Қазақ тойының хит әндері шетелдіктерді қызықтыруда

Қазіргі таңда қазақ эстрадасындағы әншілердің қалтасының қалыңдығы тойдағы табысымен есептелетіні бәрімізге аян. Бүгінде әншілердің алды тойдан бір жылда миллион доллардан астам табыс тапса, кейбіреуі сахнаға жиі шықпай-ақ, гастрольдетпей-ақ, талай әншінің алдын орап, тойға арналған бір әнімен-ақ танымалдыққа ие болып жүр. Қазақ тойларының хиттері тек өзімізді ғана емес, шетелдіктерді де қатты қызықтыратын көрінеді. «Алаш айнасы» осы хит әндердің құпиясы неде екенін анықтауға тырысып көрген еді.
Қазақстанда той-әндерінің хит парадындағы әндердің көшін бастап тұрған әндердің орындаушысы атақ-абыройға да, ақшаға да кенеледі. Шетелдік әншілер біздің елімізде той-бизнестің қарқынды дамығанын сезсе керек, жайлап қазақтың тойларында жиі қойылатын әндерді репертуарларына қоса бастапты. Оның сыры белгілі. Бірімізден біріміз асып түсіп той жасайтын қазақтың тойына Тимати келіп «Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын» деп ән салса, қуанғанымыздан, жүз мың долларды атып жібермейміз бе? Өйткені біз үшін «пәленшенің тойына түгенше келіп ән салыпты» дегеннің өзі неге тұрады...
Естеріңізде болса, таяуда маңғыстаулық әнші Абай Бегейдің «Аспанға қараймын» әніне ғашық болған кубалық әншілер біздің Абаймен бірлесіп осы клип те түсірген болатын. Кубалықтар осы әнді тіпті өз тілдеріне аударып алып өз елдерінде шырқап жүрген көрінеді. Абай Бегей бұған қуанбаса ренжімейді. Біздің жігіттер мәрт қой, қазақ әніне шетелдіктер де билесін деп қызғаныш білдірмепті. 

Абайға дейін Заттыбек пен Ақылбек те қазақ тойының қөрігін қыздырып, біраз уақыт «Ақ маржан» мен «Қызыл өрікке» билеткен болатын. Бүгінде бұл әндер той хит-парадының орта шеніне түскенімен, көңілдерден кете қойған жоқ.

Ал бүгінде Абай Бегейдің «Аспанға қараймын» әніне нағыз бәсекелес болып тұрған «Мария Магдалина» әнінің орындаушысы Асхат Тарғынов өзіне ешқандай жарнама жасамаса да журналситер сұқбат алу үшін Асхатты іздеп шарқ ұрып жүр екен. Ал Асхаттың жұмыс кестесі өте тығыз, оның тойға барудан қолы тимейді.
Біздің білуімізше, Асхат пен Абайдың әндері тойда өткенінің белгісі олар қазір баспаналы болды, ескі көліктерін жаңаға ауыстырды. Сөйтіп бір әнмен талай әншіні басып озды. Өйткені оларды тойға шақырушылар кезекте тұрған көрінеді. Алдағы уақытта, бұйырса, Абай Бегей кубалық әншілердің шақыруымен қараша айында Куба еліне гастрольдік сапармен барып қалуы мүмкін.
Шетелдіктердің қазақ әндеріне қызығушылық танытқаны жақсы, әрине, бірақ олар біздің әншілерді табысынан айырып жүрмесін деп алаңдап отырған жайымыз бар. Онсыз да біздің шетелде жүрген қалталы жігіттеріміз туған күндеріне Николь Шерзингер секілді әлемдік жұлдыздарды шақырып, қалтасына 164 мың доллар салып жібереді. Бір күні қазақ жігіттерінің жомарттығына қызыққан Николь Шерзингер де қазақтың тойына келіп «Тойбастар» айтса да таңғалмаймыз....

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста