Қазақ саясатын білгіңіз келсе, «Қазақ альманағына» жазылыңыз

Қазақ саясатын білгіңіз келсе, «Қазақ альманағына» жазылыңыз

Ақпарат айдынына қанат қақ­қанына екі жылдай уақыт болса да «Қазақ альманағы» аль­манағы интеллектуалды дең­гейімен ойлы оқырманның іздеп оқитын басылымына ай­налды.

«Қазақ ойы», «Қазақ сөзі», «Қазақ са­­я­­­са­ты», «Қазақ иде­ясы», «Қазақ мис­сиясы» т.б. айдар­ла­ры аясы­мен қа­зақтың жан-жақ­ты да­­­муын мұ­рат ет­кен, тұ­жы­рымды ма­­те­риал­дардың жи­нағы іспетті бұл аль­манах жылына алты рет жарық кө­реді. Аль­манахтың авторлары – қазақ фи­ло­соф­тары, саясаттанушылар, қазақ мәсе­ле­сіне дендеп бойлап жүрген қарым­ды қалам иегерлері. Альманахтың «Қазақ үні» айдары Алаш арыстарының өткен ғасыр басында айтып кеткен, яғни осы күнге дейін өзектілігін жоймаған жанай­қайын жаң­ғыртса, «Қазақ тәржімасы» ай­дары бүгінгі ғаламдық, адамзаттық ой толғайтын әлем оқымыстыларын сөйлетеді. Ал «Қазақ сөзі» айдары сүбелі сұхбат ұсынады. Сұхбат жеке бастың я болмаса белгілі бір мәселеге қатысты емес, елдік бірлік, мем­ле­кетшіл сана, қазақ миссиясы енді қалай болуы керек қақында терең ой, тың пікір­лерді арқау етеді. «Қазақ идеясы» ай­да­ры­мен альманах қазақ ұлтшыл­да­ры­ның «қайт­сек қазақ мемлекетін қуатты елге ай­нал­дырамыз» деген асыл арманын жария­лап келеді. «Қазақ ойы» айдары қазақ­тың бүгінгі пәлсафалық ой тұжы­ры­мын наси­хат­тауда. Осындай мазмұны бай аль­ма­нах­тың безендірілу мен типо­гра­фия­лық сапасы да бүгінгі күнге сай жасалған.
Құрметті оқырман, қазіргі жаңашыл қазақ­тың ойын, қазақтың саясатын, қазақ­тың миссиясын білгіңіз келсе «Қазақ аль­ма­нағын» оқыңыз. Альманахқа жазылу жүріп жатыр. Мұраты биік басылымға «Қаз­­пошта» АҚ-ның кез келген бөлімшесі ар­қылы жазылуға болады. Жеке тұлғаға бір жылға жазылу – 2065 теңге. Ал заңды тұлға үшін – 2365 теңге. «Қазақ аль­ма­на­ғы» туралы қалған мәліметті осы жылғы бас­па­сөзге жазылу каталогының 117-беті­нен көре аласыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста