәтте үйде болмаған бір қыз, бір ұл аман қалған екен. Сол ұл жеті жасар Төлеген еді. Кішкентайынан жетімдік пен жоқшылықтың ащы дәмін ерте сезген Төлегенді кейіннен Иван Федорович Кабанов деген орыс азаматы қоқыста есі кіресілі-шығасылы жатқан жерінен тауып алған екен. Өздерінің төрт баласы болса да, қиын-қыстау заманға қарамастан, Иван Федорович пен Мария Федоровна құртақандай баладан бас тартпады. Сөйтіп, Арыс қаласындағы орыс отбасында қазақ баласы тәрбиеленді. Иван Федоровичтің өз балаларына қарағанда Төлегенге деген ықыласы ерекше еді. Оны басқалар да білетін, бірақ ешқашан ешқайсысы қызғаныш білдірмейтін. Екеуі бір жүргенде әңгімелері таусылмайтын. Төлеген өзінің аңғарымпаздығымен, аса алғырлығымен де өзінің қамқор әкесін баурап алса керек.

Төкеңнің еңбек жолынан....
Алғаш білім жолын Т.Тәжібайұлы Шымкенттегі педагогика техникумынан бастады. Содан кейін зерделі жас Мәскеудегі Н.К.Крупская атындағы Коммунистік тәрбие академиясын үздік дипломмен тамамдады. Төлеген Тәжібаев 1938 жылы Мәскеуден Қазақстанға оралған соң, алған білімін жастарға жеткізу мақсатында ұстаздық жұмысын бастады. 1940 жылы республиканың Халық ағарту комиссарының бірінші орынбасарлығына тағайындалып, кейінірек Қазақстан Халық ағарту комиссары қызметін атқарды. Кейін Қазақ КСР-інің сыртқы істер министрі болды. 1948-1953 жылдары сол жауапты қызметімен бірге, ол Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры міндетін де қоса атқарды. 1950 жылдардан бастап Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер, оқу-ағарту ісінің дамуы мен мектептер тарихын зерттей бастады. Ол өзінің көптеген монографиялық еңбектерінде XІX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы ағарту ісін, педагогикалық ой-пікірдің даму қисынын саралайды. Абай Құнанбаевтың, Ыбырай Алтынсариннің философиялық, психологиялық, педагогикалық көзқарастары туралы терең зерттеулер жүргізді. Сол тұста ел тарихында тұңғыш болып Қазақ мемлекеттік университетінде ашылған психология бөлімі өркендеді. Т.Тәжібаев психология мен педагогика саласында жүзден астам мақала, онға жуық ірі ғылыми еңбектер жазды. 1954 жылы қазанда Т.Тәжібаев Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне қайтадан тағайындалады. Үш жылдан соң, яғни 1957 жылы ол елшілік қызметке жіберіліп, 1961 жылға дейін КСРО-ның Үндістандағы елшілігінде кеңесші қызметін атқарды. Елге қайта оралған Төлеген Тәжібайұлы өзінің өмірлік ісі – ғылыммен айналысуды әрі қарай жалғастырды.

Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик:
– Төлеген Тәжібайұлы қандай жоғары мәртебелі қызметте жүрсе де, адами қадірін түсірмеген, абыройын асыра білген абзал жан, көреген басшы, сан буын жастарды ғылым жолына бағыттаған ұлағатты ұстаз бола білді. Иә, Төлеген Тәжібаев адам жанын жазбай танитын нағыз тәлімгер психолог еді. Парасатты ғалым-ұстаз, ірі қоғам қайраткері, ұлы даланың ұлы перзенті Т.Тәжібаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оның ғылыми мұралары мен тәлім-тәрбиелік еңбектерін бірнеше томдық жинақ етіп, жариялап отыр. Болашақта да өскелең ұрпақ үшін Төлеген Тәжібайұлының өмірі мен қызметінің ғибратын, тарихи мәнін танытатын еңбектерді жарыққа шығару, оның жарқын бейнесі мен есімін университет тарихында қалдыруға бағытталған барлық шаралар – біздің осы біртуар азамат алдындағы парызымыз.

Жаны бай, жүрегі кең нар тұлға Төлеген Тәжібайұлы – қазақ психология ғылымының негізін қалаған Жүсіпбек Аймауытовтай ұстаздың ізін жалғастырушы. Ендігі уақытта Алаштың ұлылары туралы зерттеу жас буын ғалымдардың еншісінде. Ал бүгінгі ұрпақ халқымыздың тарихында аты алтын әріптермен жазылып қалған Төкеңнің есімін жүректерінен мәңгілік өшірмек емес.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста