Қазақстандық жұлдыздар қандай тауарларды жарнамалаған

Отандық танымал тұлғалар әлеуметтік парақшаларында әркез жаңа киім дүкені ашылғанын айтып немесе жаңа кафеге баруға кеңес беріп жатады. Бірақ бұған дейін де қазақстандық жұлдыздар телероликтер мен үлкен билборд тақталарынан тауар жарнамалаған.

Өткен жылдың қазан айында Нұрлан Абдуллин арты жанжалға ұласқан Kimex аяқ киім желісінің жарнамасында бой көрсеткен болатын. Кейіннен ақпарат көздері мен ғаламтор қолданушылары аузын өкшемен жауып тұрған бейнелерге наразылығын білдірді. Соңында жарнаманың MAX Shoes швейцариялық брендінің идеясынан көшіріліп алынғаны белгілі болды. 

Санжар Мәдиевтің шығармашылық жолы Activ компаниясының кеңсе қызметкері болып түскен жарнама ролигінен басталған.

2012 жылы бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Сбербанкпен келісім жасасып, жарнамаға түсті. Нәтижесінде боксшының танымалдығы банк имиджіне жақсы ықпал етті.

“Қазақстан Кола” бренді де өз тауарын жарнамалауға қазақстандық әртістерді тартты. Видеоның түсірілімінде “Ауылдан қашу” хикаясының актерлік құрамы, әнші Шамси және актриса Әсел Сәдуақасова өнер көрсетті.

Біраз уақыттан соң жарнамалық түсірілімге Caffeine ұжымы мен ресейлік Mband тобы қосылды.

2010 жылы қоғам қайраткері Аружан Саин Food Master компаниясының сүт өнімдері қалай дайындалатынын өз көзімен көріп, көрермендер назарына ұсынды.

Қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров спорттан бөлек тамақ әзірлегенді де ұнатады. Сондықтан олимпиада чемпионы макарон өнімдерінің жарнамасына түскен.

Әсел Сағатованың қоржынында бірнеше жарнамалық келісімшарт бар екені жасырын емес. Актриса “Қазақтелеком”, Avon және Kira Plastinina брендтерімен бірлесе жұмыс істеген.

Баян Есентаеваның қатысуымен дайындалған Pantene жарнамасының нарыққа шыққанына біраз жыл болды. Жұртшылық продюсердің шаш күтімі осы марканың арқасында жоғары деңгейде екенін жақсы біледі.

Танымал жұлдыздармен әріптес болуға Каспий Банк те ниет білдірді. Банктің жарнамаларынан тележүргізуші Мұрат Оспановты, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді, актер Дәстен Шәкіровті және актриса Гүлнәр Сілбаеваны көруге болады.

Америкалық Avon компаниясы Әсел Сағатовамен қоса оның әріптесі Айсұлу Әзімбаеваны да бірлесе еңбек етуге шақырды. Бұдан өзге Әзімбаева “Моё” сүтінің және Dove сабынының жарнамасына түскен.

Олимпиада чемпионы Илья Ильиннің жарнамалық тәжірибесі Asu маркасынан басталған.

Кейін ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Қазақстандағы LG компаниясының ресми келбеті боп танылып, маркетингтік және жарнамалық науқандардың барлығына қатысқан.

Әнші Аша Матай Brosh брендінің келбетіне айналды. Соңғы уақытта тележүргізуші тек осы марканың бұйымдарын пайдаланатын көрінеді. Аталмыш тауар Ашаның жарнамасынан соң, ел арасында үлкен сұранысқа ие болды.

Дереккөз: NUR.KZ
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста