Қазақ жастары интеллектуалдық банкрот болғалы тұр

Қазақ жастары интеллектуалдық банкрот болғалы тұр

Ресми статистикаға сенсек, бүгінгі Қазақстан халқының 30 пайызға жуығын жастар құрайды. Яғни елімізде 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтардың жалпы саны 4 миллионнан астам. Бұл – үлкен күш. Бірақ сол үлкен күш дұрыс бағытта келе ме? 4 миллион халықты мемлекеттің дамуы мен ұлттың өркендеуіне қалай жұмылдыра аламыз?

Өкінішке қарай, Тәуелсіздік алғалы бір жігіттің отау иесі атанатын уақыты болса да, елімізде жастардың қордаланған мәселесі әлі де толыққанды шешімін таппай келеді. Саяси пікірталастарда айтылып жүрген «Жастар саясатымен мемлекет айналысуы керек пе, әлде белсенді жастардың өздері ме?» деген сауалға да нақты жауап жақын арада беріле қоймас. Аллаға шүкір, қазір елімізде белсенді, иманды жастар өте көп. Дегенмен сол белсенді, патриот жастардан гөрі, көбіне саяси қолшоқпар болуға дайын жастардың жолы болып, қолы жүріп тұр. Ал «Дипломмен – ауылға!» деген секілді ұрандар жастардың жүрегіне үміт ұялатпайды. Бұл жобаны жарнамалауға миллиардтаған қаржы құйса да, жастар арасындағы бұл жобаға деген қыли көзқарасты бұзу қиын болар. Қазір көп жастар бағын ірі қалалардан іздейді. Соңғы 20 жылда идеологиялық бағытта ел саясатын айқындаушы құрылымдар көп кемшілік жіберіп алғандықтан шығар, біздің қоғамда «Дисней» мультфильмдерін көріп, «Кола» ішіп, сүйегі қатайған жастар легі қалыптасты. Батыстық тәрбиеге сай жас ұрпақ әрі прагматик, әрі эгоист болса, бұған да таңданудың қажеті жоқ. Бұл да 90-жылдардан басталып, әлі де жалғасып келе жатқан мемидеологияның жемісі. Әйтсе де, бұл – жастардың өз ұлтын, елін, тілін ойламайды деген сөз емес. Билік пен оппозицияның жастармен жұмыс жасаудағы басты қателігі – жастарды тек саяси науқан кезінде пайдалануы. Аға ұрпақтың мұндай әрекеті болашақта өзіне кері әсер етпейді деп кім айта алады?
Әрине, жас буын өз алтын бесіктерін көркейтіп жатса, ұтыла қоймаспыз. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының идеясында жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мәселесі жатқанын да аңғаруға болады.
Бірақ жобаның жүзеге асу механизміндегі қателік – алдымен «ауылға қандай маман қажет» деген сұраққа жауап таба алмағандығында. Біздіңше, ауылға керек мамандық – менеджмент. Ауылдарда ең алдымен әлеуметтік саланың қызмет ету тетіктерін ұйымдастыру керек, шағын бизнесті дамытатын да – біз айтқан мамандық иелері. Әйтпесе ауылға дәрігер мен мұғалімдерді топырлатып апарғаннан шекеміз шылқи қоймас. Яғни алдымен ауылдың ағзасын емдеп алу керек. Жасы жетпіске келген сарықарын бәйбішелер де жүйе өзгермесе, мектеп мұғалімдігінен өлмей кете қоюға мүдделі емес. Дұрыс ұйымдастыру болмай, ауылға жастарды тартып алып, олардың еңбек күшін дұрыс бағытта пайдаланбау бағдарламаға бөлінген ақшаны желге шашқанмен бірдей.
Бәлкім, жоғарыда айтқан себептен бе екен, жастар арасында сом тұлғаланып жүрген лидер жоқ. Жалпы, елдегі жастар ұйымдарының біразымен барлау түгілі, балыққа баруға болмайтын шығар. Қазақстан Жастар одағының кезінде туған әкесін өлтіруден де тайынбаған Павлик Морозовты үлгі тұтқан комсомолдардың мерейтойын өткізуден қолы босай қоймайтын шығар.
Ал «Сорос» сияқты сырттан немесе елдегі ірі қаржылық кландардың сойылын соғатын жастар ұйымдары «Біз СПИД-ке қарсымыз!», «Мен қауіпсіз сексті қалаймын!» деген секілді, бес-алты әнші-бақсыны шақырып алып, концерт қоюдан әріге аспайды. Бірақ мұндай пиар-акциялардың өзі біздің батыстық мәдениетті озық көретін жас буынды интеллектуалдық банкротқа ұшыратуға жеткілікті сияқты. 90-жылдары өз қалауымен кеткен әрбір жас қалағанын істеді. Біреу сектаға кірді, біреу космополиттенді, тілін ұмытты, қазақ болудан ұялатын деңгейге жетті. Солардың уызының дәмін енді-енді көре бастаймыз. Елдің даму бағытына батыстан батиқа сұрап жүретін олардың да үлес қосатыны анық қой.

Айдос САРЫМ, саясаттанушы:
– Бүгінгі саяси айналымдағы «жастар саясаты» деген ұғымның өзі  түбегейлі түрде қате. Негізінен, бұл ұғым – кеңес заманының тәжірибесінен қалған, пайдасынан гөрі, зияны көп әдістемелік және тұжырымдық бұрмалауға алып келетін, басы бар, аяғы жоқ дүбәра дүние. «Жастар саясаты» дегеніміздің барлығы – негізінен, бүгінгі «комсомолдарға» ғана тиімді жұмыс бағыты һәм табыс көзі. Айналып келгенде, «жастар саясаты» төрт бағыттың аясында іске асырылуы тиіс: білім беру; денсаулық сақтау және спорт; өнер және мәдениет; жұмыспен қамту. Егер осы төрт бағыттағы жұмысты мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар дұрыс атқара білсе, «жастар саясатын» жалпы саясаттан бөліп алып қарастырудың еш қажеті де болмас еді.

P.S.
Тәуелсіз басылымдар жазып, қайта-қайта дабыл қағып жатқан мына мәселеге де назар аудармау мүмкін емес: қазір Қазақстан түрмелерінде 60 мыңдай адам отыр. Яғни түрмеге қамалған адамдар саны жөнінен Қазақстан ішінде дамығаны-дамымағаны бар 20 елдің қатарына еркін еніп отыр. Саусақты бүгіп санап кеп жіберсеңіз, жасы бар, жасамысы бар, қазақ елінде тұратын шамамен әрбір 250-260 адамның бірі темір торда отырған болып шықпай ма? Ал сол абақтыда отырғандардың басым бөлігі 29-ға толмаған жастар екен. Түрмеден адам көп жағдайда не физикалық жағынан ауру болып, не психологиялық тұрғыда күйзеліске ұшырап шығады. Яғни еңбекке жарамсыз. Ал бұл ненің белгісі? Қазақ жастарының интеллектуалдық банкротқа ұшырап жатқандығының бір белгісі емес пе?..

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста