Қазақ руханиятының қамқоры

Үстіміздегі жылы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің өмірге келгеніне 115 жыл толды. Осыған орай оның құрметіне кіндік қаны тамып, ат жалын тартып мініп, азамат болған туған топырағы Сыр өңірінде мәдени шаралар өткізіліп жатыр. Оған жергілікті жұрт белсенді түрде атсалысуда.
Алғашқы күнгі шара дария бойындағы басты өнер ордасы – Н.Бекежанов атын­дағы драма театрында бастау алды. Онда «Қазақ руханиятының басты жұлдызы» атты арнайы кеш ұйымдастырылды. Бұл шараны облыс әкімі Қырымбек Көшер­баевтың қолдауымен облыстық мәдениет басқармасы өткізді. Аталмыш шараға жинал­ған жұрт театр фойесінде Т.Жүр­ге­нов атындағы Қазақ ұлттық өнер акаде­мия­сының қылқалам шеберлерінің туындылары қойылған көрмені тама­ша­лады. Онда оқу ордасында дәріс беретін А.Дүзелханов, К.Каметов, Б.Байділда,  Ә.Бапанов сынды шетел мен елімізге белгілі қылқалам иелерінің туындылары бар. Келесі кезектегі шара аталмыш акаде­мия­ның өнер шеберлерінің концерттік бағ­дар­ламасына ұласты. Бұл шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Алатау баурайынан арнайы ат терлетіп келген мәртебелі мей­мандарға ризашылығын білдіріп, шығар­ма­шылық табыс тіледі. Одан кейін жергі­лікті көрермен қауымға танымал режиссер Қалила Омаровтың  Т.Жүргеновтің өмір жолы жайында түсірілген деректі фильмі­нен үзінділер көрсетілді. Өнер акаде­миясының студент­тері «Арыстар аманаты» дрмалық прологі мен «Астана-Бәйтерек» поэтикалық ком­по­зициясын орындап, жұртшылықтың жылы ықыласына ие болды. Қызыл­орда­лық көрермендерге Нұр­ғали Нүсіпжанов, Толқын Забирова, Жеңіс Сейдоллаұлы, Ұлжан Байбосынова және өзге де өнер иелері ән мен жырдан шашу шашты.
Кеше Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Қазақстандағы білім, мәде­ниет, өнерді қалыптастыру мен дамытудағы Темірбек Жүргеновтің рөлі» тақырыбында шығармашылық кеш өткізілді. Жиынды университет ректоры Қылышбай Бисенов ашып, жүргізіп отырды.
Келесі кезекте Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов өткен ғасырдың 20-30-шы жылдарында елдің өзгемен тере­зесі тең болуы үшін аянбай еңбек еткен қай­раткер қандай да құрметке лайық еке­ніне тоқталды. Қайсыбір кезеңде ұлт зия­лы­лары арман еткен азаттық таңының атқа­нын біз бүгін көріп отырғанымызды жеткізді.
Асанәлі ӘШІМОВ, Қазақстанның Халық әртісі:
– Темірбек Жүргенов қазаққа мәдениет, өнер, ғылымға жол ашқан, көп адам­ның бағын ашқан, оларға бағыт бер­ген, жас та болса бас болған ардақты азамат. 1936 жылы Қазақ­станның Мәскеу қаласында мәдениет декадасы болды. Сол күндерді өткізуге қазақ әдебиеті мен өнерінің майтал­мандары аттанды. Аталмыш шара барысында жоғарыдан міндетті түрде халық ақындарын қатыстыру қажеттігі туралы тапсырма берілді. Осыдан кейін Т.Жүргеновтің жарғақ құлағы жастыққа тимей, елдің арасынан сондай өнер иелерін іздеді. Соның нәтижесінде кейіннен қазақ халқының ардақ тұтар ақсақал ақынына айналған Жамбыл Жабаевты іздеп тапты. Мәскеу жұрт­шы­лығы қазыналы қарттың өнеріне қоше­метпен қол соқты. Қазақ қайраткері қан­шама өнер иелеріне қамқорлық көрсеткенін тарих беттерінен бәріміз жақсы білеміз.

Өнердің өрлеуіне қаншама еңбек сіңірген Т.Жүргеновті қаншалықты құрмет­теп отырмыз? Оның туған жері Сыр өңірін­де қандай игі шаралар атқарылған? Туған жерінде ардақты азаматтың еңселі ескерт­кіші асқақтап тұрғаны артық емес. Сондай-ақ Қызылорда қаласының орталық көшелерінің біріне оның есімі берілгені дұрыс деп ойлаймын. Қазір оның атын­дағы көше облыс орталығының елеусіздеу бөлігінде орын тепкен екен.
Жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабеков Алаш ардақтысына айналған абзал азамат жайында мағыналы естелік әңгіме айтты. Сол бір кезеңде ұлттық тақырыпта ой қозғап, сол мақсатта еңбек еткен азамат­тарға үлкен қауіп болғаны жасырын емес. Алайда Т.Жүргенов оған қасқайып қарсы тұра білген қайраткер болды. Ел басына келген кейбір солақай саясатқа әуес атқамінерлерге бұл тұрғыда өзінің ой-пікірін ашық жеткізе білді. Соның нәти­жесінде сан алуан өнер ордасының тұсауы кесіліп, қаншама білім ұялары бой көтерді.
Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:
– Болашақтың кілті білімде екенін түсінген ардақты азамат осы жолда қаншама жұмыс жасады. Халықтың сауаттылығын ашуға мән берді. Мәде­ниет саласын түлете білді. Тұңғыш оқу-ағарту комиссары болды. Тоталитарлық жүйенің қылышынан қан тамып тұрған кезінің өзінде қазақтан шыққан білікті мамандарды дайындауға көңіл бөлді. Ол кезде бұлай әрекет ету қасыңнан өтіп бара жатқан ажалды айқайлап шақырып алғанмен бірдей болатын. Ұлы тұлғалардың ұлағатты мерей­той­ларын атап өткен кезеңде олардың аруағы алдындағы перзенттік пары­зы­мызды өтейміз. Дегенмен біз қазақ халқы үшін тынбай тер төккен қайрат­керлерді әлі де өз деңгейінде наси­хаттай алмай жүргеніміз ақиқат. Өзгені насихаттауға келгенде алдымызға жан салмаймыз. Мәселен, көршілес Оңтүс­тік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында орыстың ақыны әрі әртісі Владимир Высоцкийге арнал­ған арнайы мұражай бар. Өкінішке қарай, ол қазақ үшін қандай еңбек сіңірді? Бірде-бір қазақ әнін репер­туа­рына қосқан жоқ. Ал өзімізге келгенде тарылып қаламыз. Сондықтан Темірбек Жүргеновті жоғары деңгейде наси­хат­тау керек деп санаймын.

Аталмыш мәдени шара барысында  Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Арыстанбек Мұхамедиұлы ұлтымыз үшін өшпес өнеге көрсеткен қайраткер жайында қысқаша пікірін білдірді. Оның айтуынша, біздің халқымыздың болашағы жарқын болуы үшін ерен еңбек сіңірген азаматтың өнер саласында атқарған еңбегі ұшан-теңіз. Сол бір қиын-қыстау қарбаласқа толы қалып­тасу жылдарында Т.Жүргенов қазақтың өнері мен мәдениетінің өркендеуі жолында қаншама тер төкті. Сырдың бойында өмір есігін ашқан қайраткер уақыт өте келе ұлт­тың ұлық тұтатын ардақты ұлына айналды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста