Шоу-бизнес пен отбасылық өмірін қатар алып жүрген қазақстандық эстарада жұлдыздары туралы comode.kz басылымы мақала жариялады.
Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина
Бұрынғы «АБК» тобының солисі, продюсер Қыдырәлі Болманов 15 жыл бұрын Қарақатқа ұсыныс жасаған. Қазірде жұлдызды жұп 4 ұл сүйіп, бақытты әрі үлгілі отбасына айналды.
Баян Есентаева мен қыздары Айсәуле және Айару
Танымал продюсер Баян қыздарымен бірге түскен фотоларын жиі жариялап отырады. Үлкені Дубайда білім алуда, кішісі Баянмен Алматыда бірге тұрып жатыр. Күйеуін Есентаева БАҚ өкілдері мен фотографтарға көрсетпеуге тырысады. Дегенмен 20 жасында жолдасына күйеуге шыққан Баян онымен өзін бақытты екенін жасырмайды.
«Менің ер кісіге қоятын талаптарым өте жоғары. Және сол талаптардың барлығына күйеуім жауап бере алды. Ол өте керемет жан. Екеуіміз бірге талай қиындықтарды еңсердік. Мен онымен бақыттымын және 18 жыл бұрын жолдасымның ұсынысын қабылдағаныма өкінбеймін», — дейді Есентаева.
Бүркіт пен Аиша
Бүркіт пен Аиша – отбасылық қарым-қатынастарымен талайға үлгі болып үлгерген жұлдзыды жұп. Олардың бүгінде ортақ ұлдары бар.
Виктория мен Марат Момынбаевтар
Кәсіпкер Виктория Момынбаева бүгінде 6 баланың анасы атанып отыр. Оның жолдасы Марат та үлігілі әке болуға бар күшін салуда.
Динара Сәтжан мен балалары Даниал мен Диана
Тележүргізуші Динара Сәтжан жұмысы мен аналық парызын қатар алып, бақытты отбасында өмір сүруде.
Ерлан мен Гүлшәт Нұрпейісовтар
Қазақстанның бишілер жұбы Ерлан мен Гүлшәт Нұрпейісовтар жақындарының қарсылығына қарамастан жұптары жазылмай, бақытты отбасын құрып отыр.