Қазаққа аты мәшһүр Иманжүсіп

Биыл халқымыз дауылпаз ақын, ерлік пен өрліктің жыршысы – Иманжүсіптің 150 жылдығын тойламақ. Тарихи тұлғаның мерейтойына орай Ертістің Павлодар өңірінде ауқымды іс-шараларды ұйымдастыруға дайындық жұмыстары басталып кетті.
Бұл туралы Иманжүсіп Құтпанұлының не­мересі Раушан Қошенова мәлімдеді. Фи­лософия ғылымының докторы, профес­сор Раушан Нұрханқызы Иманжүсіптің өне­гелі өмірін зерттеумен айналысқанына 20 жылға жуық уақыт өтіпті.
Қазіргі таңда облыс көлемінде да­йын­дық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Ме­рей­той қарсаңында аймақ жұртшылығына құн­ды тартулар жасалмақ. Мәселен, Г.По­та­нин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұ­ражайында Иманжүсіптің өнегелі ғұ­мы­ры, рухани мұрасын арқау еткен көрменің экс­позициясы әзірленуде. Сондай-ақ «Ақ­бал­дақ алмасының сынығысың» атты кітап жа­рық көрмек. Аталмыш кітапта ел бірлігін мұ­рат еткен тұлға туралы жазылған есте­ліктер мен шығармалар топтастырылмақ. Р.Қо­шенованың айтуынша, Қазақстанның Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың Иманжүсіпке арнап жазған «Кек жастығы» атты арнау шығармасы да оқырманға жол тарт­пақ. Сондай-ақ Ж.Аймауытов атын­да­ғы Қазақ музыкалық драма театрында пьеса сахналанады деп күтілуде.
Раушан ҚОШЕНОВА, Иманжүсіптің немересі:
– Өр рухты ақын, балуан, батыр Иман­жүсіп Құтпанұлы – қазақ тари­хы­нан ойып орын алған тау тұлға. Туған елі­нің Тәуелсіздігін аңсап, «ереуіл атқа ер салған, еңку-еңку жер шалған» азат­тық жыршыла­ры­ның бірегейі. Қазақтың мұң-зарын бойына сіңіріп, өмір бойы «Елім!» деп өткен Иманжүсіптің қал­дырған мұрасын насихаттау, ардақтау – па­рызымыз. Менің арманым – әр қа­зақтың жүрегінде Иманжүсіпті ояту. Әр қа­зақтың өз Иманжүсібі болуы керек. Атам­ның есімін ұлықтау мақсатында об­лыстық және республикалық дең­гейдегі мәдени іс-шаралар, ғылыми кон­фе­ренциялар ұйымдастырылса де­ген ниетім бар. Атамның есімі туған хал­қының жү­регінің төрінен орын алып, бос­тандықты, елінің Тәуелсіздігін жұ­мыр жер бетіндегі барлық құндылық­тар­дан артық көріп, өзін қазақпын деп санайтын әрбір азаматтың санасында жатталып қалса деймін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста