«Қазақфильм» неге бос тұр?

«Қазақфильм» неге бос тұр?

Қазақтың кәсіби киносы қалыптасқан бір ғасырға жуық уақыттың ішінде еліміздің тарихын, халқымыздың тағдырын, ұлтымыздың болмыс-бейнесін бейнелейтін қаншама фильмдер дүниеге келді. Кешегі өткен білікті режиссерлеріміз бен сценаристеріміздің, кино шеберлеріміздің қолтаңбасы, актерлеріміздің өшпес бейнесі қалған «Амангелді», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» секілді кинотуындыларымызды жадымыздан жоғалтпай, «Алтын қорымызда» сақтаудың маңызы зор. Ал біз болсақ, заманның ағымына ілесеміз деп өткенімізді өшірудің, жаһанданамыз деп барымыздан айырылудың аз алдында тұрмыз. Иә, кино түсірілген, түсіріліп те жатыр. Бірақ ескінің орнын жаңа басты екен деп, көнені лақтырып тастауға болмайды ғой?! Осы мәселе туралы «Қазақфильм» АҚ басшылығы енді ойланып, әрекет жасай бастапты. Бұған да тәубе делік...
Алматы қаласындағы Рысқұлов пен Розыбақиев көшелерінің қиылысында маң­дайшасында «Қазақфильм» кинотеатры деп жазылған ғимарат бар. Алайда мұ­ны қаладағы «Арман», «Цезарь», «Ала­тау» секілді басқа кинотеатрлармен са­лыс­тыруға да келмейді. Кезінде бұл «Мем­лекеттік кино» (Госкино) ғимараты болған еді. Мұнда «Казфильмдеталь» деген кино түсіру аппараттарының бөлшектерін шығаратын зауыт жұмыс істеді. Сондай-ақ үлкен кинобилет базасы, кинопрокат, Кинематография комитетінің құрылыс басқармасы болды. Ал қазір ғимараттың бір бөлігінде жатақхана, екінші бір бөлігінде Қазақфильмнің «фильмдер қоры» бөлімі орналасыпты. Дәл осы бөлімде кешегі қазақ киносының «Алтын қоры» қайта жинақтала бастады. Ал 80 адамдық кинотеатр әзірге бос тұр...
Қазақ киносының қоры қанша?
Бүгінде «Қазақфильмде» бас-аяғы 10 мыңнан астам қор жинақталған. Оның ішінде елімізде түсірілген мультфильм­дерден бастап, деректі фильмдер, төл киноларымыз, тіпті кейбір француздың, үндінің де фильмдері бар екен. Бұл қазақ халқының тұтас бір тарихынан сыр шертетін мәдени мұрасы болып табылады. Алайда соңғы 10 жылда түсірілген кинолардың бір де бірі осы қорға өткізілмеген. Қазіргі кезде көптеген тәуелсіз киностудиялар бар, түрлі кинолар түсірілуде. Сол киноларды түсіруші режиссерлер өз туындыларының бір көшірмесін қорға өткізу қажеттігін білуі керек. Бұл оның өзі үшін ең бастысы, ұлты үшін қажет.
Үйрен де, жирен!
Фильмдерді сақтау мен қор жи­нақ­тау­да Бельгия мемлекеті көшбасында тұр. Бұл елде кино өнімдері «пленка» күйінде сақталады екен. Үлдірлерді сақ­тауда теориялық әрі ғылыми әдіс­тер қол­данылады және ең соңғы техно­ло­гияның жетістіктерімен маман-кадр­лар жұмыс істейді. Үлдірлерді ылғал­дандыруға арналған химиялық қоспалар миллиграмына дейін өлшенеді. Ал біз әзірге қордағы фильмдерді сақтаудың әліп­биінде жүрміз. Біздің қолданып жүрген құралдарымыз — монтаж үстелі, спирт, гли­церин, бархотка дейтін жұмсақ мата. Сондай-ақ арнайы технолог мамандар бізде жоқтың қасы. Мұндай мамандарды даярлайтын арнайы оқу орны да қарас­тырылмаған. Сондықтан мұның бәрі — бола­шақтың еншісінде шешілуі тиіс мәселелер.
Ресейде «Белая столба» деген ауыл бар. Ресейдің барлық кино қоры осында сақталған. Бұл жерге тіпті президент сұрап келсе де, оған бір фильм тұрмақ, бір метр пленка берілмейді екен. Олар қордағы кино өнімдерін пайдалану тәртібін қатаң заңға әкеп тіреп қойған. Ал бізде неше жыл­дан бері «Кино туралы» заң әлі қа­былданбай келеді.


«Қазақфильм» АҚ «Фильмдер қоры» бөлімінің директоры, белгілі актер Нұрлыбай Есімғалиұлы:
– Өткен жылы «Қазақфильм «АҚ қазіргі басшысы Ермек Әмір­ханұлы Аманшаев маған қазақ киносының қорын жинақтап, қалпына келтіруді ерекше тап­сы­рып, осы бір жауапты істі жүк­теген еді. Содан бері қазақ кино қорын қолға алып, кешегі Кеңес Одағы кезеңінен бастап бү­гінге дейінгі республика бойынша түсірілген фильмдерді жинап жатырмыз. Кеңес Ода­ғы ыдырағаннан кейін қор құр­дымға кетіп, фильмдер ша­шылып қалған болатын. Бір фильм­нің басы бар болса, аяғы жоқ, бір фильм толығымен жо­ғалып кеткен дегендей. Бір ғана мысал, Алматы облысындағы Есік қаласында алты ауданды қамтамасыз етіп тұрған кино­про­кат болған. Жақында сол жақта 17 жыл жатып қалған фильм үлдірлерін алып келдік. Кейбіреулер «бізге осы ескі-құс­қы фильм үлдірлерінің қажеті қанша, CD, DVD дискілерге кө­ші­ріп алсақ болды емес пе, ескісін лақтырып тастау керек» деп жатады. Бір кездері талайын лақтырып та, жағып та жіберді. Бірақ мұны қастандықтан емес, білместіктен жасалған жағ­дай деп түсінгеніміз жөн. Жалпы, кино — жақсы болсын, жаман болсын біреудің маңдай терімен, азды-көпті еңбегімен, ізденісімен, ақыл-ойын жұмсап жасалатын шығармашылық дү­ние, олардың әрқайсысының тағдыры бар. Мынау түкке тұр­майтын фильм екен деп лақтырып тастауға әсте бол­май­ды. Мысалы, Сұлтан Қо­жық­ов­тың «Қыз Жібегі» мен Қажымұқан туралы фильмін салыстыруға келмейді. Бірінің деңгейі өте жоғары болса, бі­рінікі орташадан төмен. Бірақ екеуі де тарих үшін, халық үшін керек. Байқасаңыздар, кейбір фильмдердің титрларында «Ос­тан­кино орталық телевизия­сының тапсырысымен түсіріл­ген» деген жазу шығады. Яғ­ни осы фильмдер — «Остан­ки­ноның» меншігі бо­лып та­былады деген сөз. Біздің 70-80-ге жуық телевизиялық фильм­деріміз сол орталық ки­нос­тудияда қалып қалған. Ал оларды қайта өзімізге қайтаруға қыруар қаржы қажет.
— Қандай жағдайда «Ал­тын қорда­ғы» өнімдерді пай­­далануға болады?
– «Алтын қордағы» ки­но өнімдерін пайдалану – стра­тегиялық мәселе. Мем­лекет­тік тапсырыс бойынша өте ма­ңыз­ды шараларға, айталық, еге­мендігіміздің 20 жылдығына та­ри­хи материал қажет бол­ған жағдайда жоғарыдан рұқсат хат жолдау арқылы қордағы қажетті фильмді тек көшіріп алатындай тәртіп орнату керек. Сондықтан, ең алдымен, қазіргі таңда біз көшіру аппаратына зәруміз. Қор аумағынан ешбір үлдірдің шетке шықпауы қатаң қадағалануы тиіс. Егер фильм ре­жис­серіне бір фильм керек болды ма, ол қор қызметкерлерінің еңбегі мен көшіру аппараты үшін тиісті тиын-тебенін төлеп, өзіне керегін көшіріп алуына болады. Осы тәртіп орындалу үшін де қатаң заң керек.
Ой-түйін
Біз  жерге де, кенге де, мұнайға да бай елміз деп мақтанғанда, алдымызға жан салмаймыз. Сөйте тұра байлығымыздың қызығын көруді басқаларға береміз. Сондай-ақ тарихымыз терең, құндылықтарымыз жетерлік, қазақ тіліндей шұрайлы тіл жоқ деп ауыз толтырып айтамыз да, өзіміз басқа тілде сайраймыз. Баз біреулер бізге келіп, «о, Қазақстан бай, керемет қой» десе, соған марқайып отыра береміз. Бұл біздің қанға сіңген мінезіміз бе, салғырттығымыз ба, әйтеуір осы бір қасиетімізден талай опық жесек те, басымызға бір тимейді. Өзіміздің қолда бар дүниелерімізді көзіміздің қарашығындай сақтаудың орнына жан-жаққа таратып, талан-таражға түскеніне немқұрайды қараймыз. Әбден «аузымыздағы ірімшіктен» айырылып қалған кезде жан-жақтан кінәліні іздеп, дал боламыз да қаламыз. Сондықтан бүгін тындыруға болатын істі ертеңге қалдырмағанымыз абзал болар еді...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста