Қазақ прозасындағы әйел тағдыры

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде «Ай-Ару» рухани-танымдық студент қыздар орталығының құрылғанына бір жылдың жүзі толды.
Жастардың ғылыми-шығармашылық жұмыспен айналыссам, руханият дүниесіне үлесімді қоссам дейтін үмітін үкілеуге, сол арқылы дүниетанымдық ойлау мәдениетін, рухани-зерделілік танымын, зерттеушілік ізденісін қалыптастыруды көздейтін атал­мыш Орталықтың кезекті шарасы қара шаңырақ табалдырығын аттаған әрбір жастың оқуы, көңілге тоқуы тиіс деп есеп­те­летін, әлі де толыға берер, өзге жоғары оқу орындары тарапынан қолдау табар, ҚазҰУ жастарының үндеуіне үн қосар деген ниетпен университет басшылығы тарапынан басталған  «Жүз көркем туын­ды» жобасы аясында республика  жоғары  оқу орындары студенттері арасында өткізіліп отырған «Қазақ прозасындағы әйел тағдыры» атты ғылыми-тәжірибелік форумның да басты ұстанымы десек, артық емес.
– Орталықтың мақсаты – жаһандану дәуірінде өмір сүріп отырған жастарымыз­дың   рухани уыздан ажырап қалмауын, көркем шығарма оқуға деген құлшынысын арттырып, ата дәстүрге, әдет-ғұрыпқа де­ген адалдықтан айнымауын, біліміне қоса білігін, тәрбиесіне қоса танымын тәрбие­леп, сол арқылы көркем әдебиеттің көк­жиегін саралауда өзіндік ой-тұжырымын қалыптастыруға дағдыландыру, ғылыми ізденіске баулып, зерттеушілік қарым-қабілетін   шыңдау, болашағына үміт ұяла­ту, – дейді «Ай-Ару» рухани-танымдық студент қыздар Орталығының жетекшісі, профессор Қ.Мәдібай.
Форум жұмысына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Қазақ мемлекеттік қыздар педагоги­калық университеті, С.Демирел атындағы университет, Тараз мемлекеттік педагоги­калық институтының жас ізденушілері қа­ты­сып, қазақ қызының қилы тағдыры, ары мен азабы, өрлігі мен ерлігі арқау болған, алаш әдебиеттану ғылымында өзіндік бағасын алып үлгерген Жамал, Ақбілек, Шұға, Шолпан, Ботагөз және т.б. бастаған қазақ әйелдерінің көркем бейнесі, қазақ әдебиетіндегі әйел-ана тағдыры  бүгінгі күн тұрғысынан бағаланып, көркем туын­дыдағы әйел-ана бейнесінің сомдалу ерекшелігі, образ шынайылығы, авторлық ұстаным, көркемдік, шеберлік, стиль т.б. мәселелердің жас буын өкілдерінің көзқа­расы деңгейінде саралануы, ұлттық про­заның өткені мен бүгінін зерделеуге деген жас толқынның ынта-ықыласы өркениетке қадам басқан өсер елдің, рухани қажет­тілікке ұмтылған, көркем шығарманың баға жетпес құнын, қадір-қасиетін зерде­леу­ге талпынған өскелең жастың игі қадамы, сәтті талабы демеске шарамыз жоқ. 
Ғылыми форумды факультет деканы, профессор Қ. Әбдезұлы кіріспе сөзбен ашып, қатысушыларға сәт-сапар тіледі. Екі кезеңнен тұратын алқалы кеңеске М.Қо­жах­метова, Қ. Әбілда, К. Ахмет, С. Ержано­ва, Қ. Әжиев, Ә. Бөпежанова сынды жазу­шылар, әдебиеттанушы-ғалымдар қазы­­лық жасап, болашақ әдебиетшілердің ғылым жолындағы алғашқы қадамдарына, ілгерішіл ізденістеріне, жаңашыл пайым­дауларына тәнті болды.
Қазақ әдебиетінің бүгіні, болашақ-бағдары, жастардың көркем әдебиетке деген құлшынысы, кітап оқу мәдениеті жайында пікір алмасу, ой өрбіту т.б. мәсе­ле­лерге ұласқан келелі жиынның тұщымды баяндамалары негізінде ғылыми жинақ әзірленіп, таяу күндері жарық көретін болды. Университет мұражайын аралап, Студенттер сарайындағы мерекелік қойы­лым­ды тамашалаған форум қонақтарының ұйымдастырушыларға деген алғысы да шексіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста